3 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үй жанындағы дүкендерге тауарға ілеспе жүкқұжаттар ресімдеу қажет пе

04 март 2021, 12:10
Үй жанындағы дүкендерге тауарға ілеспе жүкқұжаттар ресімдеу қажет пе
ЭШФ ақпараттық жүйесінде жеке тұлғаларға сатылған тауар есептен қалай шығарылады және үйдің жанындағы дүкендер тауарға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеуі қажет пе, дегендей сұрақтарға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Пилоттық жоба шеңберінде сатып алушыларға бақылау-касса машинасының чегін бере отырып, тауарларды тек жеке тұлғаларға өткізуді жүзеге асыратын үйдің жанындағы дүкендерге арналған тауарға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу бойынша талап жоқ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген ТІЖ ресімдеу жөніндегі Пилоттық жобаны іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 7-тарауында бөлшек саудада ТІЖ ресімдеу жөніндегі ерекше ережелер белгіленген, оларға сәйкес ЭШФ АЖ-да ТІЖ бойынша рәсімдер бөлшек сауда субъектісінің қатысуынсыз берілген алгоритмдер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.

Мәселен, Қағидалардың 73-тармағына сәйкес бөлшек саудада тауарды сатуды жүзеге асыратын жеткізушінің өткізілген тауары деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чектері негізінде өткізілген күннен бастап күнтізбелік 16 (он алтыншы) күні виртуалды қоймадан автоматты түрде есептен шығарылады.

Бұл ретте, Қағидалардың 71-тармағына сәйкес жеткізуші мынадай өлшемшарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде бөлшек сауда субъектісі болып табылады:

кәсіпкердің жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарды сатып алушыға сатуы;

ЭҚЖЖ (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкес бөлшек сауда қызметі түрінің сәйкестігі;

деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы.

Жоғарыда айтылғандар оңайлатылған декларациялар бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер он-лайн бақылау-касса машиналарын қолданған жағдайда тауарларды түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде ТІЖ ресімдемейтінін білдіреді.

Бұл ретте, 14 күн ішінде сатып алушылардың тауарды дүкенге қайтаруға құқығы бар екенін ескере отырып, бөлшек саудада өткізілген тауарды есептен шығару деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чектері негізінде 15 күннен кейін жүзеге асырылады.

Бұл үшін Жүйе «PRODUCT ID» жаңа жолы бар Фискалдық деректер операторынан (бұдан әрі – ФДО) алынған БКМ чектерін өңдейді. Осы жол бойынша Жүйе автоматты түрде Виртуалды қоймада тауарды табады, чектегі тауардың атауы мен өлшем бірліктері Виртуалды қоймадағы тауардың атауына және өлшем бірліктеріне сәйкес келетінін тексереді және оны есептен шығарады.

Виртуалды қоймада ФДО чектерін кешіктіруге байланысты бөлшек сатушыда қалдықтардың болуы заңнаманы бұзу болып табылмайды.

ТІЖ ерікті түрде қолданған жағдайда барлық салық төлеушілер тегін ҰКО ЭЦҚ (Ұлттық куәландырушы орталық) негізінде ЭШФ АЖ сайтында тегін жұмыс істей алады.

Бұдан басқа, ТІЖ және ЭШФ ресімдеуді PLAY MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, Пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде ТІЖ бойынша санкциялар қолданылмайды.

ТІЖ бойынша Пилоттық жобаны жүргізу мерзімдері:

1) акцизделетін тауарлар бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

2) ЕАЭО-дан әкелу/ЕАЭО-ға әкету бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;

3) Виртуалды қойманың тауарлары бойынша (ҚМ 384 бұйрығы) – 2021 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылады.

ДСҰ-дан алу Тізбесіндегі тауарларға және цифрлық таңбалау тауарларына ТІЖ бойынша Пилоттық жобаның басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 ақпанға ауыстырылады.

Просмотров материала: 641

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 825 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 451 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 945 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 003 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 364 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 797 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 856 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 160 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 780 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 856 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 041 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 636 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 666 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 440 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 295 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 908 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 536 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 234 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 633 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 451 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 324 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 154 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 011 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 333 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 234 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 723 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 682 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 072 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 306 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 685 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 060 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 001 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 122 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 067 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 270 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 423 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930