Қазіргі уақытта алкогольсіз сусындар индустриясы Үкімет тарапынан қатаң реттелуге ұшырауда. Құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу және алкогольсіз сусындарды таңбалау бойынша бір мезгілді жүктеме саланы қиын экономикалық жағдайға душар ететін болады.
«Салауатты ұлт» азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 20%-дан бастап, қант қосылған сусындарға бұрын-соңды болмаған мөлшерлемелері бар жаңа акциздер енгізуді және үш жыл ішінде 45%-ға дейін көтеруді талап етуде.
Маусым айының соңында Е.Л. Тоғжановтың басшылығымен ҚР Үкіметі алаңында өткен соңғы отырыс барысында осы норманы енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдыру және қажетті зерттеулер мен бағалау жүргізе отырып, оны уәкілетті мемлекеттік органдармен және бизнеспен енгізудің орындылығы мәселесін пысықтау туралы шешім қабылданды. Алайда, осы шешімге қарамастан, акциздік салық «Салауатты ұлт» жобасының соңғы нұсқасына енгізілді және қазіргі уақытта қажетті зерттеулер мен бағалауларсыз тамыз-қыркүйек айларында Мәжілісте ілгерілету жоспарлануда.
ҚР Алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығы аталған мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бірнеше рет жүгінген болатын, акцизді енгізуден болатын теріс экономикалық және әлеуметтік салдарлар туралы түрлі дәлелдер мен зерттеулерді, басқа елдердің тәжірибесін ұсынған, алайда Әлия Мамытбаеваның айтуынша, бизнес пен басқа да қоғамдық ұйымдардың ұстанымы назарға алынбауда.
2021 жылдың басында Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, түбегейлі жаңа реттеуші саясатқа негізделген кәсіпкерлікті қолдау механизмдерін әзірлеу қажет.
Бизнесті қолдаудың орнына, әдеттегідей, өндірушілер қосымша салыққа тап болды, бұл өз кезегінде тұтынушылардың мойнына ауыртпалық түсіретін болады. Көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, акциздік (даналап) салықты енгізу сатып алушылар үшін бағаның өсуіне және өндірушілер үшін алынбай қалған пайдаға алып келеді, осының салдарынан нарықтың теңгерілген көлемінің қысқаруы орын алады.
Қазақстандықтарға тағы бір салық керек пе? Себебі, олар онсыз да ай сайынғы табысының мейлінше жоғары пайызын азық-түлікке жұмсауда.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының («Атамекен» ҰКП) директоры Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовтың айтуынша, тамақ өнімдеріне қатысты мұндай акциздік саясатқа жол беруге болмайды.
«Алкогольсіз сусындар саласындағы кәсіпорындардың басым бөлігі Алматы мен Алматы облысында орналасқан. Салықтың енгізілуіне байланысты елдің ең ірі конгломератындағы бюджет және жұмыспен қамту зардап шегетін болады. Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы мұндай амалды үзілді-кесілді қолдамайды, мәселе соңына дейін зерттелмеген, сондықтан мақсаттылығын байыппен бағалау, әзірлеушілер жүргізбеген Реттеушілік әсерді талдау қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің уәкілетті мемлекеттік органдарының бұл мәселені ілгері жылжытудағы тәсілдер бізді қанағаттандырмайды. Бұл шараны енгізу ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен біржақты тәртіпте іске асырылуда. Бизнес-қоғамдастықтың негізделген ұстанымы еленбеуде, Денсаулық сақтау министрлігінің ҰКП алаңдарында, оның ішінде ҚР Үкіметі аппараты өкілдерінің қатысуымен осы мәселе бойынша барлық отырыстар шешілген мәселе форматында өткізілуде», – деп Айтуар Асқарұлы қалыптасқан мәселеге түсініктеме берді.
