12 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан запастағы офицерлерді әскерге шақыруы мүмкін

17 август 2021, 15:14
Қазақстан запастағы офицерлерді әскерге шақыруы мүмкін
Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды. Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте әскеріміздің тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Ауғанстан Ислам Республикасындағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қарулы Күштерде қырағылықты күшейту бойынша шаралар қабылданды. Ең алдымен, бұл арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты болып отыр.

Қорғаныс министрі өңірдегі жағдайды қадағалау және талдау, күштер мен құралдардың тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыру бойынша міндеттер қойды. Жоғары қырағылықты қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілердің кезекшілік атқаруы бойынша жүктемені бірдей бөлу қажеттілігі атап өтілді.

– Туындайтын сын-қатерді ұдайы бағалап, қазіргі уақытта біз үшін анағұрлым маңызды және негізгі күш-жігерді қайда бағыттау керек екенін айқындау қажет, – деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.
Алдағы аптада взводтардың жауынгерлік оқ атуы, әскери міндеттілермен жиындар, батальондармен бақылау сабақтары жоспарланып отырған әскерлердегі жауынгерлік оқу-жаттығу барысы туралы баяндалды. Армиялық халықаралық ойындарға қатысушылар конкурстар өтетін орындарға келіп, 22 тамыздан бастап "АрХО – 2021" конкурстарына қатыса бастайды.

Запастағы, әсіресе тапшы мамандығы бар офицерлерді әскери қызметке шақыру мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, армияның эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысуы запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери кафедраларда дайындалатын және офицер атағын алғаннан кейін армияда қызмет өткергісі келмейтін әскери дәрігерлердің қажет екенін көрсетті.

Заңнамаға офицер әскери атағын алған әскери кафедраны бітірушілерді міндетті түрде әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақыру бойынша түзетулер енгізу тапсырылды.

– Барлық студенттер мен жоғары оқу орындарының басшылары әскери кафедрада оқу – бұл ойын-сауық және запастағы офицердің әскери билетті алу тәсілі емес, ең алдымен – ел мүддесі үшін Қарулы Күштерде қызмет етуге дайын екендерін түсінуі тиіс! - деп атап өтті Қорғаныс министрі.

Күзде әскерге шақыру кампаниясына дайындалу шеңберінде әскери бөлімдер казармалық-тұрғын үй қорының жай-күйі қаралды. Мердігер ұйымдардың жеке ғимараттарды жөндеу қарқынының жеткіліксіз болуы туралы баяндалды. Олар белгіленген мерзімде тапсырылмауы мүмкін.

Бұндай бұзушылық бірінші рет болып отырмағаны атап өтілді, өйткені кейбір жағдайда құрылыс бойынша қызметтерді көрсетуге арналған конкурстарды әскери объектілерде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ, төмен баға есебінен "кездейсоқ" ұйымдар жеңіп алады. Жалпы, қазіргі кезде Қарулы Күштердегі ғимараттарды салу және күрделі жөндеу саласындағы аутсорсингтің қолданыстағы жүйесі мерзімдерге, жұмыс сапасына және қорғаныс жағдайына теріс әсер ететін көптеген кемшіліктерді анықтайды.

Алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу бойынша жүйелі ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ казармалық-тұрғын үй қорының уақтылы берілуін қамтамасыз етуге нұсқаулар берілді.

– Объектілерді уақтылы тапсырмаудың себебі жосықсыз мердігерлер, сонымен қатар әскери объектілерді салуды ұйымдастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдамайтын лауазымды адамдар болып табылады, – деді қорғаныс ведомствосының басшысы.
Просмотров материала: 1 097

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 186 324 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 185 857 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 185 423 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 185 471 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 185 792 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 870 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 988 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 243 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 518 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 658 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 183 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 219 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 499 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 324 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 156 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 477 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 403 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 092 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 495 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 230 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 204 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 038 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 875 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 159 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 591 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 246 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 911 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 546 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 937 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 886 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 948 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 133 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 275 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728