21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жаздың күні бақшаны таңертең суғаруға болмайды

Жаздың күні бақшаны таңертең суғаруға болмайды
Бақшаны мол және жиі суғарған жағдайда мол өнім алуға болады деу - қателік. Жаздың аптап ыстығы адамдарға ғана емес, өсімдіктерге де оңай тимейді. Ыстықтан көктемгі еңбектің барлығы зая кетіп, бау-бақша қурап, өнім бермей қалуы мүмкін. Алайда бұл жағдайдың да шешімі бар. Ол үшін тек өсімдіктерді қай уақытта, қалай, қандай сумен суғару керек екенін және топырақ ылғалды ұстап тұру үшін не істеу керектігін білсеңіз болғаны.

Бақшаға қай уақытта және қалай су берген дұрыс?

- Аптап ыстықта өсімдіктерді жаңбырлатып суғаруға болмайды. Себебі жапырақтарға тиген су түрлі зең ауруының тууына алып келеді.

- Ыстық ауа-райында өсімдіктерді суғарудағы ең басты ескеретін жайт – ол топырақтың қажетті мөлшерде ылғалдануы. Себебі көптеген өсімдіктердің тамыры тереңге кетеді. Сондықтан суғарған кезде тамырға жететіндей етіпсу құю қажет. Мысалы, салат жапырағына, аскөкке бірнеше шелек су құйғаннан, сәбізді молынан суғарған дұрыс. Себебі салат жапырағының тамыры аса тереңге кетпегендіктен топырақтың беткі қабаты ғана ылғалданса жетеді.

Бақшаны дұрыс суғарып жатқаныңызға көз жеткізу үшін төмендегі кішігірім амал, тәсілді қолданып көріңіз:

- Өсімдіктерді әдеттегідей суғарып алыңыз. 10 минуттан соң суғарылған жерді күрекпен қазып, топырақтың қаншалықты терең сіңгенін көруіңізге болады.

- Мамандардың пікірінше өсімдіктерге ыстық, құрғақ ауа-райында шамамен әр шаршы метрге 15-25 литр су қажет болады екен.

Жазда бақшаны салқын сумен суғаруға бола ма?

Топырақты жұмсарту үшін бақшаны қай мезгілде болмасын жылы сумен суғару керек. Әсіресе түйіндеп өнім беріп, пісіп жатқанда. Бақша суғаратын судың жылылығы 6-7 градустан төмен болмағаны дұрыс.

Ал бақшаны салқын сумен суғару - ол тамыр жүйесінің шіруіне, түйнек пен гүлдердің түсуіне, дұрыс өнбей қалуына алып келеді.

Ылғалды қалай сақтауға болады?

Әрбір бақша өсірген жан ыстық, құрғақ ауа-райында тек дұрыс суғаруды ғана емес, сонымен бірге топырақтың ылғалын сақтауды да білгені жөн.

Бұл үшін топырақтың беткі қабатын қопсытқан дұрыс. Себебі кесектеліп қалған топырақтан ылғал тез буланады.

Тағы бір тәсіл – жабын қолдану. Ол үшін ағаш үгіндісін, балалар жөргегінің ішіндегі затын (қолданылған жөргек те жарайды) пайдалануға болады. Қажетті заттың бірін топырақтың беткі қабатына аз ғана мөлшерде араластыру керек. Сонда топырақтағы су тез буланып, құрғап кетпейді.

Ескеру: Ылғалды ұстайтын жабын ретінде шөп, сабанды қолдануға болмайды. Олар шіріп, түрлі ауруларға және зиянкестерге жол ашады.

Ағаштарды суғарудың өз тәсілі бар

Ағаштарды суғару үшін оның түбіне су құюдың қажеті жоқ. Оның ерекше тәсілі бар. Ол әдіс, біріншіден, көп уақыт пен күшті қажет етпейді. Екіншіден, артық су жұмсалмайды (ағаш тамырына жету үшін бірнеше шелек су қажет).

Ағаш тамырларына қарай 2-3 кішкене ін секілді шұңқыр қазыңыз. Суды сол тесіктен құйыңыз. Сонда су тікелей тамырға жетіп, ағаштың түбіндегі топырақтың беткі қабаты құрғақ күйінде қала береді. Ал топырақтың беткі қабаты құрғақ болған соң төмендегі ылғал тез буланбайды.

Бақшадағы көкөністер

Жаздың аптап ыстығы ең бірінші қияр мен қызанақ үшін қауіпті.

Қызанақ. Қатты ыстықтан қызанақтардың гүлдері түйіндемей жатып түсіп қалады. Сондай-ақ жапырақтары ақшыл тартып, бұрала бастайды. Қызанақты мұндай жағдайдан құтқару үшін, жоғарыда ағашты суғаруға арналған тәсілмен, топырақтың беткі қабатын ылғалдамай, тек тамырдан ғана суғаруға болады. Ол үшін пластик бөтелкенің аузын төмен қаратып қызанақтың түбіне (тамырына қарай) жартылай көму керек. Екі бүйірінен су ағатын тесік жасалып, жоғары қарап тұрған түбі қақпақ тәрізді етіп кесіліп алынады. Ішіне су толтырып, тез буланып кетпес үшін қақпағын жауып қоясыз.

Қияр. Қияр қызанаққа қарағанда суды аз ішеді, бірақ күтімді бірдей қажет етеді. Мамандардың айтуы бойынша қиярды қатты ыстықта 1 шаршы метрге 12 литр су есебімен суғару қажет. Сондай-ақ қияр ылғалды ауаны жақсы көргендіктен оған су бүркіп тұруды ұмытпаған дұрыс. Суды кешкі мезгілде бүркіген жөн. Себебі таңертеңгі су буланып жаапырақтардың күюіне алып келеді. Ал күндіз жапырақтар қатты күйіп кетпеу үшін бетін жұқа, ақ материалмен жабуға болады. Себебі жапырақ қиярдың жүрегі саналады. Егер жапырақ сарғая бастаса, онда қияр өнім бермейді. Сондай-ақ қатты ыстықта қиярдан өзге асқабақ, кәді секілді тамыр жүйесі кішкентай дақылдардың да бетін кешке дейін көлеңкелеп қойған дұрыс.

Дереккөз: ernur.kz
Просмотров материала: 4 779

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 106 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 940 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 581 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 607 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 912 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 466 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 645 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 711 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 898 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 045 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 423 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 646 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 453 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 267 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930