11 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Бұл - үшінші толқын емес»: Дәрігерлер Алматыдағы жағдайға баға берді

30 март 2021, 11:14
«Бұл - үшінші толқын емес»: Дәрігерлер Алматыдағы жағдайға баға берді
Қазақстан Үкіметі жанындағы ведомоствоаралық комиссия елдің «қызыл аймаққа» жақындап қалғаны туралы болжамдарын жария етті. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына қарағанда 29 наурызда Қазақстандағы 4 өңір коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа толықтай енді. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы. Ал «сары аймаққа» Ақтөбе облысы, Алматы облысы және Қарағанды облыстары кірді. Қалған облыстар қазір «жасыл аймақта» қалды.

Айта кету керек, Алматыда инфекция жұқтыру бойынша жағдай ушығып тұр. Бірақ қала әкімі мегаполисті толықтай жабуға ешқандай негіз жоқ деп санайды. Десе де шаһар билігі карантиндік шектеулерді тағы 15 күнге созды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жексенбі күні «Almaty Live» телевизиялық бағдарламасында шаһарда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр, деп мәлімдеген еді.

Azattyq Rýhy тілшісі қалыптасып отырған жағдайға орай тұрақты сарапшыларды сөзге тартты. Дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаевтың болжамына қарағанда, «COVID-19» сәуір айының соңына қарай ғана саябырсиды. Былтыр жаздағы тәжірибе көрсеткендей, қаладағы локдаун шаралары инфекциямен күресте тиімділігін көрсетті. Бұл жолы да билік табандылық танытып, қатаң карантиндік шараларды ұстанса, адам шығынына жол бермеуге мүмкіндік бар, дейді ғалым.

«Болжам бойынша былтыр жаздағыдай біраз адам ауырады. Арасында ауырып шыққан адамдардың екінші рет жұқтырғанын жоққа шығаруға болмайды. Ол да мүмкін. Бірақ инфекция ары қарай тарауын тоқтатқан жоқ. Сондықтан иммунитеті бар кісілер де жеткілікті, жаппай қырылатындай үрей жоқ. Былтырғы жаздағы жағдай қайталана қоймайды.

Қарап отырсақ, былтыр маусым мен шілдеде адамдар екі ай ауырды. Бұл жолы да сондай жағдай қалыптасады. Наурызда басталды, сәуір айының аяғында аяқталады. Себебі карантиндік жағдайлар да былтырғыға ұқсас, қоғамдық тамақтану, адам көп жиналатын жерлерді жапты. Бұл дағдарыстан да шығамыз»,- деді Мыңжылқы Бердіқожаев.

Танымал дәрігер қала билігі тарапынан «асыра сілтеушілік» те бар екенін байқағанын айтады. Қазір симптомы бар, симптомы жоқ науқастарды да жаппай клиникаларға жатқызу қолға алынды. Ауырды дегендердің арасында он пайыздайы ғана стационарлық жағдайда ем қабылдаса болады, қалғанын емдеу орындарына жатқызу міндет емес, дегенді айтты дәрігер.

«Бұл - үшінші толқын емес, бұл маусымдық асқыну дегенге жақын. Соның уақыты келді. Бұған дейін Еуропа, Ресейде тура осындай жағдай болды. Сол енді бізге келді.Ол жақта керісінше қалыпқа түсіп жатыр. Ол оңтүстік африкалық штам, британиялық штамның жүріп жатқанын айқындайды.

Бір қызығы қазір ауруханаға симптомсыз ауырып келгені болсын, басқасы болсын жаппай жатқызып жатқан сияқты. Оның ішінде 10 пайызы орташа ауыр науқас болса, 90 пайызы жеңіл ауырып жатқандар. Оларды орын толтыру үшін жатқызып, амбулаториялық ем алуға жатқызып отырғанын байқаймын»,- дейді дәрігер.

Қазақстанда 1987-1993 жылдары Денсаулық министрі болған білікті дәрігер, денсаулық саласының үздігі Талапқали Ізмұхамедов те дәл қазіргі жағдайға орай пікірін айтты. Оның пайымынша, коронавирустың аса қауіпті екені байқалмайды. Керісінше, байбалам мен науқаншылдық басым. Бұл қазіргі мамандардың тәжірибесінің аздығын көрсетеді. Кәдімгі тұмаудан кішкене ғана ерекшелігі бар аурудың бұл түрін жеңуге болады. Ол үшін әр адам профилактика мен иммунитетіне көңіл бөлсе жеткілікті, дейді зейнеткер.

«Біз дәрігерлер бұл коронавирустың байбалам көтеретіндей қаупін көріп отырған жоқпыз. Біздің тарихта холера, оспа, оба сияқты дерттер миллиондаған адамдарды алып кетті. Бұл ондай сипатқа ие емес. Ол тұмау сияқты адамдарға әсер етіп, соның әсерін беріп отыр. Ал өліп жатыр, қырылып жатыр деген статистикаға қарасақ, негізінен үлкен адамдар қайтыс болып жатқанын байқаймыз. Ол - табиғи құбылыс. Коронавирус бір жылда келіп қалған жоқ. Біз дәрігерлер білеміз, оның ашылғанына 20 жыл болды. Оның 40-тан астам түрі бар. Әр адамның денесінде 10 кг микроб бар. Олармен өмір сүріп жатырмыз. Олар біздің жауымыз емес»,- дейді бұрынғы министр.

Талапқали Ізмұхамедовтің айтуынша, КВИ де кетеді. Өмір жалғасады. Бірақ адамзатты түрлі жұқпалы аурудан құтқарған вакцина. Ендеше екпеден қашпау керек. Зейнеткер жасы сексенге келсе де, «COVID 19» вирустық инфекциясына қарсы вакцина салдырғанын айтады. Ол енді екінші компонентін күтіп отыр. Дәрігер халықты екпе салдырудан бас тартпауға шақырады. Жұқпалы дерттен қашық болудың қарапайым ережелерін сақтауға, бетперде тағу, иммунитетті көтеретін ас ішу және спортпен айналысуға кеңес береді.

Дереккөз: AzattyqRuhy.kz.
Просмотров материала: 572

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 900 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 492 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 005 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 062 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 412 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 345 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 441 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 734 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 182 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 289 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 624 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 467 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 582 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 391 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 474 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 266 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 246 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 165 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 668 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 477 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 998 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 252 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 629 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 948 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 035 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 000 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 202 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930