16 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бойдақтарға арналған: жыл соңына дейін отбасылы болғың келе ме?

22 июль 2021, 16:46
Бойдақтарға арналған: жыл соңына дейін отбасылы болғың келе ме?
Сүрбойдақ жігіттер мен оң жақта отырып қалған қыздардың саны артпаса, азайып жатқан жоқ. Ата-аналар ұл-қызына «Көзімнің тірісінде отбасылы бол» дегеннен басқа ешнәрсе айта алмайтыны анық. Өйткені бәрі де перзентін ренжітіп алмауды ойлайды. Ал психологтар қандай ақыл айтар екен?

Жантану мамандары адам жар таңдағанда, танысқанда «Ол маған лайықты ма?» деген сұраққа жауап іздейді. Мұндай сұрақ өзгеден әйтеуір бір мін, кемшілік іздеуге жетелейді. Отбасы құруда жолы болмай жүргендердің басты қателігі осында. Жар таңдағанда «Мен оған лайықтымын ба?» деген сұрақты қойып үйренген қыз-жігіт уақытын құр қиялмен өткізіп алмас еді дейді.

Әрине адам өзін бағалап, өзгеден кем санамауы керек. Қызметте, басқа да қажеттіліктерде адам өзінен биікке ұмтылғаны дұрыс. Бірақ өзінен сәл төмендеу немесе тең адаммен өмір сүрген жеңілірек әрі оңай дейді психологтар. Сондықтан да адам артықшылықтарымен бірге кемшіліктерін де білгені жөн екен.

Осы орайда бір психологтың бойдақтарға ой салатын әңгімесін келтірейік.

Бір психологтың әңгімесі:

«Менің бір құрбым бар. Есімі – Ақжан. Орта бойлы, білімі де орташа, яғни мектептен соң институтта оқымаған. Қара торы, қарапайым қыз. Жұмысы да қарапайым, қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде сатушы. Ұзақ жылдан бері пәтер жалдап тұрады.

Ақжанның жасы 32-ден асты. Бірде «Күйеуіңнің бойдақ достары болса, таныстырсайшы» деп, өзі қолқа салды.

Құрбым өзі сұранып тұрған соң, сол күні күйеуіме «Жақсы жігіт бар ма? Ақжанмен таныстырайық» дедім. Күйеуім автомеханик, өзімен бірге жұмыс істейтін жасы 40-тағы үйленбеген, еңбекқор Еркін есімді жігіт туралы айтып берді. Жігітті сырттай көргенмін. Ұзын бойлы, келбетті жігіт. Сөзі де түзу. Кемшілігі – жоғары білімі, баспанасы жоқ. Жұмысы көлік жөндеу болған соң, қолдары, киімі үнемі май боп жүреді. Қырынып, жуынып-шайынса, қырлы шалбар киіп алса әп-әдемі жігіт.

Ақжан таныспас бұрын «Жігіт не жұмыс істейді? Үйі бар ма? Көлігі ше? Табысы қанша?» деп сұрақты жаудырды. Жасырмай жігіттің жағдайын айттым. Ақжан «Маған оқымаған, жұмыстан басқа ешнәрсесі жоқ жігітті тең көрдіңдер ме?» деп ренжіді. Ол жігіттің тек кемшіліктерін санап әуре. Ал мен «Басы бос, мүлде үйленбеген, ешкімге алимент төлемейді, бойы ұзын, былапыт сөз айтпайды, ішпейді, шекпейді» деп артықшылықтарына назар аудартқым келді. Алайда құрбым тыңдағысы келмеді.

«Мейлі, сонда сен өзіңе қандай жігітті лайық көресің?» деп сұрадым. «Банктың, тым болмаса шағын бір кәсіптің директоры болса деймін. Май сасып емес, қымбат иіс су сеуіп, таза киініп жүретін жігіттер ұнайды. Қалада баспанасы, астында көлігі болуы керек. Осындай еркектің екінші, тіпті үшінші әйелі болуға келісер едім» деді. Өзі директор, қымбат көлігі, баспанасы бар, үйленбеген жігіт 30-дағы қызға үйлене ме, әлде 20 жасар қызға ма? Ондай жағдайы бар еркек Ақжан сияқты қарапайым қызбен қандай тақырыпта әңгімелеседі? Ондай еркек қызығатындай тым болмаса сұлу сымбат та жоқ Ақжанда.

