22 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СҚО-да малы бруцеллезге шалдыққан шаруалар өтемақы ала алмай отыр

СҚО-да малы бруцеллезге шалдыққан шаруалар өтемақы ала алмай отыр
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Тілеусай ауылының тұрғындары бруцеллезге шалдыққан мал үшін мемлекет тарапынан төленетін өтемақыны ала алмай жүр. Кейбірінің алашағы жарты миллион теңгеден асып кеткен. Жарты жылдан астам уақыт бойы әкімдік табалдырығын тоздырған халық барар жер, басар тауы қалмағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тілеусай ауылы облыс орталығынан 400 шақырым қашықтықта жатыр. Шалғайдағы елдімекенде 50 шақты шаңырақ түтін түтетіп отыр. Елдімекен тұрғындарының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Ауылда тұрақты жұмыс болмағандықтан халық төрт түлікпен жан бағып отыр.
Малға келген жұқпалы дерт халықтың берекесін былтырдан қашырған. Қорадағы ірі қара жаппай бруцеллезге шалдыққан. Өтемақының төленбеуі жығылғанға жұдырық болып тиді. Ауру малды Көкшетау қаласындағы қасапханаға тапсырғандарға өтемақы берілсе, сиырларын Қостанайға апарғандар сан соғып қалған.

«Ауылдастарымыздың бірі жеке кәсібін ашып, Павлодардан сиырлар әкелді. Жаңа сатып алынған мал карантинде тұрған жоқ. Содан кейін сиырлар бұзау тастай бастады. Мұндай құбылыс нодулярлық дерматит кезінде де болады екен. Жазда әдеттегідей жоспарлы сараптама алынды. Бірлі жарым сиырдан бруцеллез дерті анықталды. Мал дәрігерінің ұсынысы бойынша вакцина қоюды ұйғардық. Мамандар бізге екпе жасалған сиырдың сүтін ішуге болмайтынын да айтқан жоқ. Біз білместікпен оны тұтындық. Ауру малды Қостанайда ет өңдеу комбинатына емес, мал сою цехына апарыпты. Сонда жасалған сараптама сиырлардың сау екенін көрсеткен. Сол жерде сойылған малды базарларға өткізген. Өйтпегенде ет бүлініп кетеді. Облыс әкіміне дейін хат жаздық. Ол мәселенің түйінін жергілікті жерде анықтауды тапсырған екен. Аудандық бөлім анықтама қағазы болмағандықтан құжаттардың түгел емес екенін айтып отыр. Осылайша, біздің қолымызға өтемақы алуға мүмкіндік беретін анықтама да тимеді. Енді соның кесірінен облыстық ветеринария басқармасынан өтемақы ала алмай отырмыз. Бағып отырған малымыздан айырылып қалдық. Бармаған жеріміз жоқ. Соның кесірінен жүйке жұқарды», - дейді Тілеусай ауылының тұрғыны Маргарита Горюнова.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, Қостанай базарларына өткізілген мал арзан бағаға сатылған. Еттің нарықтық құнынан әлдеқайда төмен. Келісіне 900-1200 теңгеге бағаланыпты. Сондықтан шаруалар асырап баққан малының тиісті қаражатын ала алмаған. Мемлекет тарапынан төленетін өтемақыдан да қағылып қалған.

2019 жылдың қаңтар айында ауыл бруцеллез бойынша карантинге жабылған. Екі жылдан бері тұрғындардан тыныштық қашқан. Ауру малмен бір әлек болса, тиісті қаражат қолдарына тимей екі әлек. Зейнеткер Айман Қазинованың былтыр 20 сиыры болыпты. Уәлиханов аудандық ветеринария бөлімінің мамандары жасаған сараптама бойынша оның 18-інен жұқпалы дерт анықталған.

«Малдан ауру шыққанда қатты үрейлендік. Өзіміздің бала-шағаның денсаулығы үшін алаңдағанымыз рас. Дертке шалдыққан сиырдан не пайда? Мал дәрігерлерінің айтқанын істеуге асықтық. Сиырларды өз қолымызбен мамандарға тапсырдық. Бірнеше мәрте келіп, 18 бас шығарды. Шындығында, тірідей алдына салып берген малды қайда әкетіп жатқанынан да бейхабар болдық. Қайсының қандай бағаға өткізілгенін, нақты неше келі ет шыққанынан бейхабармыз. Ауылда сараптама «ауру» деп көрсеткен малды алып қалмақ болғандар да табылды. Ветеринарлар соңынан полиция қызметкерлерін ерте келді. Ірі-қараны күшпен әкеткендей болды. Кейбір малды Көкшетауға, кейбірін Қостанайға апарғанын айтты. Неге олай болғанын білмедім», - дейді ауыл тұрғыны.

Ал Көкшетауға апарылған малға бруцеллезге шалдыққаны жайында анықтама берілген. Бір қалаға апарған мал ауру, екіншісіне жөнелткені не себепті сау болып шыққанын тұрғындар түсіне алмауда. Малдың ауру болғанына күмән басым. Мәселенің мән-жайын білу мақсатында Қостанайға хабарластық. Мардымды жауап болмады. Ал облыстық ветеринария басқармасы қасапхананың қағазы қажет екенін айтты. Ресми құжатсыз шаруаларға қаражат жоқ.

«Малы бруцеллезге шалдыққан тұрғындар жеті түрлі құжат тапсыруы тиіс. Бұл жолы тұрғындар өнімнің азыққа жарамсыздығы туралы және малдың етінің қайта өңделуі туралы құжатты тапсырмады. Негізі, биыл Уәлиханов ауданының 98 тұрғынынан өтемақы жөнінде өтініш келіп түсті. Оларға ірі қараның 160 басы үшін 13 миллион теңге қаражат төленді», - дейді СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Наталья Тараканова.

Осылайша, қарапайым халық таза еңбек, маңдай термен баққан малының ақысын ала алмай отыр. Билік өкілдері мәселенің ақ-қарасын ажыратудан гөрі, анықтама қағазының жоқтығына сілтеп, сырттан қарап отыруды жөн санаған сыңайлы.
Просмотров материала: 902

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 404 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 072 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 571 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 609 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 986 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 407 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 441 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 763 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 413 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 479 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 672 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 768 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 862 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 539 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 416 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 311 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 650 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 388 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 791 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 590 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 422 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 266 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 121 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 466 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 351 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 831 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 123 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 175 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 414 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 802 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 157 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 097 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 232 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 173 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 392 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 545 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31