23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сайлауды қауіпсіз өткізу: Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

30 декабрь 2020, 16:02
Сайлауды қауіпсіз өткізу: Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритм бекітілсін», - делінген құжатта.

Сонымен қатар облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері: эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін күніне дейінгі кезеңде тәуекелі жоғары және орташа аймақтарда (қызыл және сары аймақтарда) болатын өңірлерде сайлау комиссияларының мүшелерін, сенім білдірілген адамдарды, байқаушыларды ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді (бұдан әрі – ПТР-тестілеу) ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Елді мекендер бөлінісінде ПТР-тестілеуге жататын адамдардың тізімдерін жасайды және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы», «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалдарына және ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне ұсынады.

Сайлау процесіне барлық қатысушылар:

1) бір рет қолданылатын медициналық немесе қорғаныш маскаларын (бұдан әрі – маскалар) тағу режимін сақтауы;

2) қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалануы;

3) адамдар арасында бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы;

4) қол алысуды не тікелей байланыстың басқа да түрлерін болдырмауы қажет.

Сайлау комиссияларының жұмысы

3. Сайлау комиссиялары өз қызметін ұйымдастыру кезінде:

1) сайлау комиссиясы жұмысының барлық кезеңі ішінде маска режимін сақтауы (маска мұрынды, ауызды және иекті тығыз жабуы тиіс). Бұл ретте бір рет қолданылатын қорғаныш маскалары әрбір үш сағаттан сиретпей ауыстырылады;

2) сайлау комиссиясының үй-жайына кіреберісте қолды антисептикпен немесе өзге де құралдармен дезинфекциялауы;

3) жеке гигиена қағидаларын қатаң сақтауы (қолды жиі жуу, қолды өңдеу үшін санитайзерлерді немесе жеке антисептиктерді пайдалану);

4) қол алысуды не тікелей байланыстың басқа да түрлерін болдырмауы;

5) жиһаз бен техникалық жабдықты әлеуметтік қашықтықты ескере отырып орналастыруды қамтамасыз етуі қажет.

Сайлау учаскесінде (дауыс беруге арналған пунктте) дауыс беру

4. Дауыс беруге арналған үй-жайда ғимараттың техникалық мүмкіндіктері болған кезде жеке кіру және шығу жолдары қамтамасыз етіледі. Дауыс беруге арналған үй-жайдың өкпек желдету үшін терезені ашу мүмкіндігімен әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жеткілікті кең болуы ұсынылады.

5. Ғимаратқа кіреберісте және сайлау учаскесінің үй-жайында сайлау учаскесінде болған кезде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат:

1) сайлау учаскесінде КВИ белгілері бар, дене температурасы жоғары (370С-тан жоғары) немесе өзін-өзі оқшаулау режимі, үй карантині немесе қатаң оқшаулау белгіленген адамдар болмауы тиіс екендігі туралы ескерту;

2) 1,5 - 2 метр қашықтықты сақтау туралы ескерту;

3) қорғаныш маскаларын тағу режимін сақтау туралы ескерту және қорғаныш қолғаптарын кию туралы ұсынымдар орналастырылады.

6. Жергілікті атқарушы органдар:

1) сайлау учаскесіне кіреберісте КВИ-дың профилактикасы жөнінде ұсынымдар бар арнайы ақпараттық стенділер (жадынамалар) орналастыруды;

2) сайлау учаскесінің аумағында және дауыс беруге арналған үй-жайда сайлаушылар легі бағытын көрсеткіштерді орналастыруды, сайлау процесіне қатысушылар сақтауы тиіс 1,5 - 2 метр қашықтықты белгілеуді;

3) сайлау учаскелерін қажет болған кезде сайлаушыларға беру үшін сайлаушыларға арналған жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын маска, қолғап, қалам);

4) дауыс беруге арналған үй-жайға қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құрал бар санитайзерлер орнатуды;

5) қажеттілігіне қарай үй-жайға желдету жүргізуді;

6) қажеттілігіне қарай дауыс беруге арналған кабиналарға өңдеу жүргізуді;

7) дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайға үнемі ылғалды жинау жүргізуді. Бұл ретте есік тұтқаларын, ұстағыштарды, таяныштарды, дауыс беруге арналған кабиналарды, үстелдер мен орындықтардың жанасу беттерін, ұйымдастыру техникасын, дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді дезинфекциялауға ерекше назар аудару қажет;

8) дауыс беруге арналған үй-жайға кіретін және одан шығатын жерде пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинауға және оларды одан әрі кәдеге жаратуға арналған контейнерлер орнатуды қамтамасыз етеді.

