3 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Бірге өскен достары өлтірді": Атырау облысында марқұмның туыстары кінәлілердің бостандықта жүргеніне шағымданды

"Бірге өскен достары өлтірді": Атырау облысында марқұмның туыстары кінәлілердің бостандықта жүргеніне шағымданды
Атырау облысында топтасқан төбелес кезінде қаза болған Азамат Қалбағаевтың туыстары қанішерлер жазаланбай жатыр деп налыды. Марқұмды азаптап өлтірген 10 күдіктінің төртеуі қазір тергеліп жатса, қалған алтауы еркіндікте жүрген көрінеді. Азаматтың анасы кісі өлтіргендер "полициямен ауыз жаласып алған" деп күдіктеніп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.


Қайғылы жағдай 8-тамыз күні тапа-тал түсте болған. Үйде жатқан Азаматты бір топ жігіттер алдап далаға алып кеткен. Кикілжің кезінде ұзындығы бір метр, диаметрі 30 сантиметр құбырмен қанжоса қылып сабапты делінген тергеу материалында.

Марқұмның туыстары: "Азамат Қалбағаевты бақилық қылған – бірге өскен достары", - дейді. Тіпті жабылып ұрғандардың ішінде ауылға сыйлы адамдардың ұлдары бар көрінеді.

“Ішінде ұстаздардың балалары бар. Жақсы-жақсы жерде қызмет еткен балалар. Ата-аналарының алды – дәрігер. Жаңағы алып кеткен құдам деп, алып кетіп жатқан адамның өзі де ту сыртынан келген жаудың өзі”, – деді Есбол ауылының тұрғыны Сағима Кенжеғалиева.

Ауылдың 10 жігіті Азамат Қалбағаевты аяусыз ұрған. Есінен танып қалған соң жантақтың арасына тастап кеткен. Кейін қанішерлер қылмыстың ізін жасыру үшін Жайық жағасына барып, үстіне жұққан қанды жуып-шайып тастайды.

Топтасқан жігіттерден әбден зәбір көрген Азаматты ауыл адамдары екі сағаттан соң тауып алады. Алайда жансақтау бөліміне жеткенше ол жан тапсырады. Марқұмның ағасы Алмас Қалбағаев "інімнің сау жері қалмаған" деп қапалы. Бауырымды 10 адам жабылып жүріп өлтірсе де, тек төрт-ақ сезікті қамауға алынды деп тәртіп сақшыларынан күдіктеніп отыр.

“Аяқ-қолы бәрі сынған, басы жарылған, қабырғалары сынған. Денесінің бәрі қан. Осы 10 бала ұйымдасып келді ғой. Он баланың бәрі жазасын алу керек. Неге бостандықта жүр? Демек оларды біреу қорғаштап отыр”, – деді Есбол ауылының тұрғыны Алмас Қалбағаев.

Қанды қылмыс бүкіл ауылды дүр сілкіндірді. Қамауға алынған бір күдіктінің анасы Сәуле Әзербаева "баламның мұндай сұмдық жасауы мүмкін емес" деп ақталды.

“Қиын жағдай болды. Орны толмас қайғы болғанына қатты қиналып тұрмыз. Енді баламыздың ойламаған жерден сол жерге кіріп кеткеніне қатты қиналып қалдық. Неге оны бірдей қамамайды, неге төртеуі тергеледі?”, – деді Есбол ауылының тұрғыны Сәуле Әзербаева.

Ауылы аралас, қойы қоралас ауыл азаматтарының бұл қылығы енді заңмен жазаланады. 10 күдіктінің алтауы не үшін қамауға алынбағанын полиция департаменті түсіндіріп берді.

“Қасында жүрді екен деп бәрін қамай алмаймыз. Оны ертең жарақаттарына байланысты тергеу жүргізіп, әрекетіне байланысты баға беріліп, протокол шарасы қолданылады”, – деді Атырау облысы ПД тергеу бөлімінің бастығы Нұрмұхамед Мүтәлиев.

Бостандықтағы алтаудың қылмысқа қаншалықты қатысы барын енді тергеу анықтайды.
Просмотров материала: 31 052

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 144 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 188 689 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 244 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 296 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 188 629 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 012 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 124 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 393 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 697 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 836 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 329 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 286 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 524 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 341 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 175 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 513 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 421 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 110 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 516 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 266 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 220 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 056 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 894 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 179 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 614 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 287 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 934 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 200 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 568 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 957 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 904 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 971 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 936 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 153 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 298 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031