8 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәжіліс депутаттығына кімдер кандидат бола алмайды

21 октябрь 2020, 16:18
Мәжіліс депутаттығына кімдер кандидат бола алмайды
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Орталық сайлау комиссиясы белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, ҚР Президенті мен Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыратынын хабарлады.

Осыған байланысты, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.


Парламент Мәжілісінің депутаттығына ел аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан, 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Қазақстан Парламентінің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша кандидат бола алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

2) сотпен заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін мойындаған адамды.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.

Саяси партия партиялық тізімдерді бекіту кезінде оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 проценті мөлшерінде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдарды қамтиды.

Бекітілген жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну кезеңі дауыс беру күнінен екі ай бұрын басталады және дауыс беру күнінен қырық күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Яғни, ағымдағы жылғы 10 қарашадан бастап 30 қараша күнгі сағат 18-00-ге дейін.

Партиялық тізімдерді тіркеу сайлаудан екі ай бұрын басталады және сайлауға бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. Яғни, 2020 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан күнгі сағат 18:00-ге дейін.

Заңға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады.

Осылайша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының жалпы ұзақтығы тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 82 күнді құрайды.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады.

«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады», - деді Президент.

Просмотров материала: 897

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 563 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 149 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 668 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 725 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 073 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 325 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 421 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 263 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 610 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 454 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 576 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 388 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 225 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 709 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 472 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 161 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 562 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 338 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 265 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 241 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 163 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 661 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 472 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 625 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 033 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 994 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 198 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 357 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930