2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жылу маусымы аяқталғанша тот басқан, қызарған суға шомыламыз – Сәтбаев тұрғыны

Жылу маусымы аяқталғанша тот басқан, қызарған суға шомыламыз – Сәтбаев тұрғыны
Сәтбаев қаласы Абай көшесіндегі көпқабатты №43 үйдің тұрғыны жылу маусымы басталған кезде қып-қызыл тот басқан суға жуынуға мәжбүр болатынын айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .

Ол аты-жөнін көрсетпеуді өтініп, тот басқан ескі құбырдың салдарынан үйге келетін ыстық судың түсі өзгеріп, көктем келгенше тұрғындар бірде сары, енді бірде қып-қызыл түске боялатын сумен шомылуға мәжбүр екен.

«Біздің бұл мәселені әкімдік беске біледі. Жылу маусымы келген сайын бізде осы проблема басталып, көктемге дейін зардабын тартамыз. Бұл проблема 6 жылдан астам уақыт жалғасып келеді. Сәтбаев қаласының қақ ортасында тұрсақ та, өркениеттен алыс сияқтымыз. Тот басқан суға шомылғандықтан, кейбір тұрғындардың денесіне жара шығып кетеді. Пәтерлерге ыстық су тұрғын үй астындағы құбыр арқылы келеді. Ол жертөледе орналасқан. Жертөленің өзі қоқысқа толып кеткен. Құбыр жарылудың алдында тұр. Салдарынан жиі апат болып, ыстық су атқылайды. Ол атылса екі-үш күн жертөлені су басып, ол жерден шығатын сасық иіс қолқаны қабады. Әкімдікке бұл туралы қанша рет өтініш айттық, ешкім сөзімізге құлақ аспайды», - деп күйінді тұрғын.
Жылу маусымы аяқталғанша тот басқан, қызарған суға шомыламыз – Сәтбаев тұрғыны



Тұрғындарды қоқыс толған жертөледен бөлек, жерде шашылып жатқан электр сымдары алаңдатып отыр.

«Кәріз құдығындағы 3000 ваттық тоқтың сымдары жерде шашылып жатыр. Ол төбеде ілулі тұрған тоқ сымдары болатын, су аға бергеннен шіріп, жерге құлаған. Жердегі сым ыстық су құбырымен қатар жатыр. Ертең біреу тоққа түссе не болады? Сол маңда ауланың балалары ойнайды. Әкімдік 24 тамызда жөндеу жұмысын бастаймыз деп уәде берген, бірақ ол жұмыс та атқарылмады. Аталған мәселені көтеріп, облыс әкімі Жеңіс Қасымбекке дейін шықтық. Жауаптылар сол кезде ғана аздап жұмыс істегендей кейіп танытты. Құбырлар жарылып, апат болғанда әкімдік пен ЖКХ бөлімі келіп, акт толтырмайды. Қателеспесем, соңғы 2 жыл ішінде 10-нан аса апат болды. Бар жөндегені сол, жарылған құбырларға шүберек байлап, бірдеңе таңып кетеді. Жарылған ыстық су мен оның буынан жертөленің қабырғасы қақырап, шіріп, құлап жатыр. Судың иісінен жазда үйде тарақан, шыбын-шіркей пайда болады. Біздің мәселемізден қала әкімі Асқар Абылайұлы хабардар», - деді редакция тілшісімен телефон арқылы сөйлескен тұрғын.



Аталған мәселе бойынша Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы әкімдігіне хабарласты. Жергілікті билік жертөле мәселесінен хабардар екенін жеткізгенмен, тұрғындардың «қызыл суға» шомылып отырғанын естімегенін айтты.

«Сәтбаев қаласындағы №43 тұрғын үйдің жертөлесінде болған мәселеден хабардармыз. Осы уақытқа дейін әкімдік тарапынан жөндеу жұмысы жүргізілді. Тек тұрғындардың өз қаражатына жөнделетін кейбір жағдайлар ғана қалған болатын. Аталған тұрғын үйдегі судың сапасын тексеруге мамандарды жібереміз», - деді әкімдіктің ресми өкілі Айгүл Төкеева.



Редакция тілшісіне жауап бергеннен кейін, әкімдіктің баспасөз қызметі тұрғын үйдегі су сапасын тексеруге мамандардың кеткенін хабарлады.
Просмотров материала: 1 154

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 878 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 527 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 016 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 072 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 439 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 011 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 061 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 364 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 002 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 265 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031