14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СҚО тұрғындары өлім-жітімнің көбеюін ресейліктер салған кәсіпорыннан көреді

СҚО тұрғындары өлім-жітімнің көбеюін ресейліктер салған кәсіпорыннан көреді
Соңғы 1,5 жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Бұлақ ауылында 18 адам қайтыс болған, оның жетеуі «Әулие Голд майнинг» серіктестігінде жұмыс істеген. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, соңғы уақытта елді мекенде онкологиялық дертке шалдыққандар саны да күрт көбейген. Осы мәселені «Азаттық рухы» тілшісі зерттеген еді.

Ауылда соңғы 3 жылда 30 адам қайтыс болған

Тұрғындар жағдайды осыдан 5 жыл бұрын ашылған ауылдағы «Әулие Голд майнинг» алтын өндіретін кәсіпорынмен байланыстырады. Зауыт Ресей инвесторларының қаражатына салынған, жоба құны 27 млрд теңге шамасында. Ауылдықтар өндіріс орны ашылғанда жаңа жұмыс орындарының пайда болғанына қуанған. Бірақ олардың шаттығы ұзаққа бармады. Соңғы 3 жылда 30 адам қайтыс болып, ауыл тұтас қара жамылды. Бақилық болғандардың арасында жастар басым. Топырақ пен судан алынған сараптама радиация мөлшері жоғары екендігін көрсеткен.

«5 жыл бұрын кәсіпорын өкілдері ауыл халқымен кездесті. «Жолды жөндейміз, су тартамыз» деп уәдені үйіп-төкті. Бүгін оның бірі де жоқ. Су сапасы керісінше нашарлай бастады. Ыдыстың түбінде тұнба қалатынын күнде көріп жүрміз. Ұлым сол мекемеде қызмет етті. 15 күн жұмыс істеп, жарты ай демалады. Үйге әбден қалжырап, ауырып келеді. Серіктестікте жұмыс істегендердің талайы өмірден озды. Өліп қалар деп үрейленіп, ұлыма арыз жазғыздым. Қазір жұмыссыз. Алтын зауыты үлкен мекеме ғой. Жоғары жақтан бұйрық болған соң, біз оны тоқтата алмайтынымызды білеміз. Бірақ, жер елдікі», - дейді Бұлақ ауылының тұрғыны Қадыржан Шопанаев.

Ауыл тұрғындары кіндік қаны тамған жерден кеткісі келмейді. Көбінің көшуге жағдайы да жоқ. Көз алдында жүрген адамдардың қатты сырқаттанып, қысқа уақытта көз жұмып жатқаны барлығының жанына батып жүр. Бірақ қолдан келер шара жоқ.

СҚО тұрғындары өлім-жітімнің көбеюін ресейліктер салған кәсіпорыннан көреді


«Қазақ атын айтпайды. Ауылдастарымыз жаман аурудан қайтыс болып жатыр. Бірінің қайтыс болғанына 40 күн толмай жатып екіншісі дүниеден өтеді. Барлығы тепсе темір үзетін жап-жас жігіттер. Алтын келгелі ауылымыз оңбады», - дейді Нұриддин Идрисов.

Тұрғындар жергілікті билікке сенбейді

Солтүстік Қазақстан онкологиялық аурулар көрсеткіші жағынан республика бойынша бірінші орында тұр. Ал облыстық статистикада Есіл ауданы көш басында. Жыл басынан бері 78 тұрғын қатерлі ауруға шалдықса, 26 адам көз жұмған. Ал зауыт басшылығымен кездесу мүмкін болмады.

«Алтын зауытына жұмысқа кіргелі қан қысымым көтеріліп, денсаулығым сыр бере бастады. Бұған дейін еш жерім сырқаттанған емес. Кәсіпорынға барсам, басым ауырады. Жүре алмай қаламын. Қан қысымым 160-170-ке дейін көтеріледі. Үйге келсем, өзінен-өзі дұрысталады. Арыз жазып, жұмыстан шығып кеттім. 1984 жылы туған ағам да зауытта жұмыс істеді. Өткен жылы қайтыс болды. Жақында ғана жылын бердік. Осы өндіріс орны жабылса екен», - дейді зауыттың бұрынғы жұмысшысы Тілектес Есжанов.

Бұлақ ауылында 100 шақты шаңырақ түтін түтетіп отыр. Ауылда өлім саны күрт өскенін жергілікті билік өкілдері де мойындады. 2016 жылы 7 адам, 2017 жылы 5 адам қайтыс болса, биылғы жылдың 6 айында 10 адам ажал құшқан.

«Власовка ауылдық округінде өлім көрсеткіші көбейді. Оның ішінде Бұлақта қайтыс болғандар көп. Бірақ онкологиялық дертке шалдыққандар саны артты деген ақпаратпен келіспеймін. Көбі кәріліктен кетіп жатыр. Судан сараптама алдық. Бәрі мөлшерге сай», - дейді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Еділ Тұтқышев.

Ауыл тұрғындары мамандарға су мен топырақ сынамасын алғызып, өздері дербес сараптама жасатқан. Ал оның нәтижесі әкімдік өкілдері айтқан ақпаратқа сай келмейді. Сол себепті қарапайым халық жергілікті билік өкілдеріне сенімнен гөрі, күдікпен қарайды.

«2015 жылы Алматыда сараптама жасаттық. Мөлшерден тыс және мөлшерге сай норма бар. Радиацияның альфа, бетта, гамма сәулелері болады. Сараптама бойынша альфа мөлшері 2,5 есе көп. Әкімдік те сараптама алды. Олар бәрі дұрыс екенін айтты. Біз оларға сенбейміз. Өндірістен шыққан ционит қалдықтары жерге төгіліп жатқанын естідік. Ол топыраққа сіңіп, суға барады. Біз құдықтан сол суды тұтынамыз», - дейді ашынған ауыл тұрғыны Сырым Қалиев.

Аудан әкімдігі тарапынан ешқандай көмек болмағандықтан, ауыл тұрғыны Болат Бейсенбаев жуырда осы мәселені арқалап «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловқа барған.

«Серіктестік жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған. Бұл жағдай тұрғындардың денсаулығына кері әсер етіп жатыр. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, қауіпсіздік техникасы бұзылады, шикізат сақтайтын ыдыстар тесілген. Кішкентай ғана ауылда соңғы 3 жылда 30 адам қайтыс болды. Жігіттер жұмыстан кетіп жатыр. Ауылда ауызсу да тапшы. Жол шұрық-тесік. Алтынның ортасында отырған ауылдың жағдайы осындай болғаны ақылға қонымсыз», - дейді Болат Бейсенбаев.

Аудандық әкімдік мәліметіне сүйенсек, қазір кәсіпорында 110 адам жұмыс істеп жүр. Оның 17-сі Бұлақ тұрғындары. Ақша табудың басқа амалы болмағандықтан, ауыл тұрғындары басын қатерге тігіп, дәл осы кәсіпорында күн сайын жұмыс істеуге мәжбүр.
Просмотров материала: 1 191

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 220 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 723 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 313 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 364 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 664 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 601 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 832 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 993 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 143 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 055 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031