19 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам маман даярланды

06 октябрь 2020, 16:00
Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам маман даярланды
Еліміздің Қарулы Күштерінде «Қуатты армия – ел тірегі» ұранымен өткен кезекті оқу жылы аяқталуда, деп хабарлады BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарулы Күштерде әскерлерді қорытынды тексеру басталды. Екі апта ішінде әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, кәсіби, арнайы, атыс және дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтар тапсыратын болады. Бұдан бөлек, жалпыәскери жарғылар бойынша білімдері тексеріледі. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтер орындалады. Әрбір бөлімше дайындық деңгейіне сәйкес баға алады.

Биыл коронавирустық инфекция пандемиясы жеке құрамды оқытуға белгілі бір өзгертулер енгізді. Әскери қызметшілердің төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шараларға қатысуын ескере отырып, іс-шараларды өткізу мерзімдері мен олардың форматы өзгерді.

Коронавирустық пандемияның өршуі кезінде армия төтенше жағдайды қамтамасыз ету шараларына қатысты. 10 мыңнан астам әскери қызметші тосқауыл бекеттерінде қызмет атқарды. Елді мекендерді патрульдеуге қатысып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеді. Сонымен қатар, бірқатар әскери медициналық мекеме КОВИД-стационар ретінде қайта бейінделді. Әскери госпитальдер мен лазареттердің дәрігерлік-мейірбикелік бригадалары жергілікті денсаулық сақтау органдарының қарамағына жіберілді, - делінген ақпаратта.

Соған қарамастан армияның жауынгерлік әзірлігін қолдау жөніндегі барлық іс-шара толық көлемде орындалуда. Қойылған мақсаттарға жету үшін 200-ден астам түрлі жаттығу, атыс дайындығы аясында 20 мыңнан астам жауынгерлік атыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ жауынгерлік машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу бойынша 16 мыңнан астам сабақ өтті. Бұл ретте сабақтар тәулік бойы өткізілді. Бір жыл ішінде Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам маман даярланды.

Еліміздегі карантин шараларының жұмсаруына байланысты әскерилер ауқымды іс-шараларға кірісті.

Қарулы Күштер үшін маңызды оқиға «Мәтібұлақ» полигонындағы «Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы болды. Әскерлер оқу-жаттығуды өткізу орнына марш жасап, арнайы әскери операцияны дайындау және өткізу бойынша міндеттерді пысықтады. Айта кету керек, оқу-жаттығудың ерекшелігі қазіргі қарулы қақтығыстарда соғыс жүргізу тәжірибесін енгізу. Сонымен қатар, Әуе қорғанысы күштері «Таза аспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Оқу-жаттығу барысында әскери авиация және Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері шартты әуе қарсыласын көрсету бойынша міндеттерді пысықтады. Оқу мәселелеріне әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша жауынгерлік кезекшілік күштерін қолдану, ӘШҚҚ әскерлері топтарының жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуі бойынша міндеттер кірді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әскери-теңіз күштері Каспий акваториясында теңіз экономикалық қызметі нысандарын қорғау және теңіз жағалауын қорғау бойынша оқу-жаттығу өткізді.

Қазіргі уақытта Тілендиев кентіндегі оқу-жаттығу полигонында ел тарихындағы алғашқы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуы жалғасуда. Онда жеке құрам дағдарысты ауданда бейбітшілікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияны дайындау және жүргізу жөніндегі міндеттерді пысықтауда.

Еліміздің барлық өңірінде «Алтын Жебе» арнайы операциялар күштері құрамдастарының күштері мен құралдарын кешенді тексеру жүргізілуде. Бір ай ішінде әскери қызметшілер күштер мен құралдарды қолдануды ұйымдастыру мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ, арнайы оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын болады.

Просмотров материала: 897

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 521 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 201 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 708 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 746 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 218 120 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 621 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 654 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 979 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 648 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 696 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 892 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 821 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 929 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 583 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 458 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 409 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 694 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 443 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 850 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 647 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 464 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 158 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 508 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 397 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 885 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 239 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 212 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 453 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 845 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 196 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 143 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 279 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 216 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 451 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 593 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930