23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: айыпталушылар соңғы сөзін айтты

11 декабрь 2020, 11:33
Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: айыпталушылар соңғы сөзін айтты
8 желтоқсанда сот жарыссөзі аяқталған бойда процеске қатысушылар қарсы тараптың бұрын сөйлеген сөзіне қарсылық білдіру құқығын алды. Осыдан кейін сотталушылар соңғы сөзін айтты. Ал қарсылық білдіруде бірінші болып негізгі сотталушы Қуаныш Нысанбаевтың адвокаттарының бірі Аслан Жолболов сөз алды. Бұл туралы azh.kz хабарлады.

Ол сотта қорғалушысының кінәсі дәлелденбегенін мәлімдеді және айыптаудың бірнеше бабына тоқталды. Атап айтқанда, оның пікірінше, босанған әйелдің өлімі туралы «қажетті» қорытынды шығарғаны үшін Атырау облысы бойынша Сот-медициналық сараптама институтының директорына 300 мың көлемінде «пара беруге әрекет жасау» эпизоды бойынша айыптау расталмаған. Жолболовтың айтуынша, осы 300 мыңды беруге делдал болды делінген куәгер Бауыржан Төлеген сотта мұны жоққа шығарды.

«Пара беру фактісі расталмады. Бұл мәселе жүзеге аспаған, тек талқылау, ниет деңгейінде болған. Ниеті үшін соттамайды – заңға қайшы әрекеті үшін соттайды. Егер әрекет жүзеге аспаса, онда пара берілді деп нені айтып отыр?», - деді Жолболов.

Сондай-ақ, оның пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істі тергеу кезінде жан-жақты айыптау үшін «сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемденді», «қызмет бабын асыра пайдаланды», «пара алды» деп, жаңа фактілерді көбірек «қазбалау» мақсатын көздеген.

Жолболовтың айтуынша, тергеу барысында Нысанбаевқа пара бергені туралы куәлік берген куәгерлер мұны қысыммен жасаған.

«Мысалы, куәгер Нұрмұханов сотта Нысанбаевқа 10 мың теңге пара бермегенін, бірақ қылмыстық қудалаймыз деген қоқан-лоқы жасаған соң тергеушілерге айғақ бергенін айтты. Ал тергеу барысында Нысанбаевқа 200 мың теңге көлемінде пара бергені туралы куәлік беруші бұрын сотталған куәгер Ищанов сот отырысына мүлдем келмеген, оны ақыры сотқа келтіре алмаған. Егер куәгер сотқа келмесе, оның айғағының заңды күші болмайды», - деді ол.

Жақында өткен отырыстардың бірінде Жолболов Тұрымбетованың нәрестесінің мәйіті ауысып кеткені туралы мәлімдеме жасаған еді, процесстің осы сатысында сол мәселені жалғастырды.

«Тұрымбетованың нәрестесінің мәйітіне бастапқы сараптама жүргізу кезінде атыраулық сот-медицина сарапшысы Сидешев оның шашының ұзындығы 0,5 см екенін анықтады. Мұны БҚО-дағы алғашқы сот-медициналық сараптамада оралдық әріптесі Кульчиков та растады. Ал Қарағандыдағы қайталама кешенді сот-медициналық сараптамада сәбидің шашының ұзындығы 2,2 см деп белгіледі. Сот-медицина сарапшысы Нұрлан Капин сотта сәби мәйітінің шашы өспейтінін растады. Бұл мәйіт ауысып кеткен деген күдікке негіз емес пе?», - дейді ол.

Жолболов, әрине, Нысанбаевтың Асқар Қайыржанмен сөйлескен құпия аудиожазбаға да тоқталды. Айтуынша, олардың сөзін үзіп құрастырып, жалғаған.

«Жасырын тергеу әрекеттері кезінде телефонмен сөйлескен әңгіменің кей тұстары қылмыстық іске дәлел ретінде біріктірілген. Олардың саны - 16, сөйлесу уақыты 3-тен 10 секундқа дейін. Олардың бірі - Нысанбаев пен Қайыржан арасындағы олардың қылмыстық ниеттерін білдіретін-мыс әңгіме. Бірақ ол құрастырылған, яғни, сөздерін үзіп жалғаған. Әңгіменің немен аяқталғаны түсініксіз. Басы бар, содан кейін әңгіме үзіледі. Содан кейін не болғанын және жазба неге дәл сол жерде үзілгенін тек болжай аламыз», - деді.

