22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үш ауысымды мектеп: Бұл – қала іргесіндегі ауылдардың басты түйткілі

Үш ауысымды мектеп: Бұл – қала іргесіндегі ауылдардың басты түйткілі


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Қазақстандықтардың әл-ау­­қа­тының өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жол­дауында «Білім алудың қол­же­тім­ділігін арттыру мақсатымен оқу­шыларға орын жетіспейтіні, мек­теп­тердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу пробле­малары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арнал­ған бюджеттен қосымша 50 мил­лиард теңге қарастыруды тапсыра­мын» деп атап көрсетілген бола­тын.

Жергілікті жерлерде шын мә­нінде ұлт болашағын қалыптас­тыруға тіке­лей қызмет ететін білім ошақ­тарының ішінде үш ауы­сым­ды мектептердің ахуалы алаң­датар­лықтай. Ақмола облы­сында 11 мектеп үш ауысым­мен жұмыс істейді. Осы білім ошақ­тар­ындағы әуел баста 4637 оқушыға шақталған орында биылғы оқу жылында 14867 оқушы қысылып-қымтырылып білім алуда. Тіпті есепті орыннан үш есе­ден артық оқушы білім алып жат­қан жайлар да бар. Бала саны ша­мадан тыс көп білім ошақтарындағы жағдай дабыл қағарлық деңгейде.

Алдымен облыс орталығында қалыптасып отырған ахуал туралы сөз сабақтайтын болсақ, үш ауы­сыммен жұмыс істейтін мек­тептердің жылдар бойы қаншама қиын­дықты бастан кешіріп отыр­ғандығын айтуға тиістіміз.

Ор­талықтағы №1 орта мектеп өткен ғасырдың сексенінші жылдары пайдалануға берілген. Сол уа­қыттан бері жақсы дәстүрлер қа­лыптасқан, сапалы білім үрдіс­тері­мен қала тұрғындарының құр­­метіне бөленген білім ошағы. Мек­­теп әуелде 419 оқушыға лайық­­талып салынса, қазір мұнда 1880 оқушы білім алуда. Былайша айт­қанда, төрт еседен жоғары.

– Бала санының күрт көбеюі ауыл тұрғындарының облыс орталығына көшіп-қонуынан болып отыр, – дейді Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов, – 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып, үш мектептің жанынан қосымша ғимарат салу межеленуде. Қала­да­ғы №6 мектеп-лицейі мен №13 мектеп-гимназияға да дәл осындай жағдай жасалмақ. Білім бөлімінің басшысы айтып отырған №6 мектебі 462 оқушыға лайықталып, 1973 жылы пайдалануға берілсе, қазір мұнда 1635 оқушы оқиды.

Енді дәл осы мектептердегі жағдайды көз алдыңызға елестете беріңіз.

Біздің ойымызша, бұл да бүгінгі қалыптасып отырған мәселені түбегейлі шеше алмайды. Тығырықтан шығу үшін облыс орталығында жаңа мектептер салу керек. Бұл мектептердің дені жергілікті ұлт тілінде тәлім-тәрбие беретін білім ошағы болғаны жөн.

Білімнің қара шаңырағы саналатын Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында көптеген оқушы қаланың қияндағы шағын аудандарынан келіп оқып жүр. Олардың арасында бастауыш сыныптың оқушылары да бар. Қыстың көзі қырауда қатынау да қиын. Үш ауысымды мектептерге түскен салмақты жеңілдеткен кезде осы мәселені ескерген дұрыс.

– Отбасымызда үш кішкен­тайы­мыз бар, – дейді қала тұр­ғыны Динара Нұрташева, – бәрі де бастауыш сынып­тар­да оқиды. Таңертең кішкен­тайы­­мызды қолынан жетектеп апар­сақ, екіншісін сағат 11-дің кезін­де жеткізуге тиістіміз. Ал үшінші баламыз екінші ауысымда оқиды. Кішкентай балалар бол­ған соң жолдан өте алмайды. Әрқай­сысын апарып, алып келу керек. Өзім жұмыс істеймін. Бар күнім бала жетектеумен өтеді.

