29 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Енелер «ширатамын» деп қиратып жатады…

15 январь 2021, 9:51
Енелер «ширатамын» деп қиратып жатады…
Жыл сайын қазақстандық отбасындағы мәселелерді жіпке тізетін зерттеулер жүргізіледі. Оның мақсаты – проблеманың түбірін тауып, қоғамның жанды жерін анықтау ғана емес, шешімін табуға көмектесу. Бір қызығы, биылғы зерттеудің нәтижесінде жас жұбайлар өміріне туыстардың араласуы, ажырасуға мәжбүрлеуі шаңырақтың шайқалуына себеп болатыны анықталыпты. Бұған дейін ажырасуға итермелейтін басты себеп ретінде ерлі-зайыптылардың бірінің адал болмай, көзге шөп салуы болып келген еді. Ал жаңа зерттеудің қорытындысы басқа, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлқисса, біз қозғап отырған та­қырыпқа «Қазақстан отбасы» рес­публикалық зерттеуінің нәтижесі түрткі болып отыр. Сауалнамаға қатысқан респонденттер бірнеше сауалға жауап берген. Соның ішінде отбасындағы сылдырлаған ыдыс-аяқтың себебі де назардан тыс қал­маған. Ұйымдастырушылар барлық жауапты қорыта келе, мынадай қо­рытынды шығарып отыр: осыған дейін шаңырақтың шайқалуына жұбайлар арасындағы келіспеушілік, соның ішінде көзіне шөп салу сынды фактілер себеп болса, қазір ажы­расудың басты себебі ретінде екі жастың арасына түсетін туыстар аталған. Әдетте мұндайда «ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» деп қысқа қайыратын. Мұн­дай сөздің өзі шағын мемле­кеттің шаруасына араласудың қажеті жоқ екенін білдірсе керек.

Зерттеу жасаған топтың сөзіне сүйенсек, жаңа түскен келінге де, жап-жаңа күйеубала атанған жігітке де көбіне енелер тарапынан қысым көрсетіледі екен. Өйткені сауал­на­­маға жауап бергендердің дені «сатып алған заттарды қадағалайды, бөлмеге кірерде есік қақпайды, ешкім сұ­рамаса да айтатын ақыл-кеңесі шар­шатты» депті. Әсіресе, еліміздің Ал­маты, Маңғыстау және Түркістан облыстарында бұл мәселе тіпті жиі кездеседі екен. Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарының тұрғын­дары болса, ажырасудың бас­­ты себебі деп моральдық шек­теудің жоғы және жүгенсіздік деп көр­сеткен.

«Ұлын шектен тыс өбектеген аналар көбіне келінмен сыйыспай қалып жатады. Себебі ол ұлын құдды әлі балабақшаға баратын баладай көруін тоқтатпайды. Сөйтіп, бір күні келін келіп, баласын «ұрлап» алған­дай сезінеді. Міне, содан барып дау туады. Болмайтын себеппен жанжал болады. Тамақтың дұрыс істелмеуі, үйдің жиналмауы, киімнің үтік­телмеуі және тағы басқалар. Десек те, бәрін енеден көруге болмайды. Өйткені кей жағдайда келіндер «соғысқа» шығады. Айтқан сөзін елемей, кеңесіне құлақ аспайды. Балаларына әжесін жамандауы мүм­кін. Мұндай жағдайда ушық­тырмай, дұрыс қарым-қатынас құруға тал­пыну керек. Бұл ұрыста жеңімпаз болмайды. Бастысы, жұбайлардың жеке бас мәселесіне араласуға бол­майтынын түсіндіру қажет. Керек жер­де енемен ақыл­дасқан артық емес. Әрі анасына ба­ласын қарсы қою қате. Тіпті, анасымен тығыз қарым-қатынаста болмаса да, ұлы шешесіне жақын болады. Жалпы, табиғатынан ерлер ұрыс-керісті ұнатпайды. Екі ортада жаман қарым-қатынас ор­натып, балаңызға нашар тәрбие бермеңіз», – дейді Алматы қала­сындағы Пси­хикалық ден­сау­лық орта­лығының бас дәрігері Сапар Рахменшеев.

Ал елордалық респонденттер мен Шымкент қаласының, Батыс Қа­зақстан облысының тұрғындары отбасылық қарым-қатынастың бұ­зылуына әлеуметтік желілердің әсері қатты деп жауап беріпті. Көбіне желіде бәрі бақытты сәттерін сал­ғанды жөн көреді. Осылайша, ил­люзия пайда болуы мүмкін. Со­ның жетегіне еремін деп, сондағы әдемі өмірдің елесіне алданып, жас жұбай­лар арасында ұрыс-керіс тууы да ық­тимал. Бүгінде блогерлер үлгі тұ­та­тын кумирлерге айналған за­манда үйде бала күтімімен отырған не жұ­мыссыз үй шаруа­сындағы әйел сол «жұлдыздың» өміріне қызығады. Сол сияқты қыдырып, күйеуінен қым­бат сыйлық алып, ақшаға «кө­міліп» жүруді қалайды. Ал тұр­мы­с­­тық мә­селе кездескенше, оны сал­қын санаға салып шеш­кеннен гөрі күйеуін кі­нәлап, ажы­расуға шешім қабыл­дауы мүмкін. Еркіндікті аңсап, құдды оның танымал болуына отба­сы ке­дергі болып отырғандай сезі­неді. Рес­понденттердің жауа­бының қыс­қаша тәпсірі осындай болса ке­рек.

