24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысындағы суицид: тұрғындар мектеп директорының өліміне оның орынбасарын кінәлайды

Алматы облысындағы суицид: тұрғындар мектеп директорының өліміне оның орынбасарын кінәлайды
Алматы облысында ауыл халқы мектеп директорының суицидке баруына оның әріптесін кінәлап отыр. Ұйғыр ауданында болған білім саласындағы жанжал әлі өршіп тұр. 46 жастағы мектеп директоры өзін-өзі өлтіргеннен кейін ауыл тұрғындары Үлкен Ақсу мектебіндегі директордың орынбасарын жұмыстан босатуды талап еттті. Олар директордың өліміне орынбасары кінәлі деп санайды. Қарсылық ретінде ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ұйғыр ауданындағы бірнеше ауыл тұрғындары қаралы хабардан әлі есін жия алатын емес. Мектеп директоры 10 қыркүйек күні кешке өз үйіндегі қорада асылып өлген. Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, марқұм білім саласында ширек ғасырдан астам уақыт еңбек еткен.

«2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Үлкен Ақсу ауылындағы Ғ.Садуақасов атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс жасаған. Үйленген, отбасы бар. Оқиғаның себебін біз айта алмаймыз, қылмыстық іс қозғалды», - деп қысқа қайырды басқармадағылар.

Өңірдің білім саласына жауапты тұлғалар оқиғаның себебін жасырғанмен, оны бүкіл ауыл білетін болып шықты. Директор мен оның орынбасарының арасындағы ұзақ жылдық дауды ауыл тұрмақ, аудандағылар да білген. Бірақ бәрі оқиғаның соңы өліммен аяқталады деп ойламаған.
Алматы облысындағы суицид: тұрғындар мектеп директорының өліміне оның орынбасарын кінәлайды



Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл іске аудан әкімінің де қатысы. Ақсулықтар осыдан екі жыл бұрын аудан әкімінің сыныптасы Марат Мұхамедовті директордың шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары ретінде тағайындамаса, қайғылы оқиға болмас еді деп санайды. Орынбасар қызметіне кіріскен сәттен бастап бастығымен ерегесуді бастаған. Жоғары лауазымға ие болған Мұхамедов мектептегі әрбір техник пен аула сыпырушының жұмысынан кінә іздеп, қызметкерлерге тыныштық бермеген. Тіптіп, гүлді суғару мен күзетшінің отырғаны да жаңа бастыққа жақпаған.

«Қызметкерлер шаруашылыққа жауапты бастығына шағымдануға келген сайын, директор қақтығысты шешуге тырысатын. Мұхамедов тарапынан қызметкерлерге шабуыл мен қудалау шегіне жеткен жоқ. Дараев мұғалімдер кабинетіне Мұхамедовті шақырып ұрысқанда, директордың орынбасары оны елеген де жоқ. Содан кейін ашуланған әйелдер мен жас мұғалімдер полицияға арыз жазды. Алайда Ұйғыр ауданының полиция басқармасы директордың орынбасарын жауапқа тартпаған, өзара татуласуға шақырған», - деді мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Зульфия Рошанова.

Мектептің шаруашылық ісіне жауапты Мұхамедов мұғалімдер мен тазалыққа жауапты қыз-келіншектерге қырындап, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Мұғалімдер оның мектеп қабырғасында жасаған әдепсіз әрекеттері туралы әлеуметтік желіге және Алматы облысының білім басқармасына да жазған екен. Тексеріс нәтижесінде ұстаздар мен техникалық қызметкерлерді қудалау фактілері расталып, Марат Мұхамедов қызметінен босатылады. Бірақ орынбасар жұмыстан бас тартқысы келмей, Ұйғыр аудандық сотына талап арыз берген. Бір қызығы, сот директордың бұйрығын заңсыз деп тапқан. Өйткені, мұндай еңбек дауларын шешкен кезде тек білім беру қызметін атқаратын адамдарға қатысты жұмысты тоқтатуға рұқсат етіледі екен. 9 маусым күні соттың шешімімен М.Мұхамедов бұрынғы қызметіне қайта қабылданады. Сонымен қатар, ол мәжбүрлі түрде жұмысқа келмеуіне байланысты 381 мың теңге өндіртіп алған.

«Мектептегі оншақты әйел арыз жазған. Оларға Мұхамедов сексуалдық әрекеттер жасаған. Оның бойында адамгершілік құндылықтары жоқ. Алайда шағымданушылардың денесінен жарақат немесе жыныстық қатынас әрекеті болмаған соң, іс дәлелденбеді. 10 маусым мен 26 тамыз аралығында Мұхамедов еңбекке жарамсыз парағын аштырып, жұмыста болмады. Сол аралықта ол барлық құзіретті мекемелерге директордың үстінен арызды бұрқыратып жаза берді. «Жеп қойды» деген. Бірақ ол дәлелін тапқан жоқ. Сонда да арыз жазуын тоқтатпады», - дейді Ұйғыр аудандық білім бөлімінің басшысы Адылжан Аширов.



Мектеп ұжымында жүзден астам адам жұмыс істейді. Мектепте 684 оқушы бар. Екеуінің арасындағы жағдай 2020 жылдың желтоқсан айында басталған.

«Ұжымда моральдық-психологиялық ахуал ауыр. Мұғалімдер екі топқа бөлініп, балаларға білім берудің орнына, бір-біріне қарсы айыптаушы дәлелдерді іздей бастаған. Ал оны реттеу мүмкін болмай қалған кезде, бірнеше мұғалім Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахуновпен кездесуге барды. Кеше ғана мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы адамды тағайындадым, бүгінде сол жаққа барам. Сабақ кесте бойынша уақытылы өтіп жатыр. Адам өлген соң Мұхамедовпен ауылдың жігіттері де, ауыл ақсақалдары да сөйлесті. Жасы 51-де, сөйлескенде келіседі де, кейін айнып қалады, тыңдамайды», - деді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Жаңа оқу жылы басталғанда, қызметкерлер бір-бірімен әліде дауласып жүрген. Сосын аудандық әкімдікте өткен жиыннан соң екеуі де жұмыстан кету туралы арыз жазбақ болады. Куәгерлердің сөзінше, 6-10 қыркүйек күні директор қызметінде жүрген. Мектепте болатын әдеттегі жанжалды ешкім байқамаған. Директор сөзінде тұрып, мектептегі адам төзгісіз моральдық-психологиялық ахуалды тоқтату үшін жұмыстан кету туралы арыз жазады. Марқұм Азизжан Дараевтың жалғыз қалауы – аудан әкімі ұжымға жағдайды жеке өзі түсіндіріп, мұғалімдердің әрі қарай тыныш жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Ал оның орынбасары қызметтен өз еркімен кету туралы ойынан айнып қалады.



Кеше Үлкен Ақсу ауылындағы 50 жуық отбасы аудан әкіміне талап қойды. Жанжалдан шаршамаған Марат Мұхаметовты қызметінен босатпайынша, олар балаларын мектепке жібермейтінін мәлімдеді. Ұйғыр аудандық білім бөлімі наразылық білдірушілердің тілегін қанағаттандырды. Тергеу аяқалғанша директордың орынбасары жұмыстан уақытша шеттетілді.

Ал, 46 жасқа қараған шағында өмірі қиылған жоғары санатты мұғалімнің артында үш баласы қалды. Олардың екеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Аудандық полиция басқармасы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Просмотров материала: 650

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 528 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 359 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 000 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 024 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 332 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 491 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 664 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 733 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 925 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 069 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 450 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 119 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930