21 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысының Қасымбек ауылында үш ауысымда оқу мәселесі шешілді

Алматы облысының Қасымбек ауылында үш ауысымда оқу мәселесі шешілді
Алматы облысында үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында Жамбыл ауданы Қасымбек ауылында қолданыстағы мектептің іргесі кеңейтіліп, жанынан салынған жаңа ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды baq.kz.

"Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында іске қосылған жаңа нысанның ашылуына облыс əкімі Амандық Баталов келді.
Қосалқы салынған ғимарат болғанымен, үш қабатты бұл құрылысты заман талабына сай жаңа мектеп деуге де болады. Мектептің сапалы салынғаны сыртқы кейпінен-ақ көзге көрініп тұр. Бұл құрылыс Елбасының балалардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үш ауысымды мектептер мәселесін шешу туралы тапсырмаларына орай жүзеге асырылды. Біздің облыста жылына 50 мыңдай бала өмірге келіп, мектепке баратын оқушылар саны да жыл сайын 20 мыңға артып отыр. Үш ауысымды мектептердің азаймауы осы демографиялық жағдайға да байланысты. Сондықтан біз келесі жылы 1500 орындық 6 мектеп саламыз. Қазіргі кезде 17 мектептің құрылысы жүріп, біразын пайдалануға бердік. Бүгінгі күні Жамбыл ауданда үш ауысымды 7 мектеп бар. Алдағы уақытта бұл мәселені де шешетін боламыз", – деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Қонақтар ғимаратты аралап, мектеп директоры Айман Кенженбаева оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен таныстырды. Химия және география кабинеттеріндегі заманауи құрылғылар, ағылшын тілінің лингафонды кабинеті, бастауыш сыныптың сапалы көрнекіліктері балалардың уақыт талабына сай білім алуына қызмет етпек. Сол сияқты 13 тігін машинкасы қойылған шеберхана да оқушыларды қол еңбегіне баулиды. Ғимаратта 100 орындық асхана, баскетбол, волейбол басқа да спорттық ойындармен айналысуға мүмкіндік жасалған заманауи спорт зал бар. Спорт залда оқушылар мен мұғалімдерден құралған екі команда волейбол ойынын көрсетті.

"Оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де спортпен айналысу аса маңызды. Сондықтан мұғалімдер жұмыстан кейін спортпен шұғылдануы керек. Біз әрбір аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салып жатырмыз. Бүгінге дейін осындай кешеннің 9-ын тұрғыздық. Тағы 7-еуін саламыз. Талдықорғанда жуырда олимпиадалық стандартқа сәйкес жабық жүзу бассейні іске қосылады. Біз шаралардың барлығы бұқаралық спортты дамыту туралы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, халықтың денсаулығын нығайту мақсатында атқарылып жатыр", - деді Амандық Баталов.

Атап өтсек, Қасымбек ауылындағы бұл нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінді. Бұған дейін 520 орындық мектепте 1100 бала оқып келген. Жаңа ғимараттың салынуына байланысты мектептің мүмкіндігі тағы 300 орынға кеңейтілді. Жыл басында Жамбыл ауданындағы 62 мектептің 10-ы үш ауысымда оқытатын. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 7-ге түсті. Оны азайту мақсатында жұмыстар әлі де жалғасады.

Ал жалпы Жамбыл ауданын дамытуға 2019 жылы 8,2 млрд теңге бөлінсе, 2020 жылы 9,7 млрд теңге қаражат берілді.
Просмотров материала: 1 106

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 157 997 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 157 817 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 157 451 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 157 492 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 157 785 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 286 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 431 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 623 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 389 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 574 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 410 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 350 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 062 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 926 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 754 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 912 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 038 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 704 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 077 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 806 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 813 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 655 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 495 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 757 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 698 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 210 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 644 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 531 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 788 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 124 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 533 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 511 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 552 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 494 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 730 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 876 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031