«Фокус-топтардың зерттеулері нәтижесінде сауалнамаға қатысқан жасы үлкен адамдардың 57 пайызы жастарға бөгде құндылықтардың әсері, еркін қарым-қатынас пен не­кенің дәстүрлі емес түрлерінің наси­хаты, жыныстық серіктесті таң­дау­дағы жауапкершіліктің тө­мендігі, виртуал қатынасқа берілу, еш ауыр міндеттемелерсіз жеңіл қарым-қа­тынасты қалауы кері әсер беріп жат­қанын алға тартқан. Жалпы, жүр­гізген зерттеуіміздің нәтижесінде қо­­ғамдағы бірнеше проблеманы байқадық. Атап айт­қанда, ажы­расудың көбеюі, толық емес отбасы санының артуы, тұр­мыстық зорлық-зомбылық, ерте неке, аборт. Осы ретте, бәріміз бі­рігіп, отбасын сақ­тау­дың жолын ізд­еуіміз керек. Біз отбасы саясаты бойынша бірыңғай интернет-ресурс құруды ұсынып отырмыз. Сол жерде пайдалы ақпа­раттар салып, кері байланыс меха­низмі арқылы кон­структив диалог құрып, отбасын да­мыту орталық­тарының типтік құ­рылымын жаса­ғымыз келеді», – дейді Қазақстанның Тең құқық және тең мүмкіндіктер институтының дирек­торы Марга­рита Өскембаева.

Отбасындағы мәселені оң шешу үшін маманға барып, кеңес алған артық емес. Дегенмен қоғамда пси­хологке бару мәдениеті әлі жөнді қалыптаспаған. Сапар Рахмен­шеев­тің айтуынша, отбасындағы мәсе­ленің негізін психолог, тіпті кей­де психиатр ғана таба алатын жағдай болады екен. «Проблеманы шешу үшін кейде арнайы терапия мен дәрілер керек болуы мүмкін. Мыса­лы, маған бірде қабылдауыма бір әйел келді. Ұлының әйелімен ас бөл­­­­ме­сінде отырып әңгімелесіп, шай іш­кенінің өзін ұнатпай­тынын мойын­­­­­­­­дады. Тағы бір па­циентім келі­нін балаларының кө­зінше ұрған екен. Мұндай жағдайда біраз жұмыс іс­тейміз. Меніңше, қазіргі қоғамның кем­­­шілігінің бірі күйеуінің қаты­сынсыз бала тәрбие­леуге ұмты­латыны сияқ­ты. Сөйтіп, кейін бала өскен соң оның ер жет­кенін, өз отбасын құр­ғанын қа­был­дай алмай­ды. Күйеу мен бала – синоним емес. Екеуінің рөлі екі бөлек. Мысалы, келіні баласын алып кетсе, анасының орнын басуды көздемейді. Отба­сында береке-бірлік болуы керек. Әйтпесе, жалғыз қалып, бақыт­сыз­дыққа ұшы­рауыңыз әбден мүм­кін», – дейді маман.

Осы сынды мәселенің шешімі ре­тінде жаңа заманда ұсынылатын бір әдіс – неке шарты. Әйтсе де, қазақстандықтардың дені мұндай шарт жасауды тек материалдық жағ­даймен байланыстырады екен. Өйт­кені сауалнамаға қатыс­қан­дардың көбі «отбасында бөлісетін айтар­лықтай ештеңе болмаса, шарт жа­сасып не керек?» деп жауап беріпті. Сонымен бірге ажыраспас үшін бір-бірін сынайтын тәсіл – аза­мат­­тық некеге халықтың дені қарсы. Ақ некесі қиылмай жатып бірге тұру – сүйекке таңба іспеттес. Ал енді енелердің «ширатамын» деп қи­­ра­татынын қайтеміз? Ке­ліндердің қит етсе, «ажы­расамын» дейтінін ше?

Просмотров материала: 2 714

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 181 446 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 180 961 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 180 541 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 180 592 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 180 903 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 550 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 679 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 922 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 114 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 263 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 858 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 102 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 456 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 280 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 106 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 322 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 365 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 049 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 442 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 168 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 997 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 831 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 104 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 045 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 551 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 079 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 870 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 137 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 505 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 888 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 835 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 894 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 850 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 084 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 221 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031