24 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президент: Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы

20 март 2021, 10:23
Президент: Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі.

Шуақты көктем мерекесін бүкіл ел болып асыға күтеміз. Біз тағдырымызбен сабақтас әз-Наурыздан өткен ғасырда еріксіз ажырап қалдық. Егемендіктің елең-алаңында ежелгі салтымызбен қайта қауыштық. Наурыздың көне дәстүрлерін нығайту үшін Елбасы бұл мерекені мемлекеттік мейрамға айналдырды.

Жыл басында жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда Наурызды жаңаша атап өту қажеттігіне тоқталдым. Мерекенің әр сәті елге пайдасы тиетін, ұрпаққа өнеге болатын игілікті іске ұласуға тиіс.

Сондықтан, қазір барлық аймақта жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор көптеген шара қолға алынуда. Мұның бәрін Амал айынан кейін де жалғастыра береміз.

Ұлыстың Ұлы күнін тойлау қалалар мен ауылдардың ауқымды алаңдары мен көрікті көшелерінде өтетін бірнеше сағаттық іс-шарамен ғана шектелмеуі қажет. Наурыз – ең алдымен, тағылымы мол отбасылық мейрам. Мерекелік көңіл-күй барлық шаңырақта болуы керек. Жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алса, бір-біріне ақ тілектерін арнаса, қандай жарасымды?!

Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бұл туралы Ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деп жырлаған.

Мейрамның терең философиялық мазмұны жақсылықты ешқашан ұмытпай, қайырымдылықтың қадірін білуге және табиғатпен үндестікте өмір сүруге үндейді.

Ел ұғымында қырдың қызғалдағы – нағыз көктемнің нышаны. Осы орайда, қызғалдақ гүлін Ұлы даладағы Ұлыстың Ұлы күнінің басты белгісі ретінде бекітуге болады.

Құрметті қазақстандықтар!

Қазір дүниеде геосаяси дүрбелең белең алып, халықаралық тартыстар шиеленісе түсуде. Коронавирус індеті өршіп, әлем экономикасындағы дағдарыс күшеюде. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан халқы барлық сын-қатерлерге төтеп беру үшін бірлігін бекемдеп, қайсарлық танытуы қажет.

Біздің бабаларымыз ежелден Ұлыстың Ұлы күні бір-біріне көмектесіп, қиын кезеңде қолындағы барын бөліскен. Осы игі дәстүрді халқымыз әлі күнге дейін берік ұстанып келе жатқаны көңіл қуантады.

Пандемия кезінде ондаған мың дәрігер мен мейірбике, тәртіп сақшылары мен әскери қызметшілер және еріктілер елдің денсаулығын сақтау үшін аянбай еңбек етуде. Микробиолог мамандарымыз аз уақыттың ішінде коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарды.

Азаматтарымыздың нағыз мәрттігі мен шынайы жанашырлығын, зор жетістіктерін әйгілейтін мысалдар өте көп. Мұны өздеріңіз көріп-біліп жүрсіздер. Мызғымас бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың арқасында еңсесі биік ел болып отырмыз.

Әз-Наурыз – ізгілік пен қайырымдылықтың, мейірім мен жанашырлықтың мерекесі. Біз ұсынған әділетті қоғам және әлеуметтік мемлекет қағидасы осы құндылықтармен толық үндеседі.

Сонымен бірге, Наурыз – елді еңбекке жұмылдырып, ырысымызды молайтатын мейрам. Біз бабалар жолымен білек сыбана жұмыс істеп, Қазақстанды бәсекелік қабілеті зор, қуатты мемлекетке айналдырамыз.

Наурыздың тағы бір белгісі – ұқыптылық пен тазалық. Қазақ – табиғатқа етене жақын халық. Ұлыстың Ұлы күні бұлақтың көзін ашып, ағаш егу, қоршаған ортаны таза ұстау – ертеден жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Біз қолға алған «Таза табиғат» жобасының негізгі мақсаты – сол игі шараны жалғастыру.

Осылайша, Ұлыс күнін сан түрлі сипатта атап өту ата салтымыз бен ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін керек. Қазақта «Салтына қарап, халқын танисың» деген қанатты сөз бар. Ұлттың жаңа болмысы жақсы дағды мен жағымды қасиет арқылы қалыптасады.

Биыл біз тарихи меже – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыттың ішінде еліміз толағай табысқа жетті. Бірақ, жетістікке марқайып, босаңсуға болмайды. Біз мемлекетімізді жүйелі өзгерістерге жетелейтін ауқымды реформаларды жалғастыра береміз.

Жан-жақты жаңғыру ұлтымызды өрге бастап, Қазақстанның Мәңгілік ел болуына жол ашады. Біздің басты мақсатымыз – осы!

Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін!

Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!


Просмотров материала: 1 088

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 920 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 196 525 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 196 030 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 196 080 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 196 444 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 463 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 552 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 850 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 354 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 452 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 728 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 518 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 607 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 404 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 252 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 752 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 490 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 185 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 582 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 364 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 282 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 117 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 966 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 271 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 182 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 683 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 526 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 019 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 269 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 646 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 023 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 062 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 026 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 220 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 379 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930