Бірақ бұл ойымды құрбыма айта алмадым. Күйеуімнің досына да Ақжанның сөзін айта алмай қиналдым. Бірақ таныстыратын күн, кафе белгіленіп қойғандықтан, оның орнына басқа құрбымды ертіп бардым.

Бұл құрбым да тұрмысқа шықпаған, жасы 28-де. Есімі – Гүлжан. Жоғары білімі жоқ, шаштаразда жұмыс істейді. 15-20 кг артық салмағы болмаса, жуас, үй тірлігіне пысық, сүйкімді қыз. Көп сөйлемейді, күйеуінің ас-ауқатын дайындап, бала тәрбиелеп үйде отыратын, қанағатшыл әйел болады. Еркінге осындай жар керек. Кездесуден соң Гүлжан Еркінді ұнатып қалғанын, тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты. Бірақ оны Еркін ұнатпады.

«Несі ұнамапты?» деп сұрадым күйеуімнен. Еркін «Толық екен. Көзі қысық. Маған модель сияқты ұзын бойлы, сұлу қыздар ұнайды. Сәнді киініп, шашын жайып, тырнақтарын бояп жүретін жас қызға үйленем» депті. Күйеуім «Бастысы, тұрмысқа шықпаған, баласы жоқ қыз. Мінезі де жайлы, тамақты дәмді пісіреді, шаруақор. Айтқаныңа көнеді» дегенімен, досы «Ол маған лайық емес» деп теріс бұрылыпты.

Ал жас әрі үнемі әсемдік салонынан шықпайтын сәнгер Еркін сияқты жігітке тұрмысқа шыға ма екен? Күйеуім «Үнемі боянып, сыланып, сәнді киініп жүретін қызды қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге, шығындарын өтеуге сенің табысың жетпейді ғой. Ондай қыздар отызда орда бұзбаған, қырықта қамал алмаған сені қайтсін?» деп айтқысы келіпті, бірақ досының көңіліне қарап айта алмапты.

Ақжан мен Еркін «Ол маған лайық емес» деудің орнына «Мен оған лайықтымын ба?» деген сұрақты қойып, шынайы жауап берсе, бір-біріне тең екенін түсініп, осы уақытта бала-шағалы боп отырар еді.

Ақжан да, Еркін де үйге жиі кеп тұрады. Олар біздің балаларымызды көрген сайын «Бақыттысыңдар ғой. Балаларың өсіп қалыпты» деп қызығады. Олар өздері байқамайтын шығар, бірақ бұл сөзі арқылы бақыт балалы болуда, екі адамның бір-бірін сыйлап, түсінісіп өмір сүруінде екенін олар мойындап отыр. Егер бақыт – байлықта, қымбат көлік пен биік лауазымда болса, екеуі де бізді бақыттыға теңемес еді. Бізде қымбат көлік жоқ, үш бөлмелі шағын үйде тұрамыз, екеуміздің де жұмысымыз қарапайым, жалақымыз орташа. Бірақ Ақжан мен Еркін айтпақшы, біз бақыттымыз. Өйткені бір-бірімізбен әңгімеміз жарасады, бір-бірімізді сүйеміз, ортақ балаларымыз бар».

Психолог әңгімесін аяқтай отырып, қай жағынан болса да бір-біріне тең адамдардың бақытты болуы оңай дейді. Ол өз әңгімесіндегі Ақжан мен Еркін типтес бойдақтарға «Мен оған лайықтымын ба?» деп сұрақ қойып, жауап беруге кеңес береді. Сонда отбасы құру жылдам әрі оңай болады екен.

Ал, бойдақ оқырман, сіз ұнатып жүрген адамға лайықтысыз ба? Шынайы жауап беріңіз.

Дереккөз: ernur.kz


Просмотров материала: 946

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 148 314 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 148 122 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 147 779 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 147 803 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 148 106 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 753 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 905 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 056 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 645 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 845 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 837 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 011 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 901 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 781 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 603 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 740 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 893 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 559 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 926 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 658 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 662 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 505 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 348 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 601 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 543 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 054 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 474 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 385 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 623 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 974 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 382 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 365 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 409 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 350 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 578 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 726 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031