23 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды

15 июнь 2021, 11:48
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды
Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде апта қорытындыланып, алдағы кезеңдерге міндеттер жүктелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бас қолбасшылар мен қолбасшылар мамандық бойынша даярлықтың өту барысын баяндады. Құрлық әскерлерінде барлық бағыттардағы мамандармен сабақтар, оның ішінде десантшы жауынгерлердің парашютпен секірулер өтуде. Таудағы Альпі бөлімшелері әскери қызметшілерінің іс жүзіндегі жиындары мен жаттығулары басталды.

Әуе қорғанысы күштерінде жоспарлы ұшу оқу-жаттығулары, ұшу құрамының парашюттік даярлығы және ӘШҚҚ әскерлерінің әскери қызметшілеріне техникаларды үйрету жүргізіледі.

Әскери-теңіз күштерінде теңізшілер кеменің материалдық бөлігін, беріктікке күрес іс-шараларындағы жеке іс-қимыл тәртібін пысықтайды. Мамандық бойынша дайындық кезеңі биыл 2 шілдеде бақылау сабақтарының өтуімен аяқталады.

Әскери білім беру сұрақтары қаралды. Әскери оқу орындарында оқу жылы аяқталуда. Өткен аптада Ұлттық қорғаныс университетін 145 магистрант бітіріп, "Жас ұлан" республикалық мектептерінің 889 түлегіне аттестаттар табысталды.

Жуырда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, Құрлық әскерлерінің Әскери институтында офицерлер, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде сержанттар оқуын бітіріп, оларды бөлу жоспарлануда.

Кеңес барысында әскери оқу орындары түлектерінің қызмет өткеруіне тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды. Оның негізінде қажет болған жағдайда кадрларды неғұрлым тиімді даярлау үшін оқу үрдісіне түзетулер енгізуді жүктеді.

"Цифрлық офицер" оқу жобасын іске асыру туралы жеке баяндалды. Бүгінгі таңда өмірдің барлық саласы цифрландырылып жатқанда, армияда офицерлерді даярлауда, олардың ақпараттандырудың барлық аспектілерін, автоматтандырылған басқару және жасақтама жүйелерін меңгеруін ескере отырып жүргізу керек. Әскери оқу орындарында бұған қажетті оқу-әдістемелік база бар. Бұл ретт, жас офицерлердің алған білімдерін іс жүзіндегі қызмет барысында кеңінен қолдануына нұсқау берілді.

Өрт қауіпті маусымның басталуына қарай әскерлерде өртке қарсы қорғаныс шараларын күшейту: оның ішінде объектілердің жабдықтарын тексеру, техникалық өрт сөндіру құралдары мен коммуникациялар жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы штаттық бөлімшелерді дайындыққа келтіру және штаттан тыс өрт сөндіру командаларының құрамын күн сайын нақтылау. Оқ-дәрілерді, ЖЖМ, қару-жарақ пен әскери техниканы, материалдық құралдарды сақтау нысандарына жіті назар аудару тапсырылды.

Семей, Жаңғызтөбе, Өскемен гарнизондарына жұмыс сапарының нәтижесінде министр әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, әсіресе шалғай әскери бөлімдер мен гарнизондардағылардың өмір сүруі, тұрмыс жағдайларын талдауды тапсырды. Өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін демалыс орындарын, коммуникация қызметтерін және басқа да тіршілікке қажетті мәселелерді қамтамасыз етудегі кешенді шараларды қабылдауды жүктеді.

Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы әскерлердегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады. Жеке құрамға екпе егу басталуымен жағдай тұрақтанды. Коронавирус инфекциясын жұқтырудың ілуде бір байқалуы еліміздің түрлі аймақтарынан келген сарбаздармен байланысты.

Жоспарға сәйкес 15 маусымнан бастап мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару басталады. Дәстүр бойынша, көктемде сарбаздар сәуір-мамыр айларында борыштарын өтеуден босатылды. 2020 жылы пандемия кезінде әскерге шақырудың кейінге қалдырылуына орай жауынгерлер запасқа кештеу шығарылуда. Осылайша, барлық "мерзімді қызметтегілер" қолданыстағы заңнамада белгіленгендей дәл 12 ай қызмет етеді және қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін өз өңірлеріне жіберіледі. Әскери оқытылған резерв ретінде олар жергілікті әскери басқару органдарына есепке алынады.
Просмотров материала: 555

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 578 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 284 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 777 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 808 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 178 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 904 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 937 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 271 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 958 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 984 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 186 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 906 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 035 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 664 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 541 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 570 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 777 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 537 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 945 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 729 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 543 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 389 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 225 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 600 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 476 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 959 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 396 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 292 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 528 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 917 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 266 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 212 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 355 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 291 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 534 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 665 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031