ҚР Алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының бағалауы бойынша бұл сала сатылымның және өндірушілердің жылдық кірісінің, негізгі капиталға инвестициялардың төмендеуіне және өндіріс көлемінің төмендеуіне, жұмыс орындарының қысқаруына тап болады. 20%, 35%, 45% енгізілген кезде:
- өндіріс көлемі 40%-дан астамға төмендейді;
- өнімнің құны 40-тан 85%-ға дейін артады (құны ҚҚС түріне байланысты);
– саладағы жұмыс орындары 2 500-ден астам адамға, аралас салаларда 17 500-ден астам адамға қысқарады.
Нәтижесінде индустрия кәсіпорындарының салық аударымдарының мөлшері күрт төмендейтін болады.
Қазіргі уақытта өндірушілер акциздерсіз де үлкен қысымды бастан кешіруде. Қант бағасы өткен жылдармен салыстырғанда 65%-ға өсті, барлық шикізат басқа жақтан тасып келтірілген, шикізат, қаптама бағасы 15-20%-ға, электр энергиясы-15%-ға және т. б. өсті. Тек кеден одағы елдерімен ғана емес басқа елдердің өнімімен жоғары бәсекелестік, отандық өнімді кеден одағы елдерінен, көрші елдерден балама өнімдермен оңай алмастырылуына әкеп соғатын болады. Мемлекет тарапынан қолдаудың болмауы және акциздік реттеу мен таңбалау түріндегі тамақ өнімдеріне қатысты регрессивті саясат ел үшін елеулі беделдік тәуекелдерге және экономикалық салдарларға алып келеді және сайып келгенде, мәлімделген сауықтыру мақсаттарына қол жеткізбестен , дамып келе жатқан қазақстандық алкогольсіз сусындар индустриясының жойылуына алып келеді.
Ұсынылған шара әзірлеушілер тарапынан негізделмеген.
Өндірушілер халықты сауықтыру жобасында неліктен сусындар нысанаға айналғанына таң қалуда. Алкогольсіз сусындар, шын мәнінде, акциздік салықты енгізу мақсатында темекі мен алкогольге теңестірілген. Қазақстанда құрамында қант бар сусындар қазақстандықтардың денсаулығына ең көп әсер ететін бірден-бір өнім болып табылады деп пайымдалуда, бұл негізсіз және асыра айтылған, себебі аталған шара сауықтыру мақсатында енгізілген елдермен салыстырғанда құрамында қант бар сусындарды тұтыну салыстыруға келмейтіндей төмен болып табылады. Қазақстанда құрамында қант бар сусындарды тұтыну жан басына шаққанда шамамен 49 литрді, АҚШ-та – 287 литрді, Мексикада – 200 литрді, Венгрияда – 207 литрді құрайды. Құрамында қант бар басқа да тамақ өнімдері, ең алдымен қант ескерілмеген, Қазақстан халқы тұтынатын қанттың 55%-ы – бұл таза түрдегі қант, бұл ретте құрамында қант бар сусындардың қазақстандықтар рационының құнарлылығына қосқан үлесі шамалы және бар болғаны шамамен 2%-ды ғана құрайды. Неге Денсаулық сақтау министрлігі тамақтанудың құнарлылығына 98% үлес қосатын өнімдермен айналыспайды деген орынды сұрақ туындайды.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, акциздерді оның «сауықтыру» бөлігіне енгізудің әсері өте мардымсыз, бұл ретте алкогольсіз сусындар индустриясына және сабақтас салаларға әсері өте қатты, бұл ең алдымен жұмыспен қамтылғандар санының едәуір қысқаруынан және орта және шағын кәсіпорындардың банкроттығынан көрінеді. Ресейлік ЭЖМ ҰЗУ зерттеулері көрсеткендей, бюджетті толықтыру бөлігінде қант қосылған алкогольсіз сусындарға арналған акциздердің әлеуеті шектеулі (әдетте, түсімдердің жалпы көлемінің 1%-ы шегінде). Орта мерзімді перспективада жиынтық салық түсімдері фискалдық әсерлерді бәсеңдете отырып (оның ішінде сату көлемінің төмендеуі және халықты жұмыспен қамтудың қысқаруы есебінен) едәуір қысқаруы мүмкін.