Күнімен қайта-қайта жұмыстан сұрана берген соң қадірің де кетеді. №6 мектеп-лицейінің директоры Айшолпан Самбаеваның айтуына қарағанда, ең басты қиындық пән кабинеттерінің жетіс­­пеушілігінде. Қаланың бұл аймағында көпқабатты үй­лер­­дің салынуына байланыс­ты бала­лардың да саны арта түскен. Қазіргі тәртіп бойынша ата-ана­лар балаларын қай мектепте бер­гісі келетіндерін өздері таңдай­ды. Мектеп-лицейдің әр білім жы­лындағы табысы толымды болған соң балаларын осында беруге тілек білдірушілер де көп екен.

Оқушы балалар санының күрт көбеюінің бір себебі, ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасы айырмашылығының алшақтығында. Бауыр еті балаларына заман талабына сай білім бергісі келетін ата-аналардың бір шоғыры жеткіншектерін қалалық жерде оқытуға ұмтылуда. Тіпті кісіге күні түсіп ет жақын туыс­та­рының үйіне орналастырып оқытып жатқандар да аз емес.

Бұл үшін әрине, ата-аналарды ешкім де кінәлай алмаса керек. Ендігі заман ІТ-технологиясын меңгергендердікі. Осы жайды көзімен көріп отырған олар да ұрпағының жан-жақты білім алып жетілуін қалайды. Астананың іргесіндегі Це­ли­н­оград ауданы көшіп келіп қоныс­танып жатқан халықтың көптігінен бірқатар әлеуметтік-тұрмыс­тық мәселелері қорда­ла­нып қалған жер. Сол мәселелердің ішінде білім ошақтары да бар. Оқушы балалар да көп.

Мәселен, осы аудандағы Семеновка №11 негізгі мектебі 70 орындық болса, үстіміздегі оқу жылында 149 оқушы білім алуда. Ал Қоянды орта мектебі 900 орындық болса, онда 2783 оқушы оқиды. Шұбар ауылының тұрғындары да дәл осы қиындықты бастан кешіп отыр. Осы елді мекендегі №37 негізгі мектеп бар болғаны 58 орындық. 1962 жылы іргесі қаланған білім ошағында қазір 159 оқушы қысылып-қым­ты­ры­лып білім алуда. Оны айтасыз, Қосшыдағы №2 орта мектеп те екі иығынан ентігіп демалып тұр. Білім ошағы 1200 оқушыға лайықталып салынса, бұл жерде 3534 оқушы оқиды.

Ал Қажымұқан ауылындағы 1960 жылы салынған көне мектеп бар болғаны 67 орындық болса, қазір онда 446 оқушы оқиды.

Оқушылар мөлшерден тым көп болғаннан кейін сапа­лы бі­л­ім, саналы тәрбиенің де ақсай­­тындығы белгілі. Жоға­ры­­да айт­қанымыздай, пән кабинеттерінің жетіспеушілігі өз алдына, өзге пән­дерді талапқа сай өткізуде қиын­дық туатыны айтпаса да тү­сінік­ті. Ата-аналардың айтуына қара­ғанда, спорт залы да, асхана да тарлық етеді.

Облыстық білім бас­қар­ма­сының мәліметіне қара­ған­да, 2019-2021 жылдары рес­пуб­ли­калық бюджеттен арнайы қар­жы бөлініп, Қосшы ауылында 1200 орындық жаңа мектеп салу межеленіп отыр екен.

Сондай-ақ Шұбар ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысына да кеңейту мақсатында өзгерістер енгізілетін болады. Қажымұқан ауылында 300 орындық жаңа мектеп салынса, үш ауысымды мектептің зарын көптен бері тартып келе жатқан Щучинск қаласында 800 орындық жаңа мектеп салынады. Үміт отын тұтататын осындай жос­парлар бар.

Межеленген жоспар 2021 жылы жүзеге асқанда біршама жақсылықтың болары анық. Маңызды мәселені мәнді етіп, уақытын тым созбай шешу үшін егжей-тегжейлі кешенді жұмыс қажет.

Дереккөз: Egemen Qazaqstan
Просмотров материала: 1 697

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 261 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 093 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 734 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 758 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 066 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 474 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 651 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 718 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 906 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 052 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 431 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930