26 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқулық па, олқылық па?

Оқулық па, олқылық па?
«Білім күні» есік қағып тұр, ал мектептер өз шәкірттерін қате өріп жүрген оқулықтармен қарсы алмақ.

Оқулықтардағы ағаттықтар туралы бұған дейін бірнеше рет мәселе көтергенбіз. Жақында, 2019 жылдың 8 мамырында осы туралы сол кездегі Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова атына арнайы Депутаттық сауал да жолдағанмын.

Енді осы мәселеге қайта оралуға тура келіп тұр.

Бұған Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған жаңа оқулықтағы өрескел қателер себеп болды.

Биылғы 13 тамыздағы Үкімет отырысында БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов «1 қыркүйектен бастап, оқушылар мен ата-аналар электронды оқулықтарды Білім және ғылым министрлігінің сайтынан жүктеп ала алатынын» мәлімдегені есте. Уәде етілгендей, олар қазір сонда тұр.

Оқулықтарды қарап отырып, оларда жолыққан жөнсіздіктер жанға батып, жігерімді құм қылды. Бұл бір кетпейтін кесел, бітпейтін түйткіл болды.
Әңгіме Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәнінің оқулығы – «Smiles 1 Pupil's Book for Kazakhstan Grade 1» (Jenny Dooley, Virginia Evans, аударған Н.Мұхамеджанова) туралы болып отыр.

Мәселен, түстер бөлімінде «blue» орысша «голубой» деп берілсе, қазақша «көк» деп аударылған. Дұрысы, әрине, «көгілдір».

«Pink» орысша «розовый» делінсе, мемлекеттік тілде «ал қызыл» деп көрсетіліпті. Дұрысы, бұл – сөз тіркесі емес, бір сөз, бірге жазылады.

Бұрыс жазу сандар бөлімінде де байқалады. Мәселен, three қазақшасы «уш» деп беріліпті.
«Table» қазақшасы «устел» екен.
«Big» дегеніміз «улкен» көрінеді.
«Ү» әрпінің неліктен ұнамай қалғаны, оған не себептен қырғидай тиіп, жөнсіз алмастырғаны түсініксіз.
Бір қызығы, «Chicken» «таүық» болып, «у» әрпі негізсіз «ү»-ге өзгертілген.

Сорақы тәржіма мұнымен бітпейді. «Doll» немесе «кукланың» қазақшасы қалай деп ойлайсыз? Білетін боларсыз. Ал мына оқулық кесірінен балаларымызға оны мектепте «қуыршық» деп үйретеді.

Қазақ тілінің үндестік заңдылығына, тілдің фонологиялық ерекшеліктеріне сай «машинаны» «мәшине» деп жазу 2017 жылы қабылданған болатын. Бұл термин А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне кірді және өзге оқулықтарда жаппай қолданылуда. Бірақ ағылшын тілі пәнін әзірлеушілер жаңалық тауып, оны «мәшіне» деп аударыпты.

Атап өту керек, орысша аудармаларының жазылуында бірде-бір қате жоқ. Жауапты тұлғалар, оқулықты әзірлеушілер, олардың үстінен қараушылар бірінші кезекте орыс және ағылшын тіліндегі нұсқаларының дұрыс болуына баса мән бергенге ұқсайды. Ал мемлекеттік тілдегі нұсқасы «әйтеуір бар болса болды» деген немқұрайдылықтың құрбаны болған сыңайлы.

Мұндай оқулықтар сауаттандыру орнына, сауатсыз ұрпақ қалыптастыруға, мемлекеттік тілді өрістетуге емес, өмірем қаптыруға ықпал етпек!

Оқулықта басқа да ақылға қонбас дүниелер бар. Мәселен, онда Қазақстан туы көрсетіліп, қасына «Алдар көсенің дөңгелек жүзі және қысық көзі болған» деп ағылшынша жазылған. Алдар көсенің кім екенін білмейтін, тек көк тудың қазақтарға қатысы барлығын түсінетін қазіргі балаларға бұл мәлімет нендей ұлағат-өнеге береді?

2016 жылдан бері қолданылып келе жатқан бұл оқулықта ескі ақпараттар жүр. Мәселен, ағылшын тілінде «Бұл – менің елім Қазақстан. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» делінген. Немесе: «Бұл – Астана. Ол Қазақстанның астанасы» дейді.

Бұл айтылғанды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов назарға алар, қателерді түзер деген ойдамын!".

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Дереккөз: facebook
Автор: Бақытбек Смағұл -
Просмотров материала: 2 245

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 599 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 166 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 703 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 752 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 098 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 202 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 312 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 593 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 993 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 106 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 504 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 393 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 556 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 202 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 624 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 448 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 540 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 303 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 246 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 081 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 922 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 212 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 142 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 642 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 398 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 230 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 600 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 984 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 927 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 965 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 182 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 334 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031