20 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Өскемендегі Абай мен Михаэлис ескерткіші қайда кетті?

Өскемендегі Абай мен Михаэлис ескерткіші қайда кетті? Былтыр жазда хакім Абай мен оның замандасы әрі досы Михаэлиске Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында ескерткіш орнатылған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен келер тұста қойылған мүсіндердің асығыс әрі ұқсамағаны көпшіліктің көзіне оттай басылған-ды. Ескерткіш мүсінде Абай атамыздың басын қауғадай, денесін қортық етіп кішірейтіп, ал Михаэлисті суретке түсейін деп тұрғандай бейнелеген еді. Жасаған мүсінші осал ма, әлде «гипс» жетпей қалды ма, ол жағы белгісіз… Анығы, екі кемеңгердің ескерткіш нобайы көпшіліктің тарапынан қатты сынға ұшырап, мүсін орнатылғаннан кейін екі күннен соң алынып тасталған. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өзінің «Twitter» әлеуметтік желісінде жазған.
Өскемендегі Абай мен Михаэлис ескерткіші қайда кетті?













Міне, содан бері ескерткіштің орны бар да, мүсіні жоқ. Интернет-сайттардағы мәліметтерде, Өскемен қаласының әкімдігінің баспасөз өкілі Аяужан Әшімова ескерткіш жақын арада қайта орнатылады деп еді:

«Өскемен қаласында Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысында қойылуы тиіс Абай мен Михаэлиске арналған ескерткіштің о бастағы бекітілген макетке сәйкессіздігі анықталған. Сөйтіп, ескерткіш қайтадан авторлардың шеберханасына қайтарылды. Ескерткіш дайын болғанда қайта орнатылады. Авторлары Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов. Ескерткіш фибробетоннан жасалған. Ал технология бойынша мұндай материалдан ескерткіштер 10, әрі кетсе 30 күн ішінде жасалады. Ескерткіштің құны дайын болғанда анықталады. Әзірге ескерткіш авторларына ешқандай қаражат төленген жоқ», - деген екен. Алайда, одан бері 10 немесе 30 күн емес, жарты жылдан астам уақыт өтті. Ескерткіш жоқ.
Өскемендегі Абай мен Михаэлис ескерткіші қайда кетті?



















Араға уақыт салып, Өскемен тұрғындары жетім тұғырға қарап, қос тұлғаға арналған ескерткішті қайта іздей бастады. Жергілікті басқару жүйесі ұмытса да, халық ұмытпапты. Бұл туралы бүгін сайтымызда жазған болатынбыз. Қала тұрғыны Сәрсенбек Смағұловтың айтуынша, ескерткіш қойылғаннан кейін ол тапсырушыға да, тұрғындарға да ұнамаған. Сондықтан алынып тасталған. «Қайта орнату үшін әкімшіліктің құлағын әкім бұрау керек. Әлі бұрайтын адам жоқ. Мен сол маңнан жиі жүремін. Ескерткішсіз тұғырдың тұрғанына көп болды»,- дейді Сәрсенбек Смағұлов.
Өскемендегі Абай мен Михаэлис ескерткіші қайда кетті?















Ескерткіштің қашан қалпына келтірілетіні қала тұрғындарын былай қойғанда, әкімшілік қызметкерлі үшін де беймәлім. Осы ретте, мәселенің мән-жайын анықтау үшін ШҚО құзырлы орындарына хабарласқан едік. Алайда, біріне-бірі сілтеген облыс әкімдігінен тұщымды жауап алу қиынға соқты.

Тек Өскемен қаласы, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Жанар Алқанова сауалымызға жауап қатты: «Біз биыл қаңтар айында осы Абай мен Михаэлистің мүсінін қайта жасау үшін байқау жариялағанбыз. Бұл байқауға 30 күн ішінде мүсіншілер өз ұсыныстарын білдіріп, үздік деп танылғаны мүсін жасайды. Мақсат – мүсіншілер арасында сапалы, көркем, жақсы идеясы бар ескерткіш жасау. Бұл туралы «Казахстанская правда» газетінің осы жылдың 24 қаңтардағы санында хабарландыру жарияланды. Байқау қатысушыларының өтінішін арнайы құрылған комиссия қарап, шешімін шығаратын болады. Мүсіннің қашан бітіп, орнатылатыны және қаржы қоры белгісіз», — деп қысқа қайырды.

Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойы. Осы мереке қарсаңында ұлы бабамызды ұлықтап, ұлылығын танудың орнына ескерткішін ергежейлеп қоюмыз ұлттығымызға сын емес пе?

Уақыт – төреші. Мәселе біздің тараптан айтылды, ал оның мәнісін анықтап, олқылықты реттеу Шығыс Қазақстан облысы атқамінерлерінің еншісінде қалып отыр.

Жания ӘБДІБЕК, Матрица.kz
Просмотров материала: 3 156

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 093 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 761 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 260 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 297 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 673 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 392 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 426 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 747 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 394 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 463 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 653 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 764 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 855 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 535 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 415 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 645 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 385 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 787 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 586 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 419 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 263 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 118 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 462 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 351 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 116 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 172 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 414 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 800 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 155 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 092 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 229 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 171 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 389 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 540 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31