7. Дауыс беру күні жергілікті атқарушы органдар дауыс беруге арналған үй-жайдың кіреберісінде:

1) қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құрал бар санитайзерлер орнатуды;

2) КВИ ауруының симптомдары бар азаматтарды анықтау үшін температураны байланыссыз термометрлер арқылы өлшеу үшін медицина қызметкерлерінің немесе еріктілердің кезекшілігін;


3) сайлау процесіне қатысушыларда дене температурасының жоғарылауы (37ºС-тан жоғары) және КВИ ауруының өзге де симптомдары анықталған жағдайда оларды медицина қызметкерінің қарап-тексеруі не жедел жәрдем бригадасының келуін күту үшін сайлау учаскесіндегі жеке үй-жайға оқшаулауды. Сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде көзделген үй-жайда дауыс беруге құқылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 41-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен;

4) жиналуына жол бермей, сайлау процесіне қатысушылардың легін реттеуді;

5) сайлау процесіне қатысушылар арасында 1,5 - 2 метр қашықтықты сақтауды;

6) дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайға ылғалды жинау жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте есіктің тұтқаларын, ұстағыштарды, таяныштарды дезинфекциялауға ерекше назар аудару қажет.

8. Дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау комиссиясы:


1) қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құрал бар санитайзерлердің болуын бақылауды;

2) сайлаушылар үшін қозғалыс маршруты бойынша қашықтық белгілері мен көрсеткіштердің (бағыттамалардың) болуын бақылауды;

3) сайлау учаскесінде сайлаушылар легін реттеуді;

4) дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлау процесіне қатысушылардың санын бір мезгілде жиналуға жол бермей реттеуді;

5) сайлау процесіне қатысушылар арасында 1,5 - 2 метр қашықтықтың сақталуын бақылауды;

6) қажет болған жағдайда сайлаушыларға жеке қорғаныш құралдарын (бір рет қолданылатын маска, қолғап, қалам) беруді;

7) сайлау бюллетеньдерін беру кезінде талаптарды сақтауды.Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжат сайлау комиссиясының мүшесіне онда көрсетілген мәліметтерді қарауға мүмкіндік беретін қашықтықтан көру үшін ұсынылады. Сайлау комиссиясы мүшесінің өтініші бойынша сайлаушы жеке басын растау үшін маскасын уақытша шешеді.

8) жиһаз бен техникалық жабдықты әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып орналастыруды;

9) жасырын дауыс беруге арналған кабиналарды алдыңғы пердесіз пайдалануды;

10) дауыс беруді бастау алдында және күн ішінде қажеттілігіне қарай үй-жайды желдетуді ұйымдастыруды;

11) дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайға үнемі ылғалды жинау жүргізуді бақылауды.Бұл ретте есік тұтқаларын, дауыс беруге арналған кабиналарды, үстелдер мен орындықтардың жанасу беттерін, ұйымдастыру техникасын, дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді дезинфекциялауға, сондай-ақ пайдаланылған автоқаламдарды антисептиктермен өңдеуге ерекше назар аудару қажет;

12) дауыс беруге арналған үй-жайға кіретін және одан шығатын жерде пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинауға және оларды одан әрі кәдеге жаратуға арналған контейнерлердің болуын бақылауды қамтамасыз етеді.

9. Сайлау комиссиясының мүшелерінің бетке арналған қорғаныш экрандарын пайдалануы ұсынылады. Сайлау комиссиясы мүшелерінің үстелдеріне қорғаныш қалқаларын орнатуға жол беріледі.

10. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қантарға дейін қызыл және сары аймақтарда болатын өңірлердегі сайлау комиссияларының барлық мүшелері алдын ала ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Бұл ретте аудандар, қалалар бөлінісіндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері ескеріледі. ПТР әдісімен COVID-19-ға тестті сайлау өткізу басталғанға дейін 5 тәуліктен ерте емес тапсыру қажет. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдар сайлау учаскесіне жіберілмейді.

11. Сайлау учаскесінде дене температурасы жоғары (37ºС-тан жоғары) және КВИ ауруының өзге де симптомдары бар, сондай-ақ өзін-өзі оқшаулау, карантин немесе қатаң оқшаулау жағдайлары қолданылатын комиссия мүшелерінің және сайлау процесінің басқа да қатысушыларының болуына жол берілмейді.

12. Дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысушылардың барлығы сайлау комиссиясының санитариялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары мен нұсқауларын сақтайды.

4. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс беру

13. Сайлаушылардан денсаулық жағдайы бойынша немесе отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебі бойынша келген жері бойынша дауыс беру туралы өтінішті қабылдай отырып, сайлау комиссиясының мүшесі:

1) үйде емделуіне немесе КВИ бойынша карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режимі нұсқамасының болуы туралы ақпаратты нақтылауы;

2) санитариялық қауіпсіздік шараларының сақталуын ескере отырып, дауыс беру рәсімін түсіндіруі тиіс.

14. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін шығуды жүзеге асыратын сайлау комиссиясының мүшелері жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын халаттар, қорғаныш маскалары, бір рет қолданылатын қолғаптар, қолға арналған антисептикалық құралдар) қамтамасыз етіледі.

