26 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әңгіменің маңызы көп сөйлеуде емес, көп тыңдауда - Бекжігіт Сердәлі

Әңгіменің маңызы көп сөйлеуде емес, көп тыңдауда - Бекжігіт Сердәлі
Жұрттың уақытын алып көп сөйлеу қанымызға сіңіп кеткен қасиет пе деп ойлаймын. Тілек айтсақ та, тыңдаушымыз жақтырып отыр ма, жақтырмай отыр ма, бәрібір, көсемсиміз. Алқалы жиындарда жарыссөзге шығып сөйлесек те, елдің уақытын ұрлап шешенсиміз.

Көшеде кезігіп қап жағдай сұрассақ та ділмәрсіп біраз алтын уақытын аламыз. Іс бабында телефон шалсақ та шаруаға мүлдем қатысы жоқ қайдағы-ойдағы жоқты айтып дарақы күлкімен біраз уақытын ұрлаймыз. Кафе-ресторандарда да ерні-ерніне жұқпай серіктесінің «миын ашытып» отырған адамдарды көреміз. Құран оқып, дұға қайырсақ та, молдекеңнің шұбыртпа батасын тыңдап, тізерлеп, алақан жайып ұзақ отырып қаламыз. Құдалық, той-жиында да солай. Сол үйдің мысық-тышқанына да дейін сөйлеп болмай, кіші дәреттің қысқанына қарамастан, орнымыздан қозғала қоймаймыз. Мұндай сөзуарлықтың санамызға сіңіп кеткені соншалық, маңызды шаруамызды жиып қойып сағаттап тұрып мылжыңдауға бармыз.

АҚШ ғалымдары кім көп сөйлейді екен: ер адам ба, әйел адам ба деген мақсатта зерттеу жүргізіп көрген екен, зерттеу нәтижелері әйелдердің орта есеппен күніне 16 215, ер адамдардың күніне 15 669 сөз сөйлейтінін анықтаған. Ал сөйлеу жылдамдығы жағынан әйелдер ер адамдарға қарағанда анағұрлым алда екен. Байқасақ, екеуі де бір-бірінен қалысып тұрған жоқ. Аризон университетінің социолог-ғалымы Матиас Мэйльдің зерттеуінше, ең мылжың адам күніне 47 000, ал ең сөзге сараң адам күніне 500 сөз сөйлейтін көрінеді.

Сол ғалымдар арнайы келіп, «ең ұзақ тілек айтатын», «ең ұзақ дұға қайыратын», «ең ұзақ телефонмен сөйлесетін» халық кім екен деп зерттесе, жыл сайын әлемдік байланыс мекемелері телефон басында ұзақ отыратын клиенттеріне тағайындайтын «Жыл мылжыңы» сыйлығын бізге беріп кететіні даусыз.

Осы сөзшең қасиетіміз сырт көзге маңдайшадағы мекеме атауларымызға дейін көрініп тұратын сияқты. Мәселен, жәй ғана «Полиция қызметкерлерінің киім-кешек қоймасы» деп қысқартып жаза салатын мекеме атауын «Түркістан облысы полиция департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасы мен тылды қамтамасыз ету басқармасының киім-кешек қоймасы» деп шұбырта жөнелеміз. «№26 орта мектеп» түрінде жазыла салатын білім ошағының атауы «Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №26 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып жазылып тұр. Айта берсе, мұндай мысалдар өте көп.

Айналамыздағы «шешендер» мен «көсемдер» әңгіменің маңызы көп сөйлеуде емес, көп тыңдауда екенін түсінсе ғой, шіркін...

Ғалым Бекжігіт Сердәлінің желідегі жазбасы
Автор: Бекжігіт Сердәлі -
Әңгіменің маңызы көп сөйлеуде емес, көп тыңдауда - Бекжігіт Сердәлі
Просмотров материала: 1 041

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 513 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 133 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 628 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 200 687 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 050 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 721 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 785 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 087 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 696 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 770 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 972 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 616 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 429 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 285 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 858 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 523 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 222 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 620 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 433 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 312 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 144 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 996 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 317 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 222 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 713 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 626 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 063 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 295 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 674 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 049 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 990 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 109 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 061 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 259 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 407 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031