10 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Абай ауылында зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған

16 январь 2019, 14:49
Абай ауылында зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған


Түркістан облысында бұрынғы полиция қызметкері жасөспірімді зорлады деп айыпталғанына қарамастан, күдікті дәл қазір бостандықта жүр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне адвокат Айман Омарова хабарлады.

Жәбірленушінің сөзі

2018 жылдың жаз айында Sputnik Қазақстан Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлады. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады. Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлап, бұл үш жыл көлемінде созылған. Айтуынша, зорлап қана қоймай интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады.

Осы оқиға Sputnik Қазақстан сайтында жарияланғаннан кейін жігітке танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова қол ұшын созады. Оның айтуынша, қолда аудио және видео жазбалардың бар екеніне қарамастан, полиция бұл іске күдіктілерді қамауға алуға асықпайды.

Омарова 2015 жылы жәбірленушінің ата-анасының екінші күдіктіні видеоға түсіріп алғанын айтып берді.

"Бұл видеода Ержан атты екінші күдікті бар. 2015 жылы Ержан үнемі жігітті іздеп, кейінгісі кездесуге келісімін береді. Бірақ жас жігіт бұл жолы өзімен бірге ата-анасын ала барады. Ата-анасы көрші бөлмеде болып, біраз уақыттан кейін ер адам мен баласы болған бөлмеге кіріп, барлығын видеоға түсіріп алады. Видеода ер адам өзінің есімін және не істегенін айтып береді", — деді адвокат Sputnik Қазақстанға.

Омарова полицияда күдікті ер адамның болған қылмысқа қатысы бар екенін айтқан сәті түсірілген видео бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол екінші күдіктінің әңгіме барысында қылмысқа қатысы бар екенін мойындағанын айтты. Барлық мәлімет құқық қорғау органына тапсырылған.

Полициядан қуылған

Түркістан облысы полиция департаментіндегілер осы іс бойынша күдіктілердің бірінің полицей болғанын растады.

"Күдіктілердің бірі — бұрынғы полиция қызметкері. Ол ішкі істер органдарынан 2016 жылы теріс пиғылына байланысты жұмыстан шығарылды", — деді Түркістан облысы полиция департаментіндегілер Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Департаменттегілер күдіктінің Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы полиция бөлімшесінде қызмет еткенін нақтылады.

"Осының барлығы қолда бар екеніне қарамастан, Түркістан облысы полициясы тергеуді жүргізуші ретінде ешқандай шара қолданбай отыр. Екі күдікті де әлі күнге дейін қамауға алынған жоқ. Менің қорғауымдағы жігіт көптен бері жазасын алмай жүрген қылмыскерлерді соттау үшін соңына дейін баруға әзір", — деп наразылығын білдірді Омарова.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде 2015 жылдың 15 қыркүйегінде тіркелген. Қазіргі сәтте Түркістан облысы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полициядағылар қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдарының мәліметі жария етілмейтінін нақтылады. Заңды процестік шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады.

Абай ауылында бірінші сынып оқушысының зорлануы

Қазақстанның оңтүстігіндегі Абай ауылы 2018 жылдың қыс айында бірінші сынып оқушысының зорлануы туралы хабар тарағаннан кейін ел аузында жүр. Төрт бала жеті жасар оқушыны қорлап келген. 2019 жылдың 10 қаңтарында 2002 жылы дүниеге келген жасөспірімдердің біріне үкім шықты. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толып үлгермегендіктен, түрмеден қашып құтылды.
Просмотров материала: 1 459

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 143 022 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 142 824 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 142 480 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 142 503 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 142 812 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 637 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 770 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 250 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 451 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 541 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 837 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 845 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 728 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 548 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 682 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 836 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 508 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 867 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 606 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 609 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 453 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 292 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 540 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 482 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 995 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 404 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 326 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 562 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 913 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 322 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 310 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 352 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 516 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 665 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930