22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысында «Ауыл Футбол Open» балалар турнирі өтті

08 февраль 2021, 12:30
Алматы облысында «Ауыл Футбол Open» балалар турнирі өтті
6 ақпан күні Жібек Жолы ауылында (Алматы облысы) «Арман Ауыл» қорының ұйымдастырумен «Football Weekend» спорттық-ағартушылық шарасының аясында «Ауыл Футбол Open» атты турнир өтті. Турнирге облыстың 8 командасы қатысты.

Алматы облысында «Ауыл Футбол Open» балалар турнирі өтті


Жарыстың ашылу салтанатында #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов, «Арман Ауыл» Қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмас Тоқабаев және Алматы облысы «Жастар Ресурстық» орталығының басшысы Әлішер Нұржанов сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.


«Арман Ауыл» Қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмас Тоқабаев


Алматы облысы «Жастар Ресурстық» орталығының басшысы Әлішер Нұржанов

Үздіктер бас қосқан “А” тобында Red Sapsans, JetyJal, Қарқаралы, Алатау Қаракестек және “B“ тобында Ақбарыс, Алдабергенов, RS-2, Алмалы командалары сынға түсіп, тартысты ойын көрсетті.



Топтық ойын нәтижесінде «А» тобынан жартылай финалға «Қарқаралы» және «Қаракестек», «В» тобынан «Ақбарыс» және «Алдабергенов» командалары топ жарып шықты. Финалдық ойында «Ақбарыс» және «Қарқаралы» клубтары қызықты ойын сыйлады.

“Ауыл Футбол Оpen” турнирінің Алматы облысы бойынша жеңімпаздары анықталды:

1 орын – «Ақбарыс» командасы


2 орын – «Қарқаралы» командасы



3 орын – «Алдабергенов» командасы



Турнирде балаларға өз ақ тілегі мен демеу білдіруге келген қазақ футболына еңбегі сіңген қайраткер, аты аңызға айналған футболшы Сейілда Байшақов және атақты футболшы Игорь Утробин қонақта болып, сөз сөйлеп жеңімпаздарды құттықтады.



Ауыл балаларының ойын барысында шыңдалған шеберліктері мен қабілеттерін, футболға деген талпыныстарын көруге ФК «Жас Қыран» скауттары келді. Бұл турнир ауыл балаларынан таланттарды таңдап, оларды клубқа шақыруға үлкен мүмкіндік.

««Ауыл Футбол Open» турнирі біз ашқан #АуылФутболЛигасын таныстыру мақсатында өткізген тұсаукесер турнирінің бірі. Былтыр осындай Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында үш турнир өткіздік. Қазіргі таңда өңірлерден ауыл командарының өтінімдерін жинап жатырмыз. 1 наурыздан бастап Лиганың өту мерзімі, форматы, турнирлер кестесін нақты бекітіп , аудан, облыс деңгейінде бастайтын боламыз», - дейді Серік Мәмбетов.



Ауқымды өткен турнирде футболшылар мен жанкүйерлеге футболдың атмосферасын толықтай сезіну үшін камералармен әр матчты түсірілім жасап, ойынды коментаторлар жүргізіп, ойын барысындағы заңдылықтарды сақтау үшін арнайы төрешілер мен көмекшілер(волонтерлар)жұмылдырылды.



Турнир соңында барлық командалар, жаттықтырушылар, қонақтар грамоталармен марапатталып кубоктор табысталды.


Балалар футболын дамытуға зор үлес қосқаны үшін алғыс хат алған азаматтар:

Аманбаев Жақсыбек Омарбекұлы - Еңбекшіқазақ ауданының спорт ардагері, Алмалы ауылының құрметті азаматы



Қыйрлыбаев Бақберген - Жамбыл ауданы Қаракестек ауылынан, 40 жылдан астам балаларды жаттықтырып келе жатқан жаттықтырушы


Сәрсенбаев Есбол - Жібек Жолы ауылында балаларға футбол алаңын салған кәсіпкер



Нүсіпжанов Қайрат - Қарасай ауданында көп жылдан бері балаларды футболға тартып жаттықтырып келе жатқан чемпиондардың тренері



“Футбол Weekend “ шарасына қолдау білдіріп келген астаналық қонақтарға және Алматы облысы әкімдігіне #АуылФутбол жобасы атынан алғыс білдіреміз.



Өткен барлық 16 матчтың видеосын біздің Ютуб каналдан тамашалай аласыздар! Видеоматериал бір аптаның ішінде дайын болады.

Сондай-ақ, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне басты қолдау танытқан серіктестерімізге алғыс айтамыз.

Біздің серіктестер:

«Қайрат» ФК
TilBil-Jetisu
Plov_Gotov_Kaskelen
ТРК «АПОРТ»

Maтрица.kz бас медиа серіктесі
Kozildirik Media Компаниясы
BasNews
Керек-Инфо
ҚазАқпарат


Анықтама

«Арман Ауыл» қорының #АуылФутбол жобасы ауылда балалар футболын дамытуға бағытталған. Жобаның негізгі міндеттеріне ауылдық балалар клубтарына демеушілерді тартуға, футбол алаңдарын салуға көмектесу, футбол жабдықтарымен, спорттық формалармен қамтамасыз ету және жаттықтырушылар мен клуб жетекшілеріне арналған семинар-тренингтер, сондай-ақ «Ауыл» мерекесін ұйымдастыру және өткізу кіреді. Футбол лигасы (AFLkz).

#АуылФутбоЛигасы (AFLkz) Қазақстан Республикасының 8 облысы өкілдерінің шешімімен 2020 жылдың желтоқсанында құрылған.
«Арман Ауыл» қайырымдылық қорының негізгі мақсаты мен міндеттері ауылдық жобаларды, спорттық, білім беру және ғылыми жобаларды қолдау бастамаларын ілгерілету.

Мадина Сарбалаева, Алматы облысы.
Просмотров материала: 6 082

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 162 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 994 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 635 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 661 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 967 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930