13 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыдағы Қытай консулдығына келген наразыларды полиция ұстады

12 май 2021, 15:35
Алматыдағы Қытай консулдығына келген наразыларды полиция ұстады
Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап етіп, 93 күн бойы наразылық өткізіп жүрген бір топ адамды 11 мамыр кешке полиция ұстап әкеткен. Бұл туралы Азаттыққа ұсталғандардың бірі Байболат Күнболатұлы айтты. Оның сөзінше, полиция бірнеше адамды ұстап, бөлімшеге жеткізген.

- Қытайда қалған жақындарын іздеген аналар әдеттегідей Қытай консулдығының алдында пикет өткізді. Ол жерден тікелей эфир түсіріп, екінші нысан Қытай банкіне бардық. Біз консулдық алдынан кеткен соң үш адамды – Ақиқат Қалиоллаұлы, Нұрзат Ермекбайқызы және Гүлпия Қазыбекқызын алып кетті. Қытай банкінің алдында іс-шара өткізген соң Жеңіс Зарқанұлы үйіне барған, оны сол үйінен алып кетіпті. Банктен шыққан соң үшінші жер – Қытайдың Sinooil жанармай құю станциясына бардық. Ол жерде наразылықты тікелей эфирге түсірдім. Эфирімді аяқтағаннан кейін көлігімізге барып отырмақ болып едік, көліктің айналасын полицейлер қоршап тұр екен. Сол жерден бәрімізді алып кетті. Қайта эфирге шығуға мүмкіндік болмады, телефонымды бірден алып алды. Менімен бірге тағы төрт адам – Алмахан Мырзанқызы, Тұрсынгүл Нұрақай, Халида Ақытқанқызы және Бикамал Кәкенқызын ұстап әкетті. Мені Медеу аудандық полиция бөлімшесіне алып апарды. Ал қалғандарын қайда әкеткенін білмеймін, - деді ол Медеу аудандық полиция бөлімшесіне шыққан соң.

Күнболатұлының айтуынша, полиция бөлімшеде Қытай консулдығы алдындағы наразылық шаралары жайлы сұраған.

- Бөлімшеде маған бір видеоны көрсетті. "5 сәуірде Қытай консулдығы алдында митинг өткізіпсіз" деді. Ол негізі бұрын түсірілген видео еді, мен оны парақшама өзім салғанмын. Дауласып, кейін 7 мамырдағы тағы бір видеоны да көрсетті. "Консулдық алдында наразылыққа шыққандармен бірге сөз сөйледің" дейді. Мені ұстап алды да, қандай айып тағарын білмей бірнеше сағат жүрді. Хаттамаға қол қоймадым және түсініктеме жазбай қойдым. Кейін кешкі тоғыздан аса "ертең келіңіз" деп қолыма шақырту беріп, босатты, - дейді ол.
Күнболатұлы полицияның мұндай әрекетін сес көрсету деп санайды. Азаттық тілшісі ұсталғандардың бірі Тұрсынгүл Нұрақайдың босатылғанын анықтады. Қалғандары жайлы әзірге ақпарат жоқ, телефондары өшіп тұр.

Полицияның Қытайдағы туыстарын қайтаруды талап етіп жүрген адамдарды ұстағанын "Ар.Рух.Хақ" құқық қорғау ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина мен құқық қорғаушы Ерлан Қалиев те жазды. Олардың сөзінше, полиция ұсталғандарды Медеу және Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген.

Алматы қалалық полиция департаментінен бұл жағдай жайлы комментарий алу мүмкін болмады.

Қытай Шыңжаңда қалған жақындарымызды босатпай отыр деген бір топ адам 93 күннен бері Алматыдағы Қытай консулдығы алдына келіп наразылық өткізіп жүр. Олар Пекиннен туыстарын босатуды талап етеді. Полиция наразылыққа шыққандарға жиі кедергі келтіреді.

Кейінгі кезде олар консулдықтан бөлек Алматыдағы Қытай банкіне және Қытайдың Sinooil жанармай құю станциясына да барып жүр.

Шыңжаңда қалған інісін босатуды талап етіп жүрген Байболат Күнболатұлы Қытай консулдығы алдында наразылық өткізгені үшін "бейбіт жиын заңын бұзды" деген айыппен он күнге қамалып шыққан.

БҰҰ Қытай билігі Шыңжаңда миллионнан аса ұйғыр, қазақты еш себепсіз лагерьге я түрмеге қамап отыр деп мәлімдеген. Қытай лагерьлерді "кәсіп меңгеру орталығы" дейді, Шыңжаңдағы әрекетін "экстремизммен күрес" деп атайды.

Шыңжаңда туысымыз қамалды деген қазақстандықтар Нұр-Сұлтаннан жиі көмек сұрайды. Қазақстан билігі дипломатиялық арналар арқылы олардың арызын қарастырып жатқанын жиі айтады. Нұр-Сұлтан Шыңжаңдағы қазақтардың мәселесіне қатысты нақты бір ұстаным айтпаған.
Просмотров материала: 560

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 107 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 212 781 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 273 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 310 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 212 686 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 345 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 376 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 694 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 340 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 414 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 601 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 753 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 837 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 528 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 404 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 249 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 639 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 371 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 775 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 576 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 409 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 253 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 454 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 339 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 817 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 168 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 405 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 788 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 150 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 085 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 220 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 161 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 379 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 531 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31