9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бойы 2 метр қазақ баласы. Әскерде кереуетке сыймай жүр

19 апрель 2021, 14:38
Бойы 2 метр қазақ баласы. Әскерде кереуетке сыймай жүр
Бойы екі метрге жуықтайтын сарбаз әскерде кереуетке сыймай жүр. 47-ші өлшемдегі аяқ киім киетін қатардағы жауынгер өзгелерден гөрі ширақ қимылдайтын көрінеді. Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде борышын өтеп жатқан жігіт ұзын бойдың қиындығын да тартып жүр екен, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.


Сап түзеп тұрған сарбаздар арасынан Әсет Абулғапаровты бірден байқауға болады. Топ ішінен менмұңдалап бірден көрінеді. Ол әскерге Алматы қаласынан шақырылған. Қазір Жуалы ауданындағы тау-қорықшылар батальонында борышын өтеп жүр. Оның бойы мектеп қабырғасынан бері жылдам өсе бастаған екен.

Әсет Абулғапаров, қатардағы жауынгер:

Менің бойым үнемі қатарластарымнан ұзын болатын. Мектепте де, университетте де барлығынынан жоғары көрінетінмін. Әрине, бойдың ұзын болғаны жақсы,мәселен іс-қимыл мүмкіндігі өзгелерге қарағанда көбірек. Бірақ, мұны мен басқа адамдардан артықпын, қандай да бір шешуші фактор деп есептемеймін.

Биыл Әсеттің жасы 21 де. Әскери бөлімшеге алғаш аяқ басқан сәтте оның бойын өлшеуге тырысқан медбикелер біраз қиналыпты. Алайда қазір амалын тауып, медициналық тексеру барысында мамандар орындықтың көмегіне жүгінеді.

Қатарластары арасында Әсеттің көмегіне сүйенетіндер көп. Әсіресе, аласа бойлы адамдар қолы жете алмайтын жердің бәріне Абулғапаровты жәрдемге шақырады.

Әділ Жанетов, қатардағы жауынгер:

Орындық іздеп жүрмейсің да, сол жағынан жақсы. Тез барып келеді, аяғы да ұзын. Сол жағынан ыңғайлы да бұл бала. Мінезі, бәрі жақсы, қалжыңдасамыз бәрімен. Біз еңкеймейміз де ғой ағаштар арасында, өте бересің, бұл еңкейіп, қызықтар болады сондай. Машиналарға сыймайды, ыңғайсыз бұған, сол жағынан қызық та, отырған кезде басы шығып қалады.

Әсеттің жаны сүймейтін шаруаларының бірі электр жарық шамдарын ауыстыру. Маған айтылатын ең жиі өтініш осы дейді ол. Тіпті, осы уақытқа дейін жаңалаған шамдарының санынан жаңылысып қалыпты. Сосын Әсетке кез-келген кереует сай келе бермейді. Қазірдің өзінде 2 метрлік әскери төсектен сарбаздың аяқтарының ұшы шығып жатады. Ал өзіне шақ келетін аяқ-киім табу тіпті мұң.

Әсет Абулғапаров, қатардағы жауынгер:

Дұрыс аяқ-киімді іздеп табу керек, әрине, ол барлық жерде сатыла бермейді. Бірақ, әскерге келгенде онымен проблема болмады, тез-ақ алып берді. Әскерде бұл артықшылығым менің пайдама жұмыс істеп жатыр 40 адамның бірдей аяқ-киімінің ішінен өзімдікін оп-оңай тауып аламын.

Бойшаң сарбазды командирлері де бағалайды. Әсет бала кезден баскетболмен айналысқан, спортқа жақындығы әскерде көп көмегін тигізіп жатыр екен. Сонымен қатар, ол гитарада ойнап, ән де салады.

Марат Оразов, 91678 әскери бөлімшенің артиллериялық батарея командирі:

Мен оны тек қана жақсы жағынан айтар едім, әскери, жауынгерлік дайындықтан, дене дайындығы барлығы жақсы. Өз ойын анық жеткізіп, қарулас достарының арасында ол өзін сенімді ұстайды.

Әсеттің кескін-келбеті әкесіне тартқан. Оның бойы 1 метр 91 сантиметр. Жалпы Абулғапаровтар отбасы мүшелерінің барлығы бойшаң. Қазір олар Әсеттің әскерден оралуын тағатсыздана күтіп жүр.

Тәжікүл Әзизқызы, Әсет Абулғапаровтың әжесі:

Өзінің бойы ұзын, әскерге кетерде қалай болар деп қатты уайымдадым. Барлығы дұрыс болса екен деп тіледік. Содан біраз уақыт өтті, үйренген секілді, әйтеуір қуанып жүр, бөлімін мақтайды.

Әсет әскерге барғанына еш өкінбейді. Әскери қызметті ол барлық ер азамат міндетті түрде өтуі тиіс өмір мектебі дейді. Осында үйренгені мен алған білімі өмір бойы қажет болады деп біледі.

Айтпақшы, жас арбаздың әскер қатарына шақырылғанына дәл бүгін алты ай толып отыр. Сондықтан, оған Отан алдындағы борышын алдағы уақытта да абыроймен атқаруға тілектеспіз.

Просмотров материала: 2 266

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 137 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 809 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 310 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 354 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 725 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 548 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 587 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 910 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 575 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 627 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 821 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 807 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 910 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 573 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 297 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 383 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 222 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 829 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 181 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 131 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 264 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 206 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 584 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930