23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚР Премьер-Министрі ҚР азаматының жеке куәлігін ресімдеуге қатысты қаулыға өзгеріс енгізді

03 декабрь 2020, 15:33
ҚР Премьер-Министрі ҚР азаматының жеке куәлігін ресімдеуге қатысты қаулыға өзгеріс енгізді
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 852 қаулысына өзгеріс енгізілді.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми сайты хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №789 Қаулысы «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 696-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын (бұдан әрі – жеке басты куәландыратын құжат) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы

13) тармақшамен толықтырылсын:

«13) жол жүру құжаты – Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін құжат.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жол жүру құжатын құжаттандырылатын адам есепке алынған жердегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатты алуға өтінім берілген күннен бастап он жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және ол иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне беріледі.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу және беру тәртібі»;

2-тарау мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:

«6-параграф. Жол жүру құжатын ресімдеу және беру тәртібі

28-1. Жол жүру құжатын ресімдеу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттардың бірін:

туу туралы актілік жазбаны (реадмиссияланатын адамдарды құжаттандыру кезінде);

туу туралы куәлікті (16 жасқа толмаған босқындар немесе реадмиссияланатын адамдар жол жүру құжатын алған кезде);

азаматтығы жоқ адамның куәлігін; шетелдік паспортты; босқын куәлігін ұсынады.

28-2. Жол жұру құжатын уәкілетті мемлекеттік орган ШҚТ ТП-ны пайдалана отырып ресімдейді.

28-3. Жол жүру құжаты:

1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүріп-тұруы үшін босқын мәртебесі берілген адамға;

2. Қазақстан Республикасында болу кезеңінде шетелдік паспортын жоғалтқан немесе Қазақстан Республикасынан шығу үшін шетелдік паспортының жарамдылық мерзімі өткен жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан реадмиссиялауға немесе шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

28-4. Жол жүру құжаты қазақ және ағылшын тілдерінде толтырылады.

28-5. Жол жүру құжаты бір жылға жарамдылық мерзімімен беріледі, бұл ретте босқындар үшін жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі босқын куәлігінің қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерінің ауысуына, өзгеруіне, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін – тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттары жоғалған, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, неке қию (бұзуы) бойынша тегін өзгерткен, құжаттарды әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне байланысты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алумен, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен (немесе) жеке куәлігін алуына байланысты жағдайларда нақты болатын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ босқындар жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан, олар одан әрі пайдалануға жарамсыз болған, жеке тұлғаны сәйкестендірумен байланысты өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған, осы Қағидалардың 29-тармағының 1), 2), 3), 4) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ анықтамалық деректерін ауыстыруына, өзгертуіне байланысты жаңа құжаттар алу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша (босқындар үшін – уақытша тіркелген жері бойынша) уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіреді.

Бүлінуіне, жеке басты сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты одан әрі пайдалануға жарамсыз құжаттарды қоспағанда, жеке басты куәландыратын жаңа құжаттар алынғанға дейін бұрынғы құжаттар алып қойылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

«43-1. Жоғалтып алуына байланысты жол жүру құжатын ауыстыру үшін босқын уәкілетті мемлекеттік органға жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, жол жүру құжатын қалпына келтіру туралы қосымша жазбаша өтініш береді.

Анықтамалық деректерінің, жынысының өзгеруіне байланысты жол жүру құжатына өзгерістер енгізу үшін босқын жүгінудің негізділігін растайтын құжатты қосымша ұсынады».

2. Осы қаулы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Просмотров материала: 705

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 274 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 106 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 747 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 771 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 079 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930