18 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Абайдың 176 жылдығы: бүгін ұлы ақынның туған күні аталып өтеді

10 август 2021, 9:46
Абайдың 176 жылдығы: бүгін ұлы ақынның туған күні аталып өтеді
Бүгін Қазақстанда Абай күні мерекеленеді. Бұл дата 2020 жылы үкімет қаулысымен Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл хәкімнің туғанына 176 жыл болды.

Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында Шыңғыстауда туған. Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.

Бала Абай әжесі Зеренің таусылмайтын аңыз-ертегілері мен сөзге шебер анасы Ұлжанның тәрбиесін көріп өскен. Әуелі Абай әкесі өз туыстарының балаларын окытамын деп "Ескітам" деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Одан кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алды. Ал 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Сол жерде араб, парсы тілдерін меңгеріп шыққан. Осы үш жылда алған білім Абайға өмірлік азық болды.

Осылайша ауылға әкесінің шақыруымен оралған Абай 13 жасынан бастап ел басқару ісіне араласты.

Абайдың шығармашылығы
Абай алғашқы өлеңін 10 жасында жазған. Ол қазақ өлеңіне шалыс ұйқас, ерікті ұйқасты енгізіп қана қоймай, "Қансонарда", "Сегіз аяқ", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" секілді мазмұны мәнін жоғалтпайтын өлең жазды.

Сондай-ақ Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" шығармасынан "Татьянаның хатын" және "Ленскийдің сөзін", Михаил Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы" және тағы басқа өлеңдерін казақ тілінде сөйлетті.

Абайдың артында 176 өлеңі, 3 поэмасы, 45 ғақлия сөзі қалды.

Абайдың қара сөздері (1-15)
Абайдың қара сөздері (16-30)
Абайдың қара сөздері (31-45)
Абайдың 175 жылдығы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Соған байланысты жыл көлемінде Абай мұрасы насихатталып, "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Былтыр 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.


Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатқа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.


Әрі қарай бұл бастама қазақстандықтар мен шетелдіктер тарапынан қолдау тапты.

Абай жылында не іске асты?
Былтыр Еуразия ұлттық университетінде "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу институты құрылды, ТҮРКСОЙ ұйымы 2020 жылды "Абай жылы" деп бекітті.

Абай шығармаларының толық жинағы француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай және түрік, жапон, неміс, италиян тіліне аударылып, 3 000 данадан астам таралыммен жарық көрді. Кітаптар әлем кітапханаларына таратылды.

Қазақстанның Сингапур, Болгария, Мысыр, Пәкістан, Венгрия, Иран, Эфиопия және Италиядағы елшіліктерінде Абай орталығы ашылды.

Абайға арналған мемориалдық тақта Түркия және Румынияда ашылды, ал Тбилисиде орталық көшелердің біріне Абай есімі берілді.

2020 жылы Қазақстанда бір әуежайға, 6 мектепке, 3 даңғыл мен 10 көшеге Абай аты берілді. Ел бойынша 7 ескерткіш пен 2 бюст орнатылды.

Сондай-ақ мерейтой аясында Қазақстан президентінің 24 наурыздағы жарлығымен әдебиет пен өнер саласындағы Абай Құнанбаев атындағы Мемлекеттік сыйлық тағайындалды.

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл Абайдың туған күніне орай іс-шаралар тек жергілікті деңгейде өтеді.


Просмотров материала: 2 416

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 067 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 899 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 527 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 575 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 857 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 079 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 216 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 439 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 445 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 609 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 333 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 851 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 347 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 201 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 019 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 215 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 963 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 350 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 069 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 087 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 920 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 755 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 018 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 958 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 474 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 942 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 793 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 064 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 393 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 808 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 763 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 816 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 767 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 994 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 140 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031