22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев: Мен Қазақстан жастарына сенемін!

30 апрель 2021, 16:10
Тоқаев: Мен Қазақстан жастарына сенемін!
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айырықша үлес қосып келе жатқанын айтты. Олар біздің халқымыздың мақтаныштары, өзге елдер Қазақстанды осы азаматтар арқылы танып, бағалайды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақтың қандай халық екенін жер жүзіне танытып жүрген бірнеше азамат осы жобаның жеңімпазы атанды. Біз түрлі салада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек. Өйткені табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді, ұқсауға тырысады. Мен еліміздің әрбір перзенті сіздер сияқты өнегелі болсын деп тілеймін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтардың елімізді алға жетелейтініне сенімді. Президент Тәуелсіздік кезеңінде өсіп жетілген буынның қарым-қабілетін жоғары бағалады.

Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент қоғамдағы бірлік пен келісімнің, барша қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің арқасында дамуда айтарлықтай алға ілгерілегенімізді атап өтті.

Бұл жерде біздің жетістіктерімізді көрсететін көптеген сандар мен деректерді мысалға келтіруге болады. Бірақ барлық табыс адамдардың берекелі өмірімен, жеткен жетістігімен және кемел келешекке ұмтылысымен өлшенетінін есте ұстауымыз керек. Сіздер еліміздің байлығы екендеріңіз сөзсіз. Өсіп-өркендеген, әділетті, дамыған Қазақстанды құру сіздерге жүктеледі. Сондықтан адам капиталын жан-жақты дамыту біздің мемлекетіміздің басты басымдығы болған және солай бола бермек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев: Мен Қазақстан жастарына сенемін!


Осы уақытқа дейін "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына 7,5 мың адам қатысып, еліміз талай талантты, талапты қазақстандықтардың атын таныды.

Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды. Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана "Grammy" сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдесіз. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Жобаның әрбір қатысушысына қарата айтқан сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев олардың жетістігі Қазақстан табысының көрінісі екенін, олар өздерінің патриоттық әрекеті арқылы барша қазақстандықтарды ынталандыратынын атап өтті.

Сіздердің жетістіктеріңіз кез-келген статистикадан артық. Осынау керемет жоба сіздерді одан әрі дамуға ерекше талпындырып, қоғам мен ел игілігі үшін жаңа идеяларды іске асырудың кең көкжиектерін ашты деп сенемін. Еліміз өзінің дарынды жастарының көптігімен мақтана алады және мақтануға тиіс. Қазақстанның болашағы сіздердей прогрессивті, талантты, патриот жастардың қолында. Сіздер мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болуларыңыз керек. Ал біз, яғни аға толқын, осы айтқан сөзіміздің шындыққа айналуы үшін барлығын жасаймыз, – деді Президент.

Мемлекет шығармашылыққа, білім мен ғылымға, жастарды қолдауға баса назар аударып отыр. Осы жолда тиімді әлеуметтік лифт қалыптастырудың орны бөлек. "Болашақ" халықаралық стипендиясы, Президенттік жастар кадрлық резерві өскелең ұрпақтың ел дамуына өз үлесін қосуына мол мүмкіндік беріп отыр.

Біздің ұлтымыздың бойында креативті индустрияны дамытудың аса зор мүмкіндігі бар. Дәл қазір креативті экономика миллиардтаған доллар инвестиция тартудың, тұрақты экономикалық өсудің, әлеуметтік өркендеудің бірден-бір жолы. Қазақстан мәдениетінің өкілдері өңірлік және жаһандық деңгейде өз орындарын ойып тұрып алып жатыр. Біз осы мүмкіндікті еліміздің мәдениетін әлемге танытудың жолы ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтан мен Үкіметке осы стратегиялық маңызды саланы қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, креативті индустрияны дамытудың тиімді бір тәсілі ретінде заманауи қазақстандық айдентиканы қалыптастыру қажет.

Президент жоба қатысушыларының идеясы мен ұсыныстарын іске асыру үшін оларды орталық мемлекеттік орган басшыларымен жүйелі түрде кездестіріп тұру қажет деп санайды.

"Жүз жаңа есім" жобасы қазақстандық арманның анық іске асқанын көрсетеді. Әрбір талантты, еңбекқор, мақсатшыл адам осы заманның батыры және ұлт мақтанышы бола алады. Сіздер сияқты табысты азаматтар неғұрлым көп болса, еліміздің бәсекеге қабілеті соғұрлым арта түседі. Халқымыздың мерейі де үстем болады. "Жүз жаңа есім" жобасының мақсаты да – осы. Қазіргі заман – білім мен ғылымның дәуірі. Санасы сергек, ойы ұшқыр жастарды ел үшін аянбай еңбек етуге шақырамын. Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Мен Қазақ елінің жастарына сенемін! – деді Мемлекет басшысы.

Онлайн форматта өткен "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарының кездесуінде ерікті-студент Дарын Әбілжанов, ғалым, адамдар мен жануарларға вакцина әзірлеуші Қайсар Табынов, ІТ-маман, робот техникасы мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов, химия пәнінің жас оқытушысы Ұлан Үсенов, сызу пәнінің мұғалімі, өз ауылында көпір салу бастамасын көтерген Ахат Рақышев, инженер-өнертапқыш Санжар Тайжан, АҚШ-тың хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Бұлбұл Қартанбай, эколог Екатерина Вибе, сондай-ақ, ақын, әлем әдебиетін қазақ тіліне аударып жүрген Серікжан Қажытай сөз сөйледі.
Просмотров материала: 844

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 207 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 023 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 678 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 698 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 005 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 662 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 832 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 909 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 149 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 293 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 660 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 394 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 499 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 844 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 731 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 129 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 355 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031