15. Сайлаушыларға қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдары (бір рет қолданылатын қорғаныш маскасы, қолғап, қалам) беріледі.

16. Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжат сайлау комиссиясының мүшесіне онда көрсетілген мәліметтерді қарауға мүмкіндік беретін қашықтықтан көру үшін ұсынылады. Бұл ретте сайлаушы жеке басын растау үшін масканы уақытша шешеді.

17. Үйде емделуіне немесе КВИ бойынша карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміндегі сайлаушыларға шығу кезінде дауыс беру пәтерге (үйге) кірмей ұйымдастырылуы тиіс. Мұндай дауыс беруді байланыссыз тәсілмен, мысалы, саты алаңында (үй маңындағы аумақта) дауыс беруге қатысушыға дауыс беруге арналған бюллетеньді және үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтінішті беру, содан кейін одан өтінішті алу және бюллетеньді тасымалданатын жәшікке салу арқылы өткіуге болады.

18. Дауыс беруге арналған бюллетеньді алғанға дейін дауыс беруге қатысушы маска тағып, қолын антисептикпен өңдеуі тиіс.

19. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерден кейін учаскелік комиссия мүшелері міндетті түрде қолдарын, тасымалданатын жәшіктің беттерін дезинфекциялайды.

20. Жеке қорғаныш құралдарын қайта пайдалануға жол берілмейді. Көрсетілген жеке қорғаныш құралдары тығыз жабылатын контейнерге немесе одан әрі кәдеге жарату үшін бакқа салынуы тиіс.

21. Стационарлық емдеу мекемелерде құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу карантиндік шаралар қатаң сақталған жағдайда өткізіледі.

5. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау

22. Дауыстарды санау алдында дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайды желдету және ылғалды жинау ұсынылады.

23. Дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді ашу алдында оларға дезинфекциялау құралдарымен санитариялық өңдеу жүргізу қажет.

24. Сайлау бюллетеньдерін есептеуді сайлау комиссиясының мүшелері қорғаныш маскалары мен қолғаптарын кию, әлеуметтік қашықтық режимін қатаң сақтаған кезде жүргізеді.

25. Сайлау комиссияларының мүшелері құжаттарға қол қою кезінде жеке автоқаламдарды пайдалануы қажет.

26. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін дауыс беруге арналған үй-жайға толық дезинфекция жүргізу ұсынылады.

27. Аумақтық комиссияларда сайлау құжаттарын қабылдау кезінде осы Алгоритмнің 2-тармағында көрсетілген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қамтамасыз етіледі.

6. Сайлау учаскесінде қатысушыларға қойылатын талаптар

28. Сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері осы Алгоритмнің 2-тармағында көрсетілген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды.

29. Сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау учаскесінде болған барлық кезең ішінде маска режимін сақтауды (маска мұрынды, ауызды және иекті тығыз жабуы тиіс), күні бойы қолды антисептикалық құралдармен тұрақты өңдеуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте бір рет қолданылатын қорғаныш маскалары әрбір үш сағаттан сиретпей ауыстырылады.

30. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қантарға дейін қызыл және сары аймақтарда болатын өңірлерде барлық сенім білдірілген адамдар, байқаушылар алдын ала ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуі тиіс. Бұл ретте аудандар/қалалар бөлінісіндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері ескеріледі. ПТР әдісімен COVID-19-ға тестті сайлау өткізу басталған сәтке дейін 5 тәуліктен ерте емес тапсыру қажет. ПТР-тест нәтижелері сайлау учаскесінде тіркелу үшін қажетті басқа да құжаттармен бірге ұсынылады. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдар сайлау учаскесінің үй-жайына жіберілмейді.

31. Сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің орналасатын жерін сайлау комиссиясының төрағасы кемінде 1,5 - 2 метр қашықтықтағы әлеуметтік қашықтықты ескере отырып айқындайды.

32. Дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысушылар сайлау комиссиясының санитариялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары мен нұсқауларын сақтайды.

7. Сайлаушыларға қойылатын талаптар

33. Сайлау учаскесінде осы Алгоритмнің 2-тармағында көрсетілген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

34. Дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау комиссиясының санитариялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары мен нұсқауларын сақтау керек.

35. Санитариялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында өзімен бірге балаларды алып келу ұсынылмайды.

36. Үйде емделуіне байланысты өзін-өзі оқшаулау режимі белгіленген немесе КВИ-ға байланысты карантиндегі сайлаушылар сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруді өткізу туралы өтінішті берген кезде бұл туралы сайлау комиссиясына хабарлауға міндетті.

Просмотров материала: 711

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 325 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 141 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 797 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 815 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 122 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 668 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 838 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 916 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 156 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 300 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 668 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 397 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 353 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 140 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 155 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 195 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031