16 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ағайынды үшем Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүр

Ағайынды үшем Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүр
Оралда орналасқан Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде Ақтаудан келген ағайынды үшем мерзімді әскери қызметін атқарып жүр. Бұл жайында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

18 жасар ағайынды үшем Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс Зеккеновтер осы жылдың көктемінде құқықтық тәртіп әскерлерінің қатарына шақырылған.

Ағайынды Зеккеновтар дүние есігін ашқалы бері әрқашан бірге. «Болашақ» академиясының колледжін «Су көлігін пайдалану» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін балаларды мерзімді қызметке шақырған. Сол кезде де олар ажыратпауды өтінген. Оған жергілікті қорғаныс істер департаменті қол ұшын созып, бір әскери бөлімге жіберді.

Үшем психологиялық тест тапсырған кезде олардың түр-әлпеті сәйкес келді. Ағайындылардың өздері бұған үйреніп қалған. «Алайда бір айырмашылық бар: Ақарыстың бойы екі бауырынан төрт сантиметрге ұзын – 178 болса, Бекарыс пен Жанарыстың бойы - 174 сантиметр.

Алайда бұл ағайындылардың дене шынықтыруда бірдей нәтиже көрсетуіне кедергі келтірмейді. Олар әскерге қызмет етуге дайындалу барысында, олар бұл үшін арнайы спортпен шұғылданып, 100 м және 3 шақырымға жүгіруде және бел темір тартылуда бірдей көрсеткіштерді көрсетті.

Айта кетейік, үшеуі де спортпен айналысады. Ақарыс пен Бекарыс тоғыз жасынан бастап «каратэ-до» спорт секциясында қатысқан. Сол уақыт ішінде ағайындылар «каратэ-до» бойынша облыстық және қалалық спорттық турнирлерге қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Ал Жанарыс самбо күресінен спорт шеберінің кандидаты атанды» деп мәлім етті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтанов. Айта кетейік, 5517 әскери бөлімінде бірден үшемнің әскерге шақырылу жағдайы ешқашан болмаған.

«Құқық тәртібі әскерлерінде қызмет еткенімді мақтан тұтамын. Себебі, Ұлттық ұлан әскерлерінің қатарында қызмет ету, өмірде өзінің лайықты орнын табуға көмектесетін барлық заманауи жағдайларға ие болу ел Президентінің жастарға деген жоғары назары мен қамқорлығының нәтижесі», - дейді Бекарыс Зеккенов.

«Ұлттық ұлан әскерлеріне мерзімді қызметке қазір шынымен де үздік жастар келеді, - дейді 5517 әскери бөлімі батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, капитан Дамир Жәкенов. - Жауапты, сауатты, рухы мен денесі мықты, моральдық тұрғыдан шыныққан. Өйткені, қысқа мерзім ішінде біз оларды нағыз Отан қорғаушы етіп дайындап шығаруымыз керек. Менің тәжірибемде ағайынды үшемнің мерзімді әскери қызмет өткеруі - бірінші жағдай. Бұған дейін тек егіздерді көргенмін. Қазір ағайынды үшем Орал қаласында қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қызметін мінсіз, абыроймен атқарып келеді».

Отан алдындағы әскери борышын аяқтағаннан кейін ағайынды Зеккеновтар туған қаласы Ақтауға оралады. Содан кейін олар жоғары білім алып, заңгер мамандығын меңгеруді, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.
Просмотров материала: 3 206

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 561 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 232 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 728 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 764 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 141 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 368 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 399 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 365 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 438 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 627 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 756 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 844 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 532 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 407 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 641 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 379 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 779 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 580 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 415 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 259 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 457 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 344 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 820 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 110 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 408 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 794 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 152 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 087 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 164 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 384 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 535 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31