Көптеген адамдар үшін некені бұзу процесі моральдық жағынан да, бюрократиялық жағынан да жағымсыз болып табылады. Бұл мақалада ажырасуды рәсімдеу тәртібін түсінікті түрде сипаттауға тырысамыз.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі некені тоқтату тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Қандай жағдайларда ажырасуға болады
Кодекстің 16-бабына сәйкес некені бұзу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша;
- сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының (зайыбының) қорғаншысының өтініші бойынша.
Сонымен қатар, Кодекстің 16-бабының 2-бөлігіне сәйкес ерлі-зайыптының келісімінсіз оның жүктілігі кезеңінде, сондай-ақ баланың өмірінің бірінші жылы ішінде некені бұзу мүмкін емес.
Некені бұзу үшін қайда жүгінуге болады
Неке екі жолмен бұзуға болады – АХАТ арқылы (әрі қарай мәтінде біз үйреншікті "АХАЖ" сөзін қолданамыз) немесе сот арқылы. Осы жолдардың әрқайсысында өз шарттары бар және біз олар туралы толығырақ айтамыз.
АХАЖ арқылы ажырасу тәртібі
АХАЖ-ға кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіскенде, және олардың өзара, соның ішінде мүлікке қатысты, талаптары болмаған жағдайда жүгінуге болады.
Бұл ретте, кәмелетке толмаған балалардың болуына немесе болмауына қарамастан, егер ерлі-зайыптылардың бірін сот хабар-ошарсыз кетті деп таныса, әрекет қабілеті шектеулі не әрекетке қабілетсіз деп таныса, сондай-ақ егер қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен сотталған болса АХАЖ-да некені бұзуға болады.
Егер осы шарттардың барлығы сақталса, онда ажырасуға өтінішті eGov.kz порталының электрондық қызметі арқылы онлайн режимінде беруге болады.
Сот арқылы ажырасу тәртібі
Некені сот арқылы бұзу:
- ерлі-зайыптылардың бірін сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған, әрекет қабілеті шектеулі не әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ егер қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен сотталған жағдайларды қоспағанда егер ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болса;
- ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға келіспеген жағдайда;
- егер ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасудан қашса;
- егер ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік немесе өзге де талаптары бар болса жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған балалар болған және өзара мүліктік талаптар болмаған жағдайда, сот себептерін анықтаусыз некені бұза алады.
- ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе;
- олардың бірі өзінің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен ажырасудан қашса.
Некені бұзу туралы шешім шығарған кезде сот мынадай мәселелерді қарайды:
- ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен бірге тұрады;
- ата-анасының қайсысы және қандай мөлшерде балаларды асырауға алимент төлейді;
- кәмелетке толмаған балалардың және ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен
- меншігіндегі мүлікті бөлу;
- оны алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша асырау мөлшерін айқындау.
Ажырасу үшін қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік баждың ұсынылатын орны және мөлшері
АХАЖ арқылы (ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша) – ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды тіркеу кезінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- неке қию туралы куәлік;
- мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 2 АЕК).
АХАЖ арқылы (арыз беруші жұбайдың тұрғылықты жері бойынша) – жұбайын хабар-ошарсыз кетті не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу кезінде, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін сот үкімімен кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі;
- неке қию туралы куәлік;
- мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 0,1 АЕК);
- көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды сенімхат.
Сот арқылы – сот шешімі бойынша некені бұзуды тіркеу кезінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- некені бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;
- мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,5 АЕК);
- көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды сенімхат.
Құжаттар сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе, егер тұрғылықты жері белгісіз болса, оның мүлкінің орналасқан жері бойынша беріледі. Талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа талап арыз бере алады, егер денсаулық жағдайы бойынша жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сот отырысына бара алмаса не талап қоюшымен жас бала тұратын болса.
Сотқа некені бұзу туралы талап арыз берген кезде өтініш берушіден 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Некені бұзу кезінде мүлік бөлінген жағдайда баж талап арыз сомасының 1%-ын құрайды.
Ажырасу кезінде тегін сақтау немесе өзгерту
Кодекстің 243-бабына сәйкес, некеге тұрған кезде өз тегін басқасына өзгерткен жұбайы некені бұзу туралы өтініште жалпы тегі сақталатынын немесе некеге дейінгі тегіне өзгеретінін көрсетуі тиіс.
Некені бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері
Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде неке бұзуды мемлекеттік тіркеу бойынша қызмет көрсету мерзімі – 45 күнтізбелік күн.
Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар ажырасу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі. Ерекше жағдайларда сот некені осы мерзімнің соңына дейін бұзуға құқылы.
Егер ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасуға келіспесе, онда сот оларға татуласу мерзімін алты ай көлемінде тағайындап істі талқылауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер бұл шаралар нәтижесіз болса, неке бұзылады.
Некені бұзу туралы куәлікті ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені бұзуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган, яғни АХАЖ органы береді.
Ақпарат Egov сайтынан алынды.
*1 АЕК = 2651 теңге
Просмотров материала: 1 441