19 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Оқушыны ұрғаны үшін" жұмыстан қуылған мұғалім директорды сотқа берді

Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданында мектеп мұғалімінің берген арызы негізінде сот ісі басталды. Мектеп директоры мұғалімді «балаларды ұрғаны үшін» босаттым дегенімен, бұйрықта бұл мәселе басқаша көрсетілген, деп жазады Азаттық.

Назира Әбирова Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қайназар ауылында тұрады. Осындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ол өзінің жұмыстан «заңсыз шығарылғанын» айтып, Азаттыққа шағымданды.

ДИРЕКТОР ІСІНІҢ ХИКАЯСЫ

- 2016 жылы тамыз айында ауыл тұрғындары мен бір топ мұғалім директордың үстінен «заңсыз ақша жинайтынын» айтып арыз жазған болатынбыз. Сол арыз негізінде аудандық прокуратура мен қаржы полициясы тарапынан тексерістер жүргізілді. Директор 2017 жылы қаңтарда қызметінен алынды, - дейді Назигүл Әбирова істің-мән-жайын түсіндіріп.

Директордың ақша жинайтынын айтып арыз жазғандардың арасында Назигүл Абировамен бірге сегіз мұғалім болған екен. Солардың бірі – Гүлнар Еркенова «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінен келген тексерушілерге «Мектепте ақша жинаудың жиі болатындығын растап, қол қойып берген болатынбыз. Сол тексерудің нәтижесінде директор орнынан кеткен. Екі айдан кейін қайтып келді» деді.

Аудандық білім басқармасының өкілі Үміт Дәулетжанқызының айтуынша, «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп директоры Табысхан Абылайхановтың үстінен түскен арыз-шағымдар негізіндегі тексеру жұмыстары 2016 жылы басталып, 2017 жылы аяқталған»

- 2016 жылдан бастап мектеп директорының үстінен аудандық прокуратурадан және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінен тексерулер басталған болатын. Тексеру нәтижесінде прокуратура «Абылайхановты қызметінен алу туралы ұсыныс» берді. Біз сол ұсыныс негізінде 2017 жылы қаңтар айында ол кісіні орнынан алдық. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «ақша жинауға қатысты іс материалдары жеткіліксіз» деп қозғалған істі жапты. Және де аудандық прократура әуелі де өздері берген ұсыныстан он күннен кейін бас тартты. Соның негізінде Абылайханов аудандық білім бөлімін сотқа беріп, қызметіне қайта оралды, - дейді.

«БАЛАНЫ ҰРҒАНЫ ҮШІН ЖҰМЫСТАН БОСАТТЫМ»

Бірақ Табысхан Абылайханов мұғалімді «үстімнен арыз жазғаны үшін емес, балаларды ұрып, қорлағаны үшін жұмыстан босаттым» дейді.

- 2017 жылы 4 желтоқсаны күні маған оқушылардың бірінің анасы Гуля Талипова келіп, Назигүл Әбированың үстінен шағынды. «Менің баламды ұра береді. Басын партаға да, қабырғаға да ұра береді» деді ол. Ол бүкіл кластың балаларын солай ұрады екен. Сосын мен «Жалғыз сенің балаңды ұра ма деп едім, жоқ, барлық баланы ұрады екен» деді. Сосын мен «барлық баланың ата-анасын шақыр. Арыз жаз. Біз арыз бойынша қараймыз» дедім. Содан кейін 2017 жылы 6 желтоқсан күні бір топ ата-аналар келді. Олардың айтуынша балаларын бір емес, бірнеше рет ұрған. Әбированың өзін шақырдық. Ол барлық ата-аналардың көзінше «балаларды ұрғаным рас. Бірақ сіздер кешіріңіздер» деді. Сонан кейін ата-аналар «Әбирова біздің балаларға сабақ бермесін» деп талап қойды. Ол да жарайды «мен сабақ бермеймін» деп келісті. Бірақ екі күн өткеннен кейін айтқанынан бас тартып, түсініктеме де жазбай қойды, - деді Табысхан Абылайханов сот кезінде.

Мектеп директорының айтуынша 2014 жылы Әбированың ұрысқанына шыдамаған оқушының «өзін өзі өлімге итермелеп, дәрі ішкен жағдай да» болған-мыс. Ауыл іші болғандықтан ол іс ауызша ескертумен ғана шектелген.

Бірақ Әбированы жұмыстан босату туралы бұйрық баланы ұрғаны үшін емес, сабақтан қалғаны, мектеп кезекшілігін өткізбегені және оқушылардың үлгерімінің төмен болғаны үшін берілген бұйрықтар негізінде шығарылған.

Жұмыс берушінің Әбировамен еңбек келісімін бұзу туралы №12 бұйрығында оның бұрынғы ескертулер тізбектеле келе «сынып кезекшілігіне 22 минут кешіккені үшін», «6 Б сыныбында сабақ өткізбегені үшін», «педагогикалық кеңестің шешімі негізінде өз пәні бойынша төмен сапа үлгерімін көрсеткені үшін» жұмыстан босатылғаны жазылған.

ТЕКСЕРІС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС

Назигүл Әбированың «жұмыстан негізсіз босатылу» туралы жазған арызы негізінде Шоқан Уәлиханов атындағы Қайназар орта мектебінде аудандық білім бөлімі тарапынан тексеру жұмыстары да жүргізілген.

Тексеру жұмыстарына қатысқан аудандық білім бөлімінің өкілі Үміт Дәулетжанқызы «Мектеп директоры тарапынан Назигүл Абированың атына берілген ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс негізсіз болып шықты. Дәлелденбеді.

Сол себепті аудандық білім бөлімі мектеп директорына «Әбировамен келісе отырып оны қайтадан жұмысқа алу туралы» ұсыныс» жасаған болатын. Бірақ, екі арадағы еңбек дауына қатысты сот ісі басталғандықтан Табысқан Абылайханов ұсынысты қабыл алған жоқ» дейді.

Азаттық тілшісі Табысхан Абылайхановтың өзімен де тікелей сөйлескен еді.

- Менің жұмыстан кетуім де заңсыз болды. Әлдебіреулер ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдерін ұйымдастырып үстімнен арыз жазғызды. Соның кесірінен менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ ақша жинағаным дәлелденбеді. Сонда да прокуратура «көп жыл бақылаусыз кеткені үшін қызметінен алынсын» деген ұсыныс жасады. Мен қайтадан сотқа беріп, орныма оралдым. Ал Әбированы оқушымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтыны, мектеп әкімшілігімен тіл табыса алмағаны үшін жұмыстан босаттым, - дейді ол.

Назигүл Шоқан Уәлиханов атындағы Қайназар орта мектебінде 2001 жылдан 2014 жылға дейін музыка пәнінің, 2014 жылдан 2018 жылға дейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Әбированың «жұмыстан негізсіз босату» туралы берген арызы негізінде қозғалған сотттың келесі отырысы 29 наурызда өтеді.

Нұртай Лахан
Просмотров материала: 6 041

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 952 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 623 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 119 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 157 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 532 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 386 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 416 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 736 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 386 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 456 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 645 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 761 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 853 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 534 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 412 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 303 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 644 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 382 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 784 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 585 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 417 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 262 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 118 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 460 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 348 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 824 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 114 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 413 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 797 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 155 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 091 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 228 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 167 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 388 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 539 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31