23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Екінші сынып оқулығында масленница неғып жүр?

16 июнь 2021, 12:00
Екінші сынып оқулығында масленница неғып жүр?
Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясының фракция мүшесі Мақпал Тәжмағамбетова 1-5 сыныптарға арналған і ағылшын тілі оқулығындағы бірқатар мәселелерді көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутат атап өткендей, ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтарға ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарапынан оң сараптама берілген. Бұл оқулықтар Jenny Dooley, Virginia Evans-тың авторлығымен "Экспресс Паблишин" баспасынан басылып шыққан. Сыртқы мұқабасында аударылған деп жазылғанмен, аударма емес. 2016 жылдан бері осы баспаның Қазақстандағы ресми өкілі "EDU Stream" халықаралық білім беру компаниясының басшысы Наталья Мұхамеджанованың жетекшілігімен шығып отырған. Өзгешелігі – Қазақстан балаларының суреттерін пайдаланып тақырыпты ашуға тырысқан.

Кітаптың өне-бойынан қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Оқушылардың патриоттық сезіміне селкеу түсіретін тұстар менмұндалап тұр. Атап айтқанда, екі-үш мемлекеттің туымен, сол елдерге тән ерекшеліктермен қойылған суреттерде Қазақстан туы үнемі төменгі жағына орналастырылған. Oқулықта өз еліміздің рәміздері неге жоғарыда тұрмайды?

Ал, енді мынаны қараңыз. Екінші сыныпқа арналған оқулықта ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленницаны енгізіпті. Мұны әрине, қазақстандық мерекелер деп көрсетсе түсінуге болады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары деп жазылған тақырыпта шілдехана мен баланы қырқынан шығару сияқты салт-дәстүрдің жанында діни мерекелер неге жүр?

5 сыныпқа арналған кітапта елде жоқ аңызды ойдан құрап, екі алып баланың оқиғасын баяндайды. Ағасы мен інісі жайлы әңгімеде ағасы тастан көпір соғам деп еңбектенеді. Ал, інісі екі жіпті ағашқа байлап алып ән айтып жүреді-міс. Ағасы неге маған көмектеспейсің деп ашуланып, інісінің қолындағы әлгі ағашты тасқа ұрып шағып тастайды дейді. Осыдан бастап інісі әнді қойып кеткен екен. Уақыт өте келе таста қалған ізді байқаған бір халық бұл музыкалық аспап екенін анықтайды. Домбыра содан шыққан деп түсіндіреді. Бұл аңызды естігендеріңіз бар ма? Жасалу уақыты 2 мың жылдан ары Кетбұға шерткен "Ақсақ құланнан" бастап, Құрманғазы, Дәулеткерей салған күй дәстүрі бүгінде ғаламшарды аралап жүр. Халқымыз қашанда домбыраны үкілеп төріне ілген. Бұдан арғысын сөз қылудың қажеті шамалы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру саласындағы реформаларға тоқталып: "Біздегі оқулықтардың деңгейі төмен. Кітапты әзірлеген азаматтардың жауапкершілігін заңнамалық тұрғыда реттеу керек. Сапасыз оқулық дайындағаны үшін, жауапқа тартылсын. Басқаша болмайды", деген еді.

Оқу бағдарламасында осындай өрескел қателіктер жіберген оқулықтарға қатысты келесіні ұсынамын.

Біріншіден, Білім және Ғылым министрлігі білім бағдарламасына енгізген аталмыш ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптап, жіберілген өрескел қателіктерге жауапкершілікті күшейтуді сұраймыз.

Екіншіден, оқулық әзірлеу оған сараптама жүргізу қағидаттарын жіті қарап, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын білім және тәрбие компоненттерінің тұтастығы аясында күшейту қажет.

Үшіншіден, оқулық құрастыруда басшылыққа алатын Үлгілік оқу бағдарламасына сараптама жасалып, бағдарлама әзірлеуші топтың құрамын қайта қарау керек. Сараптамалық комиисия құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдері емес, балалар психологынан бастап, суретші педагог, этнограф, иллюстратор, қазақ тілі мамандары, әдебиетшілер тағы да басқа мамандарды енгізу қажет.

Төртіншіден, оқулықты басып шығаруда шетелдік емес, өз отандық баспаларымызды қарастыру қажет.

Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру кезеңінде мұндай оқулықтар Қазақстанның болашағына жауап беретін, өз Отанын қадірлейтін ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды.

Осы аталған ұсыныстарды қарап, заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Просмотров материала: 680

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 318 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 150 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 791 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 815 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 123 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 654 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 721 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 910 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 055 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 434 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930