3 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың достары күдіктілердің бәрі ұсталмағанын айтты

22 январь 2019, 12:16
Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың достары күдіктілердің бәрі ұсталмағанын айтты


Қарағанды облысында браконьерлердің қолынан ажал құшқан табиғат қорғаушы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі қасақана болуы мүмкін. Тергеуге көңілі толмаған марқұмның достары осылай дейді. Себебі сол күні екінші көлікте болған 4 күдікті босатылыпты деген ақпараттан құлағдар болған. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ерлан оларға кедергі болды. Оны жай өлтірген жоқ. Осы екі джипті ұстаймын деп былтырдан бері айтып жүрген», – дейді марқұмның досы Абзал Масабаев.

«Кеше ғана Теннің сотында екі жігітті соттады. Ал қызды қылмысты жеткізбегені үшін соттап жатыр. Ал бұларды неге жібереді? Ол төрт адамның аты-жөнін бермей отыр. Неге бермейді? Оның ар жағында бір іс жатыр», – дейді марқұм Ерлан Нұрғалиевтің досы Ғалым Садықов.

Қылмыс орнында күдіктілермен бірге болған 4 азаматтың аяқ асты куәгер болып кеткенін Нұрғалиевтің достарының көңілін күпті етіп отыр екен. Олардың сөзінше, бұл істің артында лауазымды тұлғалар болуы мүмкін. Сондықтан істі жылы жауып тастай ма деп алаңдаулы. Марқұмның жоғын жоқтағандар Ішкі істер министрлігінің күдіктілердің ішінде полиция қызметкерлері жоқ дегеніне де сенбейді. Ал Қалмұханбет Қасымовтың жараланған Ерлан Нұрғалиевті ұшақпен жеткізуге ауа райы қолайлы болмады деген сөзі мүлдем қисынсыз дейді.

«Минус үш градус қана болды. Қолайсыз болды дейді. Қорғалжын жақта, ол жақта боран болған жоқ», – дейді марқұмның досы Болат Хамитов.

“Еуразия бірінші арнасының” мәліметінше, марқұм инспектордың жерлестері ресми ақпаратқа сенбейді. Бұлардың артында басқа біреулер бар дейді. Осы үшеуінен бұрын ұсталған 4 күдіктінің аты-жөнін жарияласын, неге жасырып отыр дейді баршындықтар.

«Оларды куәгер деп шығарып салмақшы. Олар айтады екен: «Біз тоқтаған жоқпыз. Қашып кеттік, аналар ұрып өлтірді», – деп. Оларды қалай жібереді? Ең басты куәгер Петр Ницык қорқып отыр үйінде», – дейді Барыш ауылының тұрғыны, Ерлан Нұрғалиевтің досы Абзал Масабаев.

Сарыарқаның төсінде, Қорғалжын қорығының төңірегі, Теңіз көлімен Нұра өзененің бойын жайлаған ауыл халқы бұл маңға аң-құс ататын браконьерлердің жиі келетінін айтады. Шенді, лауазымды адамдарды талай көрдік дейді.

Қанша шағымданғанымен, дәлел жоқ деп іс жабылып қалады екен. Бұл жолы бей жай қалмаймыз, қажет болса атқа қонып, күдіктілерді өзіміз жазалаймыз деп отыр.

«Өз қолымызбен ұстаймыз. Ең құрығында 4 адамның бізге аты-жөнін жариялап берсін. Оның ақ-қарасына жететін халық бар бізде. Баршын төңірегінде бір адам жай жатпайды», – дейді Баршын ауылының тұрғыны, Ерлан Нұрғалиевтің досы Болат Хамитов.

Ал Ішкі істер министрлігі жариялаған үш күдіктінің бірінің ата-анасы баласы үшін барша халықтан кешіріп сұрап, қатты күйініп отыр.

«Мен Ахметов Беріктің әкесі боламын. Бұл істегеніне қатты өкініп тұрмын. Қайтыс болған жігіттің отбасынан, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Ойнақтап жүрген балам от басты. Айта алмаймын, кешіріп сұраймын. Толқып тұрмын», – дейді күдіктінің әкесі Мейрамбек Ахметов.

Баршын ауылы тұрғындарының сөзінше, екі машина, жеті адам болған. Көліктің бірі Ерлан Нұрғалиевті соққыға жығып жатқан кезде, ізін суытып үлгерген. Ішінде лауазымды біреу барма деп секем алады ауылдастары. Бірақ, істің ақ қарасына жетпей қоймаймыз дейді.

«Қай министр, қай лауазымды адам тықса да біз қоймаймыз оны. Айтқанымыз айтқан. Көз жұмғандарына төзіп болдық. Халық ашынды».
Просмотров материала: 1 454

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 173 501 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 173 335 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 172 955 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 005 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 173 294 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 206 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 344 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 571 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 625 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 787 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 484 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 928 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 388 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 229 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 050 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 252 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 323 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 994 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 384 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 106 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 119 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 953 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 785 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 043 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 987 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 502 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 975 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 821 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 098 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 433 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 839 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 793 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 841 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 800 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 025 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 169 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930