29 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда енді Иманбекке ескерткіш орнату ұсынылды

24 сентябрь 2021, 17:35
Қазақстанда енді Иманбекке ескерткіш орнату ұсынылды
Павлодар облысында аймақ басшысының қатысуымен Жастар бастамаларын дамыту орталығында өткен креативті индустрия жұмыскерлерімен кездесуде жаңа шығармашылық орталығын ашу, креативті кәсіпкерлерді қолдау және Иманбек пен Скриптониттің жетістіктерінің тарихы туралы сөз болды, деп хабарлайды zakon.kz Павлодар облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Диалогтік алаңға креативті индустрияны дамыту жөніндегі республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Жумин Данат қатысты. Ол Павлодар облысы креативті индустрияны дамытуда еліміздің перспективасы жоғары аймақтарының бірі екендігін және қазіргі кезде креативті индсутрияны дамыту концепциясы құрастырылып жатқанын айтты.

- Бұл жұмыстың басты мақсаты – ұлттық экономиканы дамыту, мүмкіндік болса, неге шығармашылық арқылы пайда таппасқа, - деп атап өтті Данат Жумин. – Бүгінгі таңда креативті индустрия қазақстандық ЖІӨ-ің 2,3%-ын құрайды. Бұл салада еліміздегі жұмыскерлердің 3,6%-ы қызмет етеді. Әзірше біздің заңнамада креативті индустрияның нақты анықтамасы жоқ, яғни, бұл дегеніміз онымен айналысатын өкілетті орган мен саланы дамытудың нақты саясаты да жоқ деген сөз. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары креативті индустрия саласына бағытталмаған, бұл салада білікті мамандар да жетіспейді.

Елордалық қонақ креативті индустрияны толыққанды дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қажет екенін атап өтті. Еліміздің қалалары мен ауылдарында шығармашыл адамдар өз күштерін байқап, пікірлестерінің тәжірибесін көре алатын, өз өнімдерін шығаратын орындар аз. Облыс орталығында бұрынғы теміржол колледжінің базасында келесі жылы іске қосу жоспарланған "Technikum" шығармашылық орталығы осындай тартылыс орталығына айналуы тиіс. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов атап өткендей бұл орталыққа кез келген адам келе алады.

- Өздерінің талантымен бөліскісі келетін, бірақ қайда барарын білмейтін көп адам бар, - деді әкім. – Сондықтан біз спортпен айналысып, шығармашылық жәрмеңкелер мен шеберлік сыныптарын өткізіп, жаңа білім алуға болатын орталық ашуды шештік. Бұл орталық шығармашылық қауымдастығы бас қосып, креативті идеялар туындайтын кездесу орнына айналады деп үміттенемін. Орталықтың жобасы жақын арада мемлекеттік сараптамадан өтіп, келесі жылы оны жүзеге асыруға қажетті қаржыны бөлетін боламыз.

Данат Жумин жобаға оң бағасын беріп, орталықты құрудан бөлек оны дұрыс басқару қажеттігін еске салды. Сондықтан, аймақ басшысы бірден шығармашылық орталықтың директорына конкурс жариялады. Әбілқайыр Сқақов бұл лауазымға өз кәсібі бар, қатып қалған шенеунік сияқты емес, шығармашыл адам болуы керектігін айтты. Үміткер шығармашылық орталықты басқаруға дайындалуы керек. Креативті индустрияны дамыту жөніндегі республикалық жобалық кеңсенің өкілдері қажет адамды табуға көмектесетіндерін айтты.

Кездесу соңында павлодарлық креативті индустрия саласының жұмыскерлері өз идеяларын айтты. Мәселен, Ақсу қаласының тұрғындары "Грэмми" музыкалық премиясының бір номинациясын жеңіп алған жерлестері – диджей әрі продюсер Иманбек Зейкеновтің құрметіне ескерткіш орнатуды ұсынды. Әкім бұл ұсыныс қаралатынын айтып, алайда, өз тарапынан жеке-дара күшімен жетістікке жеткен павлодарлықтардың табысқа жету жолы туралы фильм түсіруді ұсынды. Киноның сюжетіне Иманбек немесе өңірдің тағы бір тумасы – талантты рэппер Скриптониттің табыс жолын алуға болады.

Просмотров материала: 1 545

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 024 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 591 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 126 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 179 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 526 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 231 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 335 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 618 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 037 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 148 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 527 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 415 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 560 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 374 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 206 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 651 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 451 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 543 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 308 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 250 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 084 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 924 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 218 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 146 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 646 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 423 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 974 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 236 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 606 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 990 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 932 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 017 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 970 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 186 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 339 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031