9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Cатиралық паблик жетекшісінің үйін тінтіп, өзін департаментке алып кетті

17 май 2021, 11:34
Cатиралық паблик жетекшісінің үйін тінтіп, өзін департаментке алып кетті
15 мамырда Instagram-да сатиралық материал жариялайтын Qaznews24 паблигының жетекшісі Темірлан Еңсебектің пәтеріне полицейлер келіп, тінту жүргізіп, кеңсе техникасын алып кетті. Бұл жөнінде оның әйелі хабарлады.

Еңсебектің зайыбының айтуынша, полицейлер тінтуді бастамас бұрын Қылмыстық кодекстің 274-бабы ("Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша іс қозғалғаны туралы қағазды көрсеткен.

Бірнеше сағатқа созылған тінтуден соң жауап алу мақсатында Еңсебекті Алматыдағы полиция департаментіне алып кеткен. Азаттық полициядан бұл іс бойынша комментарий ала алмады: департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек телефон қоңырауына жауап бермеді.

Сенбі күні түстен кейін полицияға адвокат Жанар Балғабаева барды. Пәтердегі тінту кезінде адвокат ол жерде болмаған. "Қорғауымдағы азамат адвокаттың қатысуынсыз ешқандай тергеу амалы жүрмеуі керектігін, сұрақтарға жауап беруге міндетті емес екенін біледі" деген Балғабаева істің мән-жайын білу үшін тергеушіге бара жатқанын айтты.

Темірлан Еңсебек полицияға жеткізілді деген хабар жетісімен бірнеше белсенді департамент ғимаратына барды. Белсенділердің бірі Дархан Шәріповтің айтуынша, екі аптадай уақыт бұрын әлдебір жалған аккаунттан хабарласқан беймәлім біреу одан "тоқтауды" талап етіп, қоқан-лоқы көрсеткен.

Qaznews24 паблигында қазір ештеңе жоқ. Бұрындары онда желіде көп пікірталас тудырған даулы посттар жарияланып тұратын. Бір постта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құдай дәрежесін беріп, мұны Конституцияда бекітуді ұсынды" деп жазылса, тағы бірінде ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының жылына бір реттен артық шетелге шығуына, шетелде түскен суреттерін әлеуметтік желіде жариялауына тыйым салатын заң жобасын жасап жатыр деген сатиралық "жаңалық" болған.

Пабликтың профилінде материалдардың шынайы жағдаймен байланысы жоқтығы, "оқиғалармен және адамдармен сәйкес келіп жатса, бұл – жай кездейсоқтық" екені ескертілген.
Просмотров материала: 575

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 035 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 708 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 210 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 255 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 624 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 544 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 582 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 903 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 567 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 623 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 816 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 449 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930