12 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Үй өртегіш" Гуля бүтін бір ауылдың зәресін ұшыруда(ВИДЕО)

13 сентябрь 2021, 14:11
"Үй өртегіш" Гуля бүтін бір ауылдың зәресін ұшыруда(ВИДЕО)
Гуля келе жатыр. Бұл тіркес қазір астана маңындағы Ақкөл жұртының жүрегін аузына тығатын сөздер. Айтуларынша сол ауылда тұратын келіншек біреумен ренжісіп қалса, бірден сол адамның үйін өртеп жібереді екен. "Үй өртегіш" деген лақап ат иемденген тұрғын осы уақытқа дейін он шақты үйдің күлін көкке ұшырған көрінеді, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.


Ақкөл елордадан 112 шақырым жерде орналасқан, 14000-ға жуық халқы бар шағын қала. Қала тұрғындарын бір мәселе алаңдатып отыр. 3-4 жылды болды, Гуля келе жатыр десе, зәре құты қашады. Ол ашуланса, түн ішінде есікті сындырып кіріп, іштен от қояды. Тіпті жергілікті мекенде "үй өртегіш" деген лақап ат та иемденген.

Тұрғындардың сөзінше "үй өртегіш" әйел сөзге келіп қалғандарды аямайтын көрінеді. Ал Андрей есімді азаматтың баспанасына бір емес, үш рет от қойған. Бүгінде аман қалған кіре берісте түнеп жүр.

Андрей Коплин, Ақкөл қаласының тұрғыны:

Бірінші рет кіреберіске от қойды. Бірақ өзі өрт сөндірушілерді шақырды. Екінші рет талпынғанда менің көршілерім қуып жіберіпті. Ал үшінші рет осы қаңтарда үйді өртеп жіберді. Үйімнің сау-тамтығы қалған жоқ. Полицейлер 400 мың теңге өтейтінін айтқан. Бірақ хабар жоқ.
Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған көршілер таңды үреймен атырады. Жергілікті полицейлер де, әкімдіктегілер де тұсау салмай отыр деп шырылдады жиылған жұрт.

Несібелі Қаңқабаева, Ақкөл қаласының тұрғыны:

Ешқайда тіркелмеген. Ол оказывется ауру емес. Оны сол күні апарып қамайды. Екінші күні жібереді. Неге екені белгісіз.
Жергілікті полиция департаменті тергеу жұмыстарының әлі аяқталмағанын жеткізді. Сөздеріне сенсек сезіктіні психо-неврологиялық диспансерге жіберген.

Аталған қылмыс бойынша полицияның сезіктеніп отырған тұлғасы 52 жастағы әйел адам. Осы Ақкөл қаласының тұрғыны. 8 қыркүйектен бастап, мәжбүрлі түрде психо-неврологиялық диспансерде емдеуге жіберілді. Мен қазіргі таңда ол кісіні кінәлі деп айта алмаймын. Қазір сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Күдікті былтыр да бүтін бір үйді өртегенін толық мойындаған. Алайда сот үкімі 3 жылға шартты түрде ғана бас бостандығынан айырыпты. Бәрі заң аясында шешілді деді жауаптылар. Ал біз жапа шеккендерге әкімдік тарапынан қандай көмек көрсетілетіні жайында анықтап білдік.

Анатолий Хрип, Ақкөл қаласының әкімі:

Жапа шеккен тұрғынға көмек ретінде біздің тараптан 150 мың теңге беріледі. Қазіргі таңда шығын мөлшерін есептеу жұмыстары жүргізілуде. Үйдің толық жөндеу жұмыстарының шығынын өтеу үшін бюджеттен арнайы ақша бөлінбейді. Демеушілердің көмегіне жүгінеміз.
"Үй өртегіш" әйелдің неліктен мұндай әрекетке баратынын ешкім білмейді.

Ал психологтар мұны бала күнгі психологиялық соққымен байланыстырады.

Индира Әшімхан, психолог:

Мұндай іс-әрекеттер адамның психикалық ауытқуына байланысты болады. Бір рет, екі рет емес, төрт реттен көп қайталанып жатса онда ол адамның басында одан басқа іс-әрекеттің жолы жоқ деген сөз. Мүмкін әрине балалық шақта бірдеңке болған шығар. Бірақ оның неден басталғанын зерттеу керек.

Түн ұйқымызды ұрлаған Гүля диспансерден шыққан соң тағы ауылдың шырқын бұзбай ма деп уайымдап отыр ақкөлдіктер. Ал жапа шеккен азаматтардың шығынын, әкімдік демеушілер арқылы өтеуге тырысамыз деп уәде етті.

Просмотров материала: 17 112

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 174 785 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 174 572 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 174 189 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 174 239 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 174 532 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 264 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 405 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 633 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 706 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 868 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 550 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 959 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 404 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 237 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 058 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 264 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 330 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 006 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 394 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 114 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 128 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 962 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 795 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 055 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 995 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 513 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 985 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 829 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 105 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 446 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 846 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 801 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 848 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 806 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 034 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 183 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930