7 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

21 октябрь 2020, 9:57
Парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстанда парламенттің төменгі палатасының кезекті сайлауын өткізу күнін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен бекітті, деп хабарлайды Ақорда.

Парламент сайлауын тағайындау регламенті

Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады.

Мәжілістің бұған дейінгі сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында, бірінші сессиясы 2016 жылдың 25 наурызында өтті. Дәл осы күннен бастап палатаның қазіргі құрамының өкілеттігі басталды.

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Осылайша, мәжілістің қазіргі шақырылымының өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің қазіргі шақырылымының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталатын парламенттің төменгі палатасының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі қажет.

"Қазақстандағы сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан президенті кезекті сайлауды мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес ай бұрын тағайындайды.

Қазір мәжіліс депутаттары 2020 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған алтыншы шақырылымның алтыншы сессиясы аясында жұмыс істеп жатыр.

Қазақстанда қанша мәжіліс сайлауы өтті

Қазіргі Қазақстан тарихында парламент мәжілісіне сайлау алты рет - 1995, 1999, 2004, 2007, 2012 және 2016 жылдары өтті.

Олардың ішінде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы үш рет – 2007, 2012 және 2016 жылдары (мәжілістің үшінші, төртінші және бесінші шақырылымы) тағайындалды.

Мәжіліс құрамы

Қазақстан Конституциясына сәйкес, мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Тоғыз депутат Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланады. Қалған 98 депутат бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізім негізінде сайланады. Яғни, сайлаушылар өз дауысын саяси партияларға береді, ал олар өз кезегінде кандидат тізімін қалыптастырып, оны орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Партиялар мәжіліске өтуі үшін 7 проценттік шекті еңсеруі қажет.

Мәжілістегі орындар партияның сайлаушылардың қанша процент дауысына ие болғанына байланысты бөлінеді.

Жаңа заңға сәйкес, (2020 жылдың мамырында қабылданды) саяси партияларды құру үшін тіркеу шегі партияның 40 мың мүшесінен 20 мыңға дейін төмендеді. Сондай-ақ, партиядан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу үшін тізімге енгізілген адамдардың жалпы санынан жастар (29 жасқа толмаған адамдар) мен әйелдер үшін кемінде 30% мөлшерінде квота белгіленді.
Просмотров материала: 1 040

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 596 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 207 251 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 737 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 792 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 207 160 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 047 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 094 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 394 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 038 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 120 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 302 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 692 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 733 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 470 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 336 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 095 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 279 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 684 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 496 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 353 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 191 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 050 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 380 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 271 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 752 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 885 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 107 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 342 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 723 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 087 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 030 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 160 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 309 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 470 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031