29 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Командирлер тұрғысы келмейді». Алматы іргесіндегі әскери қалашықтың тұрғындары шағымданды

19 август 2021, 16:04
«Командирлер тұрғысы келмейді». Алматы іргесіндегі әскери қалашықтың тұрғындары шағымданды
Алматы қаласының іргесіндегі - Іле ауданына қарасты Мұхамеджан Түймебаев ауылы «Первомайские пруды» шағын ауданында орналасқан әскери қалашықты Қорғаныс министрлігі ұмыт қалдырған. Тоз-тозы шыққан үйлерден, ойылып біткен көшелерден мезі болған тұрғындар Azattyq Rýhy редакциясына хабарласып, көмек сұрады.

«Біздің қалашық әлі күнге дейін Қорғаныс министрлігі балансына тиесілі. Яғни, өкінішке қарай, қалашықтың тіршілігі үшін осы министрлік жауапты. Қалашығымызда ешқандай дені түзу көше жоқ, жолдардың бәрі ойық-ойық. Тұрғын үйлер қирап, қабырғалары шіріп тұр. Су құбырларын тат басқан, сол себепті жиі апат болып, суға жете алмай отырамыз. Жылыту жүйесі де әрең істеп тұр: үнемі бір апат болып, өшіп қалады. Қазандықтар жұмыс істемейді, біз әлі күнге дейін үйлерді мазутпен жылытамыз. Балалар ойнайтын алаң атымен жоқ. Апатты жағдайға жеткен ағаштардың саны көп. Олар талай рет құлап, канализацияның быт-шытын шығарды. Кәріз жүйесі де оңып тұрған жоқ. Дұрыс істемейді», - деді осы қалашықтың тұрғыны Анна Викторовна.



Біздің редакцияға хабарласқан Анна Черепанова Алматы қаласында туған. Өмірін әскери салаға арнаған зейнеттегі әкесімен бірге осы қалашыққа көшіп келген. Айтуынша, қалашықта медициналық пункт те, мектеп те жоқ.

«Бұрын біздің қалашықта бір балабақша бар еді. Оның ғимараты апатты, балаларға қауіпті деп танылып, жабылып қалды. Алайда, оның қазіргі атауы нөмірі 17 тұрғын үй, яғни, қирап тұрса да, адамдар қоныстанған. Ең жақын мектеп пен медициналық пункт көрші Ашбұлақ елді мекенінде. Тіпті, біздің қалашықта дәріхана да жоқ. Бір-екі дүкен бар, бірақ өте қымбат. Ашбұлақта нан 85 тг тұрса, біздің дүкендерде 120 теңге», - дейді Анна Викторовна.
«Командирлер тұрғысы келмейді». Алматы іргесіндегі әскери қалашықтың тұрғындары шағымданды



Ал Ерұлан Жамаладдин есімді тұрғын қалашықта алда-жалда табиғи апат болса, тұрғындардың өлі не тірі екеніне ешкім мән бермейтінін айтады.

«2015 жылы қатты жаңбыр жауып, жиырма шақты пәтердің шатырын жұлып кетті. Тұрғындар сол кезде шатыры жоқ үйде жатты. Шатырдың орнына клеенка жапсырды. Ол кезде біз Қорғаныс министрлігінен көмек сұрадық. Бірақ, ақыр соңында әркім өз шатырын өзі істетті. Бұрын газ бар еді, қазір баллон қолданамыз. Электр жарығы да өше береді. Банкомат деген атымен жоқ. Астанаға қарай жолға шыққан көліктер тез-тез жүреді, ал біздің көшелер ойық-ойық қой. Бір рет үйіме келген қонағымды көшеде көлік қағып кетті. Біз көшелерге камера қойдырта алмаймыз. Қазір жүргізушілер адам қағудан емес, айыппұл төлеуден қорқады ғой. Сол себепті, біздің өлі, я тірі екенімізде ешкімнің ісі жоқ. Бұл - «естен шығып кеткен» қалашық», - деді Ерұлан мырза.


сшысы, бәрі осында тұрса, дұрысталар еді. Бірақ қалашықта басшылар тұрмайды. Бір командирге осы қаладан үй беріп еді, қашып кетті. Тұрғысы келмейді», - дейді Ерұлан Жамаладдин.



Ал Анна Викторовна қалашықтағы жастар және өздері құрған «билік органы» туралы айтты.

«Жастар аз, олар негізінен Алматыға барып, жұмыс істейді. Тоғызда басталатын жұмысына, оқуына жету үшін таңғы алтыда шығады. Себебі - кептеліс.

Бізде әкім деген жоқ. Осыдан 20 жылдай уақыт бұрын тұрғындар өздері Тұтынушы кооперативін құрған. Ол жергілікті әкімдіктің қызметін атқарған. Біз сол кооперативтке барып, қалашықтағы мәселелерді жазатынбыз. Бірақ оның бәрі мағынасыз іс, себебі, оны әрі қарай жоғарыдағы лауазымды тұлғаларға алып барсақ, тыңдайтын ешкім жоқ. Мысалы, биыл жылдағыдай жылыту маусымы басталса, құбырлар атылып, қазандықтар істен шыға бастайды. Алайда, оны жөндеп беретін ешкім жоқ. Биыл жылу өзі бола ма, жоқ па, ол да белгісіз», - дейді Анна.



Бұған дейін Қорғаныс министрлігіне арыз-шағымдарын жазғанымен, ешкім жауап бермеген. Сол себепті әскери зейнеткерлерден құралған қалашықтың тұрғындары БАҚ арқылы мына өтінішін жеткізді:

«Бізді ұмыт қалдырған. Ешкімнің қолға алғысы, тыңдағысы келмейді. Біз күресінге тастағандай өмір сүріп жатырмыз. Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің өкілдері тұрғындардың подъездерін бояйтын бояу да бермейді. Үйіміздің шатыры бұзылса, жауыннан тесілсе, оны да өз қаражатымызға жөндеттік. Коммуналдық қызметтердің дұрыс орындалуы үшін құбырларды, электр жүйесін, кәріз жүйесін жөндеуден өткізсе екен деп сұраймыз. Жолдардың жөндеу көріп, балалар ойнайтын алаң салынғанын қалаймыз».
Просмотров материала: 843

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 699 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 172 530 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 172 155 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 172 203 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 172 492 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 164 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 303 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 531 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 573 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 733 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 440 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 907 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 376 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 220 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 041 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 240 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 312 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 985 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 373 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 096 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 110 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 940 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 775 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 036 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 980 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 494 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 962 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 813 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 089 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 829 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 784 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 833 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 791 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 015 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 159 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031