3 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БҮГІН АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 172 ЖЫЛ ТОЛДЫ

10 август 2017, 10:13
БҮГІН АБАЙДЫҢ ТУҒАНЫНА 172 ЖЫЛ ТОЛДЫ Қазақтың қайталанбас ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына бүгін тура 172 жыл толып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жыл сайын 10 тамызда атап өтсек те, зиялы қауымның басым бөлігі Абайдың шынында, туған күні 23 тамыз деп есептейді. 1917 жылы ескі жыл қайыру бойынша сол уақытқа дейінгі мерзімге жаңа күнтізбе бойынша 13 күннің қосылғанын ескерсек, расында да ақынның өмір есігін ашқан күнді 23 тамыз деп айтуға болады.

Тіпті Қайым Мұхамедханұлының өзі көзі тірісінде соңғы нұсқаны дұрыс деп айтып кеткен деседі. Бірақ Абайдың туған күні жылдағы дәстүр бойынша 10 тамызда тойланып келеді.

Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 (немесе 23) тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өмір есігін ашқан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өз заманында тобықты руына басшы, уездің аға сұлтаны болғаны белгілі. Анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәрбиесінде өскен Абай өсе келе Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде білім алған. Араб, парсы сынды шығыс халықтарының тілін білуі Абайдың алдында білімнің ұшан-теңіз көкжиегін ашып, Шығыстың Науаи, Низами, Жами, Саади, Хафиз, Фирдоусидың шығармаларын сусындатқан. Әке талабы жас Абайды ел тірлігіне араластырып, ел басқаруға баулуды ұйғарған еді.

Осылайша, Құнанбайдың еркімен 13 жасында елге қайтып келген Абай қазақ даласына ыдырай бастаған рулық қатынастардың кереғар қайшылықтары мен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын түйсініп өседі. Кейін «Болыс болдым, мінеки» дегеніндей, 1870 жылдардың ішінде Қоңыр-Көкше еліне болыс болады. Абай ел ішіндегі жер мен жесір дауына араласып, әділ төрелік етеді. Өз өмірінде Семейге айдалып келген Михаэлис, Долгополов, Леонтьев қатарлы демократтармен таныс-біліс болған.

Озық ойлы зиялылардың саяси-әлеуметтік көзқарасы Абайға да әсер еткені даусыз. Бірақ Мұхтар Әуезовтың «Кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мәдениетін мол, терең тани бастаған Абай Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың мұраларын оқып, кең, терең тәрбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына және ұлы даналарына қиянат сөз болар еді. Абай орыстың ақын-жазушыларымен бірге Еуропаның Гете, Байрон сынды ақындарын, Спенсер, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыған.

1891 жылы Оразбай бастаған дау бірнеше жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абайға жасалған қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиіркенішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. «Мыңмен жалғыз алысып», «моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным» дейтін Абайдың өлеңдерінен-ақ ақын өмірінің күреске толы болғанын аңғаруға болады.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 ж.ж. аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін жинауды шәкірттеріне ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-1898 жылдар аралығында қолға алған. 1890 жылдардан кейін Абайдың басына ауыртпалық түсіп, інісі Оспан жарық дүниемен қоштасады. Тағы бірнеше жылдан кейін әскери білім алған, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан, одан ары Мағауиядан көз жазуы ақынды біржолата қажытып жіберген еді.

Қабаттасқан қайғы қасіреттерге шыдамаған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң дүние салады. Ақынның Жидебай мекеніндегі жерленген жерінде қазақтың ұлы екі перзенті - Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.

Абайдың ақыл-ойынан туған мұрасы - айналып келгенде Алашқа үндес қазақтың ұлттық идеясы еді. Ақынның ұлы жүрегі тоқтағаннан кейін де Әлихан Бөкейханұлының ақын шығармаларын жинақтап, басып шығаруға күш салуы, Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деп баға беруі де сондықтан.
Просмотров материала: 2 686

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 799 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 374 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 898 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 956 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 306 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 276 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 378 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 666 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 094 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 209 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 569 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 436 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 566 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 212 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 689 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 457 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 149 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 550 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 319 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 258 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 934 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 228 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 152 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 653 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 454 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 243 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 616 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 997 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 939 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 025 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 982 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 192 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 347 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930