2 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жамбылда жеті отбасыдан тұратын ауылдың тұрғындары биліктен көмек сұрайды

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы шағын ауылда тұратын 7 отбасы билік назарынан тыс қалған. Күнкөріс қамы қиындаған Құмарық бекетінің тұрғындары аудан орталығына қоныс аудара алмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал көшіруге әзірміз, тіпті пәтермен жарылқаймыз деген жергілікті билік уәдесін орындайтын емес. Ең сорақысы, мұнда балалар сауатсыз болып барады дейді жұрт. Өйткені небәрі алты оқушыға білім беретін маман тапшы.

КТК арнасының мәліметіне қарағанда, Құмарық бекетіндегі бастауыш мектептің жағдайы сын көтермейді. Онда 1-ші және 4-ші сынып аралығында бар-жоғы алты оқушы білім алып жатыр. Шәкірттерге 23 пән бойынша жалғыз мұғалім дәріс береді. Бірақ ағылшын тілін үйрену оқушыларға мұң. Өйткені шет тілінің маманы оқу жылы басталғалы жоқ.

"Ағылшын тілін білмейміз. Ағылшын тілі мүлдем оқытылмайды. Арасында оқимыз. Бұрында ағай келіп бір екі рет оқытқан ағылшын тілін", - дейді Іңкәр Молдияр есімді 4-сынып оқушысы.

Ата-ана ұл-қыздары сауатсыз болып қала ма деп алаңдаулы. Ал білім бөлімінің басшылығы ағылшын тілі пәнінің оқытылмауын маман тапшылығымен түсіндіреді. Яғни, шалғай ауылға мұғалімдердің келгісі жоқ.

"Енді қараңыз, мына мектеп биыл бітеді. Соңғы бала өзіміздікі. Осымен мектеп жабылады. Жол сұраған күнде мектеп ашылмайды, оны не істейміз. Луговой жақтан там берсе дейміз. Өйткені күйеуім теміржолда істейді. Балаларымыз интернатта қаңғырып оқып жатыр. Бізге баяғыда там беріледі деп әкім айтып кеткен", - дейді Құмарық бекетінің тұрғыны Алтынай Әлімбекова.

Жұртта қалған 7 үйдің жағдайы мәз емес. Мұндағылар азық-түлік алу үшін 15 шақырым жердегі аудан орталығына барады. Онсыз да жолы нашар бекетке қыста қатынау тіптен қиын. Сондықтан тұрғындар қоныс аударуды қалайды. Бірақ оған қаражат тапшы. Ал шенеуніктер қиналған жұртқа көмек қолын созуға асығатын емес.

"Аудан басшысымен ақылдассақ па деген ой бар. Қазіргі тұрып жатқан 7 үй жұмысы бар адамдарға үй қарастыру үйдің кезегіне тұрғызу. Жоспарда бар. Аудан есебінен тұрғын үй салынған. Соған кезекке тұрғызсақ па дейміз", - дейді Көкдөнен ауылдық аймағының әкімі Әбдіәшім Ілиясов.

Бұл сөзге қарасақ, 7 шаңырақтың талап-тілегі жуырда орындалмайтын тәрізді. Өйткені шенеуніктер елді көшіру үшін Құмарық бекетін келешегі жоқ елді мекендер тізіміне енді енгізгелі жатыр.


Просмотров материала: 2 237

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 003 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 188 549 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 104 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 156 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 188 488 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 005 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 116 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 385 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 686 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 826 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 320 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 283 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 524 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 341 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 175 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 511 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 420 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 110 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 515 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 265 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 219 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 056 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 894 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 179 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 614 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 287 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 933 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 200 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 565 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 957 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 903 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 971 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 935 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 152 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 297 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031