28 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бірқатар қала мен облыстардың прокуратуралары мәлімдеме жасады

30 апрель 2021, 17:54
Бірқатар қала мен облыстардың прокуратуралары мәлімдеме жасады
Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы және Маңғыстау облыстарының прокуратуралары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәлімдеме мынандай жолдан басталады:

Әлеуметтік желілерде экстремистік ұйымның идеяларын қолдайтын жеке тұлғалар қаладағы заңсыз митинг пен шеруге қатысуға шақырулар таратуда ...
Одан кейін осымен байланысты қала аттары аталады: Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Шымкент, Ақтау және т.б.

Қалалар мен облыстардың прокурорлары митингілерді митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен реттелетінін ескертеді.

Нақты айтқанда, жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған. Оларды өткізу туралы хабарлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша нысанда беріледі. Онда бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері көрсетіледі (Заңның 10-бабы). Аталған хабарламаны жергілікті атқарушы орган оны тіркеген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс (Заңның 11-бабы). Осы 3 күн өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы, делінген мәлімдемеде.

Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі. Ол үшін ұйымдастырушы оның өткізілетін күніне дейін 10 жұмыс күн бұрын өтініш беруге, ал жергілікті атқарушы орган ол бойынша 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Алайда ұйымдастырушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарламалар мен өтініштер бермеген немесе олар бойынша келісуден бас тартылды. Сонымен қатар, қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе тыйым салынған ұйым бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бола алмайды (Заңның 5-баптың 6-тармағы). Тиісінше, Заңды (3-баптың 3-тармағын) бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (25 тәулікке дейін қамауға алу), деп ескертеді құзырлы органдағылар.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

Оны сақтамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 425-бабы – Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу – 30-дан 200 АЕК-ке дейін айыппұл) және қылмыстық (ҚК-нің 304-бабы – санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына әкеп соққан бұзу – 2 мың АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін) жауаптылық көзделген.

Қалалар мен өңірлердің прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.

Просмотров материала: 1 576

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 257 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 205 901 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 391 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 448 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 205 814 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 978 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 030 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 335 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 973 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 235 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 682 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 716 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 464 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 327 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 085 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 562 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 271 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 675 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 486 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 348 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 182 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 043 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 370 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 264 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 746 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 868 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 100 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 334 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 711 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 081 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 023 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 152 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 302 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 460 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930