26 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұр-Сұлтанда алдағы оқу жылында да мектептер ашылмауы мүмкін

21 июнь 2021, 15:33
Нұр-Сұлтанда алдағы оқу жылында да мектептер ашылмауы мүмкін
Нұр-Сұлтанда алдағы оқу жылында да мектептер ашылмауы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында жазды.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Біз әлі де «қызыл» аймақтамыз! Күнделікті COVID-19 инфекциясының 250-300 жағдайы анықталады. Бір жағынан, бұл ПТР тестілерінің санын көбейту арқылы, екінші жағынан, оқшаулау мен санитарлық нормалардың бұзылуынан болып отыр. Ashyq жобасы арқылы карантин талаптарының өрескел бұзылғанын көріп отырмыз. Өзін-өзі оқшаулауы тиіс (байланыста болған, жұқтырған) азаматтар бар, бірақ олар адам көп жиналатын орындарға баруын тоқтатар емес. Осылайша, коронавирустың таралуына әсер етіп жатыр. Мұндай адамгершілікке жатпайтын бұзушылықтарды тоқтатып, жолын кесеміз!», - деді қала басшысы.

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын сырқаттанған адамдардың статистикасына бей-жай қарамауға шақырамын.

«Әрбір санның артында бір адамның өмірі, олардың отбасыларының тағдыры тұр! Медициналық рұқсаты жоқ және әлі вакцинацияланбаған адамдар отпен ойнап жүргенін білмейді: олар ерте ме, кеш пе жеңіледі. Бұл ретте өз денсаулығын ғана емес, туыстарына, жақындарына және қоршаған ортаға қауіп төндіреді!

Былтыр, яғни жағдай бұдан да ауыр кезде санитарлық нормаларды сақтаудан басқа амалымыз болмаған еді, ал 2021 жылдың басынан бастап вакцинация басталды! Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде, сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін СОО, СҮ және адам көп жиналатын басқа да орындарда ашылды. Вакцинация бәріне тегін жүргізіледі. Оның бірнеше түрі бар», - деп жазды ол.

Елордада коронавирустың ең ауыр кезеңінде төрт мыңнан астам төсек-орын ашылған, төсек орындарының жүктемесі қазірдің өзінде 50%-ды құрайды екен.

«Көршілес елдерде коронавирустың таралуы күшейіп жатқанын білеміз. Штаммдардың жаңа түрлері пайда болады. Мысалы, Үндістанның COVID-19 штаммы дәрігерлердің айтуынша Ухань қаласында шыққаннан әлдеқайда ауыр. Өзге елдерде карантиндік қосымша шектеулер енгізіліп, жаңа инфекциялық стационарлар ашылып жатыр.

Коронавирустың ең ауыр кезеңінде елордада төрт мыңнан астам төсек-орын аштық. Инфекциялық стационарларда нон-стоп режимінде сегіз мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істеді. Қазіргі уақытта біздің стационарларда 1000-ға жуық адам ем алуда. Төсек орындарының жүктемесі қазірдің өзінде 50%-ды құрайды!

Қаламызға қосымша шектеулер енгізгіміз келмейді. Бұл қала экономикасына, тұрғындардың әл-ауқатына әсер етеді. Сонымен қатар күзде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ балаларымыз үшін мектептерді қайта аша алмаймыз. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін қаламыз қалыпты режимге оралмайды.

Вакцинация – адам өмірін қауіпті вирустан құтқаратын жалғыз панацея. Біз ешбір дәлелі жоқ, ауыздан ауызға таралған, интернетте, чаттарда жазылған жалған әңгімелерге емес ғылыми түрде дәлелденген қорғану тәсіліне сенуіміз керек. Вирус адам жасына қарамайды. Оған бәрібір. Ол мейірімділікті білмейді!

Достар, өзіңіздің, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне бей-жай қарамауыңыз керек! Біз айналамыздағы адамдар үшін жауаптымыз! Вакцинация арқылы өзімізді қауіпсіздендіре отырып, жақындарымызды қатерден сақтаймыз!», – деп жазды қала әкімі.
Просмотров материала: 2 417

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 995 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 663 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 164 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 205 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 575 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 437 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 471 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 795 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 451 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 511 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 704 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 779 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 872 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 421 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 661 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 401 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 801 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 600 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 429 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 274 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 128 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 474 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 358 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 842 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 137 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 181 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 420 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 808 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 162 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 107 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 240 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 181 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 401 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 557 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31