Содан кейін Нысанбаевтың әйелі Нұрия Салиманова сөз алды. Оның айтуынша, күйеуі екеуі перинаталды орталықтың бас дәрігері болып жұмыс істегеннен кейін 2-3 жыл өткен соң Атыраудан кетуді жоспарлаған. Бірақ сол кездегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк Аймурзиева оның өз еркімен жұмыстан кету туралы арызына қол қоймаған. Сөз соңында Салиманова сотқа облыстық перинаталды орталық дәрігерлер тобының әріптестерін қорғап, хормен айтқан бейнеүндеуін ұсынды. Бірақ судья Гүлмира Дәулетова бұл сотқа қысым көрсету деп мәлімдеп, видео көрсетілімін тоқтатты.

10 желтоқсанда, бес айыпталушының бәрі соңғы сөзін айтты. Олардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамады және соттан әділ шешім шығаруды сұрады.

Дәрігер неонатологтар Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева, акушер Жәмила Құлбатырова сотта айтқан бұрынғы сөзін қайталады: тексеру кезінде Тұрымбетованың нәрестесі өлі болған, оны тоңазытқышқа өлі күйде салған.

Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан жәбірленуші Нұржамал Тұрымбетова мен өз әке-шешесінен кешірім сұрады.

«Нұржамал Мұратқызы, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өзімді кінәсіз деп санасам да, сізден мерзімінен бұрын босанғаныңыз үшін, шарана жолдасының ажырағаны үшін, шарананың босану кезінде шетінегені үшін кешірім сұрағым келеді. Сізді жүктілігіңізді сақтауға тырыссам да сізден кешірім сұраймын. Менің ешқандай арам ниетім болған жоқ. Мұны куәгер Қасанова растады. Мен сізге жүктілікті сақтау терапиясын тағайындадым. Өзіңіз ойлаңызшы, аса ауыр қылмыс жасауға ниетім болса, сізге жүктілікті сақтау үшін терапия тағайындаудың қажеті не еді?

Сіз өз арызыңызда мен адамдарды ұлтқа бөлгенімді, яғни, сізді қарақалпақ деп айтты депсіз. Егер дұрыс түсінбеген болсаңыз, кешірім сұраймын. Мен ешкімді ұлтқа бөлейін деген жоқпын. Менің 11 жылдық тәжірибем бар, жұмысымда негр әйелдер де, қытай, моңғол, басқа да ұлт өкілдері кездесті. Мен бұл нышанмен ешкімді бөлген жоқпын, сізді де. Егер менің сөздерімді қорлау деп қабылдаған болсаңыз, бұл үшін кешірім сұраймын.

Кісі өлтіруші 11 жыл бойы бірде-бір ескерту алмастан бір мекемеде жұмыс істемес еді. Отбасылық немесе басқа проблемадарға қарамастан, мардымсыз жалақыға, түнімен жұмыс жасамас еді.

Сізге болашақта дені сау сәбиді құшағыңызға алуыңызға және бұл жағдайды біржола ұмытуыңызға тілектеспін», - деді.

Ол тергеу абақтысында болған уақытта өзін бір жылдан астам уақыт көрмегені үшін әке-шешесінен кешірім сұрайтынын айтты.

Содан кейін Қуаныш Нысанбаев соңғы сөзін айтты. Ол судьядан, оның хатшысы мен қорғаушыларынан, сондай-ақ, жәбірленушілер Роза Молдағалиева мен Нұржамал Тұрымбетовадан сот барысында сөйлегенде дауыс көтергені үшін кешірім сұрады.

«Мен тек Молдағалиевадан адами тұрғыдан кешірім сұраймын. Жүктілікті тоқтатып, перинаталды орталықта босанғаныңыз үшін Ермағамбетов Қазбек Айжарықұлы сізден кешірім сұрасын. Ол сізге ДКК анықтамасын беріп, ол шешім қабылдады. Нұржамал Мұратқызы, айтайын дегенім: біз сіздің сәбиіңізді өлтірген жоқпыз. Сотта сізге келеңісіз сұрақтар қойдық, бұл үшін сізден адами тұрғыдан кешірім сұраймын», - деді айыпталушы.

Ол сондай-ақ акушерлік-гинекологиялық операциялар жасауды үйретуді сұраған әріптестерінен кешірім сұрады.

«Мен әріптестеріме адамдар Астраханьға, Алматыға, Астанаға, Ақтөбеге бармай-ақ, атыраулық дәрігерлерге сенім артуы үшін бар білгенімді үйретемін деп уәде берген едім. Уәдемде тұра алмағаным үшін кешірім сұраймын», - деп аяқтады сөзін.
Просмотров материала: 727

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 398 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 230 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 870 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 894 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 203 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 483 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 658 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 726 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 916 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 060 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 439 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 324 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 651 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 547 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 355 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 457 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 654 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 321 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 668 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 433 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 429 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 269 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 115 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 361 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 292 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 824 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 170 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 148 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 366 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 693 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 117 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 132 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 176 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 098 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 331 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 483 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930