29 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Ажырасқалы іздеген жоқ»: 4 баланың анасы алимент төлемей жүрген бұрынғы күйеуіне шара қолдануды сұрайды

29 март 2021, 15:03
«Ажырасқалы іздеген жоқ»: 4 баланың анасы алимент төлемей жүрген бұрынғы күйеуіне шара қолдануды сұрайды
Төр баланың анасы Батпа Бердалиева бұрынғы күйеуінің алимент бойынша қарызы 742 266 теңгені (2020 жылдың мамыр-желтоқсан аралығы) құрайтынын айтып, Azattyq Rýhy тілшісіне жанайқайын жеткізді.

Айтуынша, бұрынғы күйеуі жұмыссыз екенін айтып, жаңадан отбасын құрғанын сылтауратып, 4 баласын ұмытқан. Тіпті, өзі Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатса да, тұрғылықты жері бойынша Түркістан облысында тіркелген.

«Балалардың екеуіне ауыр диагноз қойылғандықтан, ай сайын алатын айлығым ештеңеге жетпейді. Ал, Түркістан облысының сот орындаушыларына бірде-бір рет хабарласа алмадым.

Біз 2020 жылдың мамыр айында заңды түрде ажырастық. Содан бері ол (бұрынғы күйеуі – авт.) балаларын бір рет те іздеп келген жоқ, тіпті хабарласпады. Бес уақыт намазы түгел үлкен ұлым әкесіне өкпелі екенін айтты. Екінші ұлыма дәрігерлер ЗПР (ақыл-ойының бұзылуы) диагнозын қойды. Ал кенжем – 6 жасар қызым «эпилепсиямен» туылған. Олардың дәрі-дәрмегі бар, пәтерақы, азық-түлік, несие бар – 120 мың теңге айлығым түкке жетпей қалады», - дейді Батпа Бердалиева.



Айтуынша, Батпа ханым мен оның бұрынғы күйеуі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ұшқын ауылының тумалары. 2004 жылы тұңғышы дүниеге келген соң, елордаға көшіп келген. Алайда, үшінші бала дүниеге келген соң, Батпа ханым күйеуінің бөтен әйелмен көңіл көтеріп жүргенін білген.

«Ол әйелмен 5-6 жыл кездесіп жүріпті. Жұмысындағы әріптесі екен. Оның да күйеуі болған, бірақ соған қарамастан менің күйеуіммен ойнас құрған. Осындай жайттарды білгенде психологиялық ауыр стресс алдым. Төртінші балама аяғым ауыр еді, ол тұқымымызда болмаған «эпилепсия» диагнозымен туылды. Жолдасыммен қарым-қатынасымды реттеймін деп жүргенімде, дәрігерлер екінші ұлыма ЗПР диагнозын қойды. Ал күйеуім әріптесімен арасын үзіп, тағы басқа әйелмен ойнас жасап жүр екен. Ақыры мені тастап кетті. Сондағы айтқаны: «макарон қуыра бересің». Басқа ешқандай себеп айтпады. Тапқан ақшаны балалардың қажетіне әрең жеткізіп отырғанда, макароннан басқа нені пісіріп беремін, айтыңызшы?» - дейді ашынған әйел.

Қазір Батпа Бердалиева Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бұлақсай ауылдың округі, Қостомар ауылында тұрады. Осы ауылдағы мектепте жұмыс істеп жүр. 120 мың айлығының 50 мың теңгесін көлік үшін рәсімделген несиеге төлейді, қалған 70 мың теңгені төрт баласымен талғажау етіп отыр.

«Тұрғылықты жерін, тіркеуін елордадан Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ұшқын ауылына ауыстырып қойған. Мен оны білмей, осы Нұр-Сұлтандағы сот орындаушыларына хабарластым. Сол кезде белгілі болды. Ол еш жерде жұмыс істемейтінін, жағдайының жоқтығын айтып, әйелінің аяғы ауыр екенін жеткізген. Мемлекет белгілеп берген аз қаражатты да төлемейді.

Ерлі-зайыпты кезімізде менің атымнан жолдасыма несиеге көлік рәсімдегенбіз. Заңды түрде ажырасқан соң, ол көлікті басқа біреудің атына ауыстырды. Сол көлікті әлі күнге дейін өзі айдап жүр, мен әлі 1,5 жыл ол несиесін төлеуім қажет», - деді Батпа ханым.

Батпа ханымның 6-сыныпта оқитын ұлына диагноз қойылғанда, мектептегі ұжымы ақша жинап берген. Сол қаражатқа баласын емдете бастаған. Алайда, дәрі-дәрмек құны қымбаттаған соң, ем-дом да тоқтап қалған.

«Ұлым өз бетімен киініп-шешіне алмайды, бір орында айнала береді. Тіл байлығы нашар, ойын жеткізе алмайды. Көзі нашар көреді. ПМПК (Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия) 6-сынып емес, 2-сыныптың бағдарламасын оқуы тиіс деп анықтама берді.

Ал қызым ашуланса, тез талып қалатын, қазір жағдайы аз да болса түзеліп қалды. Үнемі дәрі ішеді. Екінші ұлым мен қызыма ЭЭГ түсіру керек. Оған менде қаражат жоқ.

Пәтер жалдап тұрамын. Балаларымның бәрі мектеп жасында. Бар талабым – балаларға тиесілі қаражатты Түркістан облысының сот орындаушылары заң жүзінде талап етіп, орындалуын қадағаласа болғаны», - дейді төрт баланың анасы.

Батпа ханымның айтуынша, 17 жыл некеде болған бұрынғы күйеуі қазір елордада тұрады. Құжат жүзінде жұмыссыз болғанымен, «Шанхай» базарында ет сатады. Одан бөлек, «Яндекс такси» қызметінде жұмыс істейді.
Просмотров материала: 757

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 443 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 086 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 576 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 634 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 003 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 988 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 039 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 344 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 982 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 060 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 244 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 684 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 717 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 465 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 327 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 086 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 563 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 272 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 676 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 488 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 348 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 184 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 044 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 370 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 265 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 748 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 871 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 100 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 336 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 711 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 081 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 024 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 154 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 303 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 463 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930