Алкогольсіз сусындар өндірушілер қауымдастығында «Салауатты ұлт» жобасын әзірлеу кезінде қазақстандықтардың тамақтану әдеттерін назарға алу қажет екеніндігіне, әртүрлі зерттеулерге сәйкес, қазақстандықтардың күнделікті рационы негізінен көмірсулар, тұздар мен майлар айқын басым ет, нан және ұн өнімдерінен тұратынын назардан тыс қалдырмау керек екеніндігіне кәміл сенімді. Сонымен қатар, су ішу тәртібі жеткіліксіз (күніне 1-1,5 литрден аспайды), «құрғақ тамақтану» үрдісі байқалады.
«Алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының» Президенті Әлия Мамытбаеваның айтуынша: «Қазақстандықтардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін ҚР-дың әрбір өңірі үшін жаңа тұтыну нормалары қажет, ал Денсаулық сақтау министрлігінің тамақ өнімдері саласындағы бизнеске қатысты мұндай түбегейлі шаралары қажет емес. Тамақтану жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу кезінде өнімдердің қандай да бір түрлерінің қолжетімділігіне ауқымды зерттеу жүргізу, оларды Қазақстанда тұтынуға талдау жүргізу қажет, тек шет елдердің «ыңғайлы» практикасына сүйенбей және ұлтты сауықтыру түрімен тұтас саланы соққыға душар етпей».
Үндеу
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, алкогольсіз сусындар өндірушілер қауымдастығы барлық экономикалық қиындықтарымен және дәлелденбеген тиімділігімен таңдамалы салық салуды насихаттаудың орнына мүдделі тараптарды денсаулық сақтау саласындағы ғылыми негізделген араласуларға назар аударуға шақырады және ең тиімді болып табылатын мәселені шешудің баламасын – жауапты өндірушінің кодексін ұсынады. Кодексті әзірлеу және оған қол қою 2020 жылы, Алкогольсіз Сусындар Өндірушілер Қауымдастығы Ұлттық Қоғамдық Денсаулық Сақтау Орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған кезде жоспарланған болатын. Азық-түлік және сусындар өндірісі индустриясындағы үздік әлемдік тәжірибелер тұрғысынан ЖЕА-мен күресудің ең тиімді шаралары:
- қант мөлшерін төмендету мақсатында сусындар рецептімен жұмыс,
- порция мөлшерін азайту және өндірушілердің ассортиментіне аз көлемдегі пакеттердегі сусындарды қосу,
- тұтынушыларға ақпараттандырылған таңдау жасауға көмектесу мақсатында өнімнің заттаңбаларындағы құрам мен калория мөлшері туралы ашық және толық ақпарат беруді қоса алғанда, тұтынушылармен ағартушылық жұмыс.
ҚР үшін СӨС мәселелеріндегі негізгі тәсілдер ретінде Қазақстанға тамақтану және ЖЕА мәселелерін шешумен байланысты барлық тараптарды бір үстел басында жинауға мүмкіндік беретін үйлестірудің пәрменді механизмі қажет.
Ауыл шаруашылығы, білім беру және экономикалық даму секторы сияқты секторлар үшін тамақтануды жақсарту саласындағы баршаға ортақ мақсаттар мен өзара пайданы айқындауға мүмкіндік беретін министрліктер арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастық пен әріптестік қажет.
Ұлттың денсаулығы, сонымен қатар, экономиканың жай-күйімен айқындалады, ал мұндай акциздерді негізсіз енгізу қазақстандық тамақ өнімдері индустриясының жойылуына алып келетін болады. Сауықтыру түрімен ілгері жылжытылатын кемсітушілік және басқыншылық саясаттан бас тарту қажет. Бұл мәселеде өндірушілердің ұстанымын елемеу бизнеспен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқа елдерде өзінің тиімсіздігін көрсетіп отырған, ал Қазақстанда тұтас индустрия үшін талқандаушы болуы мүмкін шараларды мақсатты негізсіз лоббилендіруі ретінде бағаланады.
Просмотров материала: 558