23 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қытай түрмесінде 13 жыл отырған Зейнолла Рақыжан Алматыға ұшып келді

09 апрель 2021, 16:38
Қытай түрмесінде 13 жыл отырған Зейнолла Рақыжан Алматыға ұшып келді
Шыңжаңдағы туысын Қазақстанға қайтаруды талап етіп, ұзақ уақыттан бері наразылық өткізіп жүрген Алматы тұрғыны Фарида Қабылбектің күйеуі Зейнолла Рақыжан 9 сәуірде таңертең Қытайдың Чэнду қаласынан Алматыға ұшып келді. Әуежайда оны отызға жуық адам күтіп алды. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Рақыжанды кеден қызметінің өкілдері ұзақ ұстап, жолаушылардың соңынан шығарды. Бұған жұрт наразы болды.

– Елге жеткеніме қуаныштымын. Екі елдің достығы мәңгі жасай берсін. Туыстарың шығады. Вирус ұстап тұр. Бәріңнің туыстарыңды жібереді, – деді ол.
Рақыжан Қытайдағы жағдайды айтуға ықылас білдірген жоқ. "Сізге келер алдында Қытай тарабынан қандай да бір ескерту жасалды ма?" деген сұраққа "жоқ" деп жауап берді.

Ақпарат бойынша, 58 жастағы Рақыжан Зейнолла Қытайдың Боро-Тала-Монғол автономиялық облысының Арасан ауданына қарасты Қарабұқа кентінде туып-өскен. 2000 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударып, Алматы облысына келіп тұрған. 2004 жылы Шыңжаңға қыдырып барған Рақыжан Зейнолланы полиция ұстап, жауапқа тартқан. Туыстарының айтуынша, "тыңшы" деген айыппен 13 жылға соттап, түрмеге қамаған. Түрмеден шыққан соң саяси лагерьде бір жарым жыл отырған. Қытайда да, Қазақстанда да мемлекеттік органдарда қызмет істемеген, тек ұсақ саудамен айналысқан. Бір ұл, бір қызы бар.

Фарида Қабылбектің айтуынша, күйеуі 6 сәуірде Үрімжіден Чэнду қаласына ұшқан. Себебі, Чэнду – Алматы бағыты бойынша ғана рейс болған. Ол енді наразылығын тоқтатынын айтады.

Қытайдың Шыңжаң аймағында қалған туыстарын іздеген қазақстандықтар бірнеше жылдан бері Қазақстанда жиын өткізіп, пикеттерге шығып, туыстарына араша сұрап келеді. Олар Қазақстан сыртқы істер министрлігінен "Қытайда қамалғандар - Пекиннің ішкі ісі, оған араласа алмаймыз" деген жауап алған. Ал Қытай консулдығы жауап бермеген.

Наразылықтың бірі Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында екі айға жуық уақыттан бері жалғасып жатыр. Наразылардың кейбірі туыстарының Шыңжаңдағы "саяси қайта тәрбиелеу" лагерьлеріне қамалғанын айтса, кейбірі "негізсіз айыптармен" ұзақ жылға сотталғанын, бірі Қытай билігінің құжаттарын тартып алып, Қазақстанға жібермей жатқанын айтқан.

БҰҰ мен халықаралық зерттеушілер Қытай Шыңжаң өлкесінде миллионнан аса ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылмандарды лагерьге қамады деп мәлімдеген. Құқық қорғаушылар жүздеген мың адамның діни рәсім жасағаны үшін немесе шетелдегі таныстарымен байланыс орнатқаны үшін негізсіз түрмеге қамалғанын айтқан. Пекин бұл әрекетін "терроризммен күрес", ал лагерьлерді "кәсіп меңгеру орны" деп атаған.
Просмотров материала: 1 565

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 037 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 209 698 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 189 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 231 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 209 607 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 187 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 221 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 521 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 172 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 252 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 722 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 783 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 497 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 371 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 168 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 597 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 727 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 533 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 377 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 218 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 077 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 413 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 300 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 784 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 966 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 135 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 749 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 111 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 052 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 187 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 131 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 339 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 498 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031