12 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көлгінов: Қалыпты өмірдің кепілі – темірдей тәртіп

24 март 2020, 12:31
Көлгінов: Қалыпты өмірдің кепілі – темірдей тәртіп
Елорда әкімі Алтай Көлгінов төтенше жағдайға қатысты кез келген заңбұзушылық қатаң жазаланатыны туралы айтты, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Құрметті елорда тұрғындары! Корнавирус пандемиясы әлем бойынша жылдам таралып келеді. Осыларды ескере отырып, біздің елде де қатаң шаралар қабылданды.

Біріншіден, біз өзге елдердің тәжірибелерін қарадық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауырған бір адам кемінде 2-3 адамға жұқтыратынын мәлімдеді. Ал 5-6 күннің ішінде ауырған бір адам 3,5 мың адамның дертті болуына себеп болады. Еуропа қалалары бірінен кейін бірі карантинге жабылып жатыр. Олардың кейбіреулері шешімді тым кеш қабылдағанын көріп отырсыздар. Ал вирус алғаш тіркелген Қытай, күресті темірдей тәртіптің негізінде жүргізді. Қытай, Оңтүстік Корея елдері азаматтарды оқшаулаудың қатаң әдісін қолданды. Мекемелер, кәсіпорындар, қоғамдық көліктер жұмыстарын тоқтатты. Олар күндеп емес, айлап үйлерінен шықпады. Тек осындай тәртіп қана медицина қызметкерлеріне үлкен көмек болды және оң нәтиже берді. Біздің елімізде де іс-шаралар дер кезінде қолға алынып, Төтенше жағдай жарияланды. 22 наурыздан бері елордаға кіруге де, шығуға да тыйым салынды. Бұның бәрі сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданған шешім.

Екіншіден, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, бұл індетті жасы үлкен, созылмалы дерттері бар азаматтар көтере алмай жатыр. Сондықтан біз қазыналы қарияларымыздың амандығын ойлауымыз қажет. Әсіресе жасы үлкен азаматтарымыздың сыртқа шықпауын өтінеміз. Сабыр түбі сары алтын. Қиын кезеңде өздеріңіз үшін төзімділік танытыңыздар. Басқа жол жоқ. Осы күндері байқағанымыз жағдайды көпшілік түсініп отыр, рахмет айтамыз. Бірақ әлі осы қауіпті терең сезінбеген азаматтар да бар. Дәл қазір туысыңыз бен жақыныңызға шын жанашыр болсаңыз, олардың амандығын тілесеңіз, онда өз үйіңізде отыруыңыз керек.

Үшіншіден, қала маңындағы карантинге кірмейтін елді мекен тұрғындары елордаға келуді қоя тұру қажет. Біз жұмыс берушілерге қызметкерлерінің амандығы үшін, жұмысты тоқтатуды және жұмыс орындарының сақталуы қажеттігін айттық.

Төртіншіден, тәртіп мәселесі. Тәртіпке бағынған құл болмайды дейді. Мұндай кезеңде заңбұзушылықтарға жол берілмейді. Кез келген заңсыздық қатаң жауапқа тартылады.

Бесіншіден, бүгін Мемлекет басшысы экономиканы, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік аз қамтылған топтарды қолдауға, жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар қабылдады. Бизнес өкілдері өз кезегінде жұмыс орындарын қысқартпаулары қажет. Елбасының Үндеуінен кейін ел азаматтары үлгі болып арнайы қорға ақша аударып жатыр. Осы Үндеуге сәйкес, біз Нұр Отан партиясымен бірге бірінші кезекте көмекке мұқтаж азаматтарға көмектесуді бастап кеттік.

Карантин мен коронавирусқа қатысты сұрақтарыңыз болса 109 номеріне хабарласуыңызға болады. Ол жерде қосымша телефон орталығын аштық. Карантин ерте аяқталсын десек, тәртіпке бағынып, жауапкершілікті терең сезінуіміз керек. Біз бұл қиындықты бірге еңсереміз. Біз біргеміз, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Просмотров материала: 727

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 383 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 896 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 477 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 524 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 842 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 644 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 769 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 015 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 245 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 386 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 950 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 136 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 115 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 337 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 372 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 058 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 452 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 183 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 173 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 843 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 117 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 055 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 100 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 873 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 147 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 512 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 846 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 909 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 861 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 091 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 231 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031