20 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шенеуніктер ертең шетел асатын бала-шағасын заңмен қорғап қойды

24 декабрь 2020, 14:40
Шенеуніктер ертең шетел асатын бала-шағасын заңмен қорғап қойды
Шенеуніктер мен депутаттарға шетелдік банктерден есепшот ашуға тыйым салатын заңға Президент қол қойды. Бұл дегеніңіз енді мемлекеттік қызметкерлерге ресми түрде шектеу болады деген сөз. Алайда, бұл өзгертуге қатысты қоғамның пікірі екіұдай. Бірі "дұрыс болды" деп қолдау білдірсе, тағы бір тарап "атқамінерлер онсыз да ақшасын өз атында ұстамайды, әйелдерінің атына аударып қояды" деп уәж айтуда, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Шенеуніктер мен депутаттарға шетел банктерінен шот ашуға шектеуді күні кеше парламенттің қос палатасы бірінен кейін бірі талқылаған болатын. Сол кезде шенділердің өзіне ғана емес, әйелдеріне де тыйым салу керек деген ұсыныстар айтылған еді.

Нұржан Нұрсипатов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл шектеулер лауазымды тұлғалардың жұбайларына, кәмелетке толмаған балаларына қатысты бола ма? Егер жоқ болса, бұл заңның тиімділігі қайда? Бұл норма квазимемлекеттік секторлардың өкілдеріне қатысы бар ма? Болмаса неге іріктеп, таңдап шектеу енгізіледі?
Амал нешік, ескертпе айтылды, қалды. Заң бір ауыздан қабылданып кете барды. Бірақ, ел ішінде бұл өзгеріске қатысты сын-ескертпе көп. Заңды не заңсыз табысын қай шенеунік өз атына тіркейді дейді жұрт. Бұл сұраққа қатысты Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері былай жауап берді.

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

Біз нарықтық қоғамда өмір сүреміз. Мемлекеттік қызметкерлердің әйелдері бизнеспен немесе басқа да нәрсемен айналысып жатады.Шетелге шығу қажеттілігі тууы мүмкін. Егер біз оларға шектеу қойып тастасақ, талап тым қатал болып кетуі мүмкін. Біз бірінші қадамды жасадық. Шенеуніктерге шетелде шот ашуға тыйым салынды. Әрі қарай тәжірибеге қарай көре жатамыз.
Саясаттанушы Қазбек Майгельдинов шенеуніктермен қатар отбасы мүшелеріне де шетелдік банктерден шот ашуға тыйым салу керек деген бастаманы қолдайды. Мемлекеттік қызметке бара жатқан әр адам барлық жағынан дайын болуы керек деген пікірде.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Жанұя мүшелеріне де мұндай шектеулер қойылуы керек. Қандай да бір шектеулер қойған кезде мелекеттік мүддені қорғау негізінде қойылып отыр. Сондықтан бұл барлық жанұя мүшелеріне тарауы керек деп санаймын. Мұның бәрі сыбайлас жемқорлық мәселесіне келгенде немесе шетел компанияларының лоббиі айтып кеткен мәселелер болған кезде әйелдерінде шот болатын болса, мемлекеттік қызметкер имиджіне тікелей әсер етуі мүмкін.
Ал, заңгер Абзал Бекбосынов мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне тыйым салудың қажеті шамалы екенін айтады. Себебі, отағалар декларация тапсырғанда бәрі ашық әрі анық жазылады, дейді.

Абзал Бекбосынов, заңгер:

Ең жақын туысы әйелі болып есетелінеді. Есепшот ашқанмен декларацияда көзделген. Декларация тапсыруға және өзінің есепшотында қанша ақша барын және жылжитын, жылжымайтын мүліктері бары жөнінде тіркеуге міндеттелген.
Айтты-айтпады депутаттар мен шенеуніктердің өздеріне тиым салынғанымен жан-жарлары шетел банктерінде шот ұстап, бизнестің кез келген түрімен айналыса алады. Яғни, олардың табысының сырын тек жаппай декларациялау енгізілгенде ғана анықтауға болатын сияқты.



Просмотров материала: 748

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 164 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 871 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 364 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 393 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 768 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 879 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 912 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 246 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 929 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 957 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 161 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 890 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 025 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 655 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 533 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 558 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 768 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 527 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 934 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 719 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 531 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 378 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 217 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 589 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 468 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 949 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 389 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 282 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 518 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 909 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 259 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 202 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 351 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 279 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 523 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 657 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031