23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қоғам ашулы. Бұл сайлауда бұрмалау болса, арты шатақпен тынуы мүмкін

07 декабрь 2020, 16:17
Қоғам ашулы. Бұл сайлауда бұрмалау болса, арты шатақпен тынуы мүмкін
Енді 35 күннен соң мәжілістің табалдырығын бұрын парламентте отыру түстеріне де кірмеген су жаңа депутаттар бісміллә деп аттауы мүмкін. Бұл соңғы 16 жылдан бері тұңғыш рет өз мерзімінде өтетін саяси науқан. Саяси өмірі самарқау сабырлықпен астасып жатқан Қазақстан үшін расымен қызық сайлау болатын сияқты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Бұл жолғы науқанның басты 3 жаңалығы бар.

1. Ол Парламенттік оппозиция. 2. Әйелдер мен жастарға квота. 3. Жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау – пропорциналды негізде.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Парламенттің қазіргі орташа жасы 50-60 жас болатын болса ендігі қазіргі жастар әйелдерге берілетін квотаның негізінде парламент жасарады.

Оппозициялық күштер көшеде шерулетпей, билікке биік мінберден бәсекелес болуы керек.Бұл саяси плюрализмнің басты қағидаларының бірі. Бірақ елдегі оппозициялық Жалпұлттық Социал Демократиялық партиясы биыл да сайлауға қатысудан бас тартты. Енді сұрақ. Парламенттік-Оппозиция кім бола алады?

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Ауыл партиясы мен Адал партиясы осы алдағы бір айда үгіт насихатын кең жүргізетін болса осы партияларға жаңағы өзіңіз айтқан оппозициялық блокқа кіруге мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Сарапшының айтуынша, ауылдағы ағайынның бұйымтайын мәжіліс мінберінен көтерсең, үкіметтің құлағына тез шалынады. Ал Адал қазір күйзеліп жатқан кәсіпкерлердің мүддесін күйттегендіктен оппоненттер қатарынан табылады. Сонымен ғайыптан тайып парламентте оппозициялық күштер отырса олардың келесідей мүмкіндіктері бар.

Бір сессия яғни жыл ішінде кемі бір рет парламент тыңдауларын өткізуге бастама көтеру. Осы уақытта кемінде екі рет үкімет сағаттарын шақыруға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ фракция жетекшісі мен партия төрағасына парламенттің пленарлық, палаталардың бірлескен және комитет отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен жұмыс топтарында шектеусіз сөйлеуге кепілді құқық беріледі.

Қазбек Майгелдиновтың айтуынша билік партиясының орталық аппараты заманауи, ал өңірлерде науқаншылдатып жіберу үрдісі әлі де бар. Енді осы олқылықты толтырудың бір жолы мәжілісте ғана емес, мәслихаттарға да өзге партиялар кіруі тиіс.

Есенжол Әлияров, саясаттанушы:

Жаңадан келген президенттің кезіндегі бірінші үлкен науқан. Өткен науқандарға қарағанда өзгешелігі жаңағы мәслихаттарға да пропорционалдық жүйесі.
Жергілікті мәслихаттарда саны аз болса да әйтеуір әй дейтін әже, қой дейтін қожа керек. Мәжіліске де. Сонымен кандидаттар санына келсек.

Нұр Отан – 126, Қазақстанның халықтық партиясы – 125, Ақжол – 38, Адал – 20, Ауыл – 19.

Тек қоныштан баса отырып нәтижені бұрмалау, дауыс ұрлау сияқты әрекеттер қайталанбаса игі еді деген үміт көптің көкейінде.

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:


Көзі ашық көкірегі ояу азаматтар шын мәнінде адал, ашық әділ сайлау өткізуге атсалысатын болса, бұл жаңағы өзіңіз жоғарыда айтқан бұрмалаушылықтардың төмендеуіне алып келеді.
Есенжол Әлияров, саясаттанушы:

Көршілес елдерде кейбір кезде бізге дұрыс көзбен қарамайтында. Осылай қырғыздарда сайлау болды, арт жағы шатақпен бітті. Белоруссияда сайлау болды, ол да шатақпен бітіп отыр. Менің ойымша біздің елдің көзқарасы, сайлаушылардың сабырлығы, толеранттығы бар сияқты. Сол себептен менің ойымша заңды, тәртіпті болады.
Тәртіпті болады, бірақ талап та күшті болуы тиіс. Бұл халық алдындағы жауапкершілікпен қатар партиялардың өздеріне деген талап.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

2020 жылғы Қазақстан қоғамы ол 2010 немесе 2000 жылғы Қазақстан қоғамы емес. Біздің халық өзгерді, қоғам өзгерді. Мысалы соңғы кезде белсеніп шыққан партиялардың кейбіріне сұрақты қойып жатыр, сіздер бұрын қайда болдыңыздар, неге шықпайсыздар деген секілді. Қазір кім жұмыс істейді, қай партия халықпен етене араласады, сол партия жеңіске жетеді.

Просмотров материала: 1 076

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 409 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 241 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 881 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 905 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 214 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 659 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 728 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 917 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 061 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 441 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 325 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 356 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 458 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 655 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 322 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 270 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 171 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 367 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 695 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 099 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930