22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Желідегілер вакцина алғаннан кейін өлгендер туралы дақпыртты жаппай бөлісіп жатыр

01 июль 2021, 15:16
Желідегілер вакцина алғаннан кейін өлгендер туралы дақпыртты жаппай бөлісіп жатыр
Әлеуметтік желіде қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін қайтыс болғандар туралы жаңалық сюжеттерінің үзіндісімен бөлісіп, абдырап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірақ видеода кісі өлімнің расталған-расталмаған себептері айтылатын жері, мамандардың пікірлері алынып тасталған.

Видео өткен жылдың 22 қазанында Рен ТВ телеарнасының эфирінде шыққан "Таңғы жаңалықтар" бағдарламасы шығарылымының үзіндісінен басталады. Кадрда тележүргізуші AstraZeneca вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысқан бразилиялық еріктінің қайтыс болғаны туралы хабарлайды. Сюжетте жаңалықты жария еткен кезде жас жігіттің өлімінің себебі анықталмағаны айтылады. Сондай-ақ оның вакцина әлде плацебо алғаны да белгісіз болған. Қазақстандықтар таратқан роликте бұл ақпарат жоқ. Сонымен бірге, Reuters басылымы өлімнің екпе жасатумен байланысы туралы мәліметтер жоқ екенін хабарлаған, деп хабарлайды stopfake.kz.


Содан кейін видеода Красноярск қаласында вакцина салдырып, үйіне бара жатып қайтыс болған ер адам туралы айтылады. Оның қайтыс болғаны жайлы ресми жаңалықтарда мұндай мәліметтер берілмейді. Полицияның хабарлауынша, өлімнің себебін медициналық сараптама анықтауы тиіс болған.

Одан әрі видеода "Челны ТВ" телеарнасының сюжетінен алынған үзінді ұсынылған. Онда Набережные Челны қаласының тұрғыны туралы айтылады. Сюжет әлеуметтік желілерде толық тарамаған: қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі марқұмның созылмалы аурулары болғаны, сондай-ақ олардың асқынуы өлімге әкелгенін хабарлаған бөлігі жоқ. Бұл жағдай вакцина алумен байланысты емес.

"Одан әрі роликте Ресей мен Қазақстанда вакцинацияланған адамдардың өлімі туралы тақырыптардан құралған слайд-шоу басталады. Шын мәнінде, олардың ешқайсысы вакцина алумен байланысты емес. Видеода айтылған санктпетербургтік зейнеткер созылмалы ишемиялық жүрек ауруы салдарынан болған жүрек ұстамасынан жан тапсырған. Медициналық сарапшылар оның ағзасынан вакцинаға теріс реакция белгілерін таппады", - дейді мамандар.
Видеода көрсетілген Карелия тұрғынының да өлімінің нақты себебі хабарланған жоқ. Алайда мамандар вакцина алғаннан кейін ер адамда суық тию нәтижесінде пневмония болғанын айтқан. Марқұмның өлімінің вакцинамен байланысы барына ешқандай дәлел жоқ.

Бұл туралы Ярославль облысының Денсаулық сақтау департаментінің директоры Василий Тубашов хабарлады.

– Мамандар науқастың өлімін вакцинациямен байланыстырмайды. Егжей-тегжейлі жан-жақты сараптама нәтижелері бойынша ғана қорытынды жасалады. Вирусологиялық зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияны растайтын мәліметтер алынған жоқ. Айта кетейік, вакцина құрамына тірі патогендік вирустар кірмейді және ол аурудың дамуына себеп бола алмайды, – деп жазады "РгоГород" басылымы.
Мәскеулік мектептердің бірінің мұғалімінің өлімінің де себебі вакцинацияға қатысты емес. Мәскеу қаласының Денсаулық сақтау департаменті "Накануне.RU" басылымына хабарлағандай, науқас вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін сегіз күн өткен соң жедел трансмуральды миокард инфарктісі салдарынан көз жұмған, оның дамуының вакцинациямен ешқандай байланысы жоқ.

Бейнероликте қазақстандық баспасөзде кеңінен жарияланғанына қарамастан, Алматы тұрғынының қазасы туралы да айтылады. Мамандар өлімнің алдын ала себебі жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі деп атады. Ер адамның өлімі мен вакцина салдырудың арасындағы байланыс расталған жоқ.

Бұдан кейін видеода екпе алған Волгоград тұрғынында ауыр тромбоздың дамуы туралы тақырыптар көрсетіледі. Шын мәнінде, вакцинация әйелдің жағдайына әсер етпеген. Мәтінде вакцинацияға дейін онда артериялық жүйенің созылмалы ауруы болғаны айтылған.

Одан әрі "КовиВак" препаратымен егілген ер адамның жүре алмай қалғаны туралы хабарлама ұсынылады. Алайда, видео авторлары көрерменге науқастың иммундық ауруы бар екендігі және дәрігерлер оған мүлдем егілмеуге кеңес бергені туралы толық ақпаратты көрсетпейді.

Сонымен қатар, көрермендер назарына Ресей мен Қазақстандағы өлім-жітім туралы ақпарат ұсынылады, бірақ олардың бірде-біреуінің вакцина алумен тікелей байланысы жоқ екендігі айтылмайды.

Содан кейін видео авторлары бір оқиғаға арналған үш түрлі тақырыпты үш мәрте көрсетеді: Алматы облысындағы перзентхана санитарының қайтыс болуына қатысты. Ол кезде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қыздың өлімі иммундаумен байланысты емес деп хабарланған болатын.

Бүгінгі күні Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациямен тікелей байланысты бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеген. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
Адамдардың өлімінің нақты себептері туралы айтылмайды, ал кейбір тақырыптар өлім-жітімнің көптігін көрсету үшін әртүрлі вариацияларда қайта ұсынылған.

"Роликті жасау кезінде пайдаланылған жаңалықтар телесюжеттерінен алынған үзінділер контекстен үзіп алынған.Демек, таратылып жатқан видео манипулятивті және көрерменді қорқыту үшін әзірленген", - дейді сарапшылар.
Просмотров материала: 1 017

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 188 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 004 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 659 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 679 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 986 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 661 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 831 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 908 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 148 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 292 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 659 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 393 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 499 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 844 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 731 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 129